Мойындау немесе менің асабалығым...
Тас атсаң тамадаға тиетін заман болып тұр ғой. Өзін керемет қылжақбаспын деп санайтындар КВН ойнап, әнші санайтындар әншілік пен асабалықты қатар ұстап кеткенін мойындау керек. алдында «Дабайда» да жаздым ау деймін бұл жайлы. Асабаға еріп әнші болып жүрген жігіттер ақшаны көп табу үшін асабалықты да қоса алып кетіп жүр.Көп ондайлар.Немесе асабалықтан ас тауып жүріп әншілікті меңгеріп жатқандар да аз емес. Дарыны симай бара жатса кім тоқтатсын оларды.
Иә, жарнамам ілінді мына сайтқа. Мен қандай асабамын? Осы сұрақтың төңірегінде сіздерге ашық әңгіме бастайын.Менің әкем ауданға белгілі асаба. Ол кісіден жақсы баға алған асабалар шамалы негізінде. Казіргі жын соққандарды жақтыра қоймайтын.Міне, жай өмірде қалжыңдай бергенімізбен тойларды салмақты басқаруға тырысамыз. Саммита және басқаларыңыз ойлағандай күн құрғатпай немесе сенбі-жексенбі той алып, мұрнымнан қан кетіп жүрген жоқ. Мен жылана қырса 5-6 той басқарамын.Оның өзінде жақсы танитын жолдастарым өтінсе ғана. Оған не себеп?
Асабалықты алып кеткен жолдастарым ақшаның көтіне шындап түсті. Айтатындары ақша. Аптасына тек тойдан 40-60 мың кіргізсе де жарымайды, жетпейді. Аптасына емес айына сондай ақша кіргізсе де тақияға тар емес қой егер қосымша жұмыс ретінде қарасақ. Жоқ, олар бұны мамандық қылып алған. айына 100 ден артық кіргізеді. Ал, Қарағандының ақша бағамымен ол аз ақша емес. Сөйтіп жүріп не үйлері, не машиналары жоқ, отбасыларында берекесі жоқ таныстарым көп.Мен ойландым, осы маған керек пе? Немесе, болдым, толдым деген таныстарымды қарайын. Не жетпейді соларға. сонда да ақшадан өлгендей жүгіреді де жүреді. Сонда да үйінде қонақты дұрыс қабылдай алмайды.
Мен тойды жақсы не жаман басқарам деп кесіп айта алмаймын.Өзіндік деңгейім бар. әр тойға мұқият дайындаламын. Қыз қай жақтан, жігіт қай жақтан. Екі рудың, екі ауылдың шежіресін зерттеймін.Аңыз әңгімелерінен үзінділер келтіремін.Құдаларға қарама-қарсы жағын жақсы білу үшін бұндай әңгімелер керек. Арасында әрине өлеңдер оқып, әзілдер жіберемін. Тым бір сарынды ұстауға әсте болмайды. Бір кісінің ұлының тойын басқардым. Ұнаған болуым керек екінші ұлының тойын және кенже қызының ұзатылуын басқартқызды. Екі кластасымнын тойын басқардым. 21 мамыр бір кластасым өтінген соң баласының бір жасқа толуын басқармақпын.
Жалпы ақша көбейген сайын сұраныстың да артатыны белгілі. Бірақ бұның бәрі қолдың кірі ғой. Біреулер қазіргі менің жағдайыма жете алмай жылап жүр деймін де қоямын.
Ал, менің асабалығымды Алматыда біразыңыз байқадыңыздар. Біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей деңгейдеміз.

Тізесі шығып кеткен әзілді айтып күлдіре алмайтын асабалардан күйіп кетемін. Қызмет еткен соң іздену керек.
— Казір ана әнектен кейін мына шумақты айтып болып биге шығарады — деп отырасың.
«Мәнсіз 1000 той өткізгеннен мәнді 10 той өткізген @a63a1»
— Зор өтті…
— Қай жері зор болды
— Білмейм, арақ мол болды, төбелес жоқ… соңына жетпей мас боп қалды я көбі, зор болды — деп қоясың.
/3 жылдан бері болып жатқан ауылдың тойларындағыдан тек құдалардың киімдерінде ғана өзгеріс болды — десең ренжіп қалса/
Ағамның тойы не в счет же)
Негізі анайы әзіл мен ойын ұйымдастыратындарды түсінбеймін…
Бір құрбым ұзату тойына деп он шақты асабаның видеосын көріп шықтым деген… ужас дедім ғой…
Тойдың сәні асабада екені рас. Жақсы асаба болса, табағыңа да мін жоқ))
Мейрамханаға барғанда, асабаның әйел екенін байқай сала — санамды сонау кеңес өкіметі кезіндегі активисткалардың жанкешті белсенділіктерінен зәрезәп болған кездерім билеп кетті. Қойшы әйтеуір, белгілі уақытта (қой қоралау деген болмайды екен) орнымызды тауып жайғастық…
Ондай асабаны әлі көре алмадым. КЕРЕМЕТ. Сол бір сүйкімді жан кәсібіне кәсіби көзқараспен қарайтыны белгілі болып тұр. Нағыз шығармашылық… Асабалық — өнердің кестесі ме деп қалдым. Әттең ай, әттең — майын тамызып әсерлеп жаза алмаймында…
Әдетте біз көрген тамадалар құда-құдағи, туыстар жайлы ақпаратты тойға 5 минут қалғанда апыл-ғұпыл жазып алып жатады ғой. Сосын тұрады шатыстырып «кешірім сұраймын» деп.
Інімнің халал тойын бауырымыз Арман Бердалин өткізді, өте ұнады. Бәрі орнымен, суырып салма жырларымен жалпы күшті болды.
Субординацияны сақтамайӘзілдері де кезекші әзілдер. Сол ғой Абіләкім ағаға кезекке тұрып жүргенім. Басқа жақтан басқа адам келіп, халықты таңқалдырсыншы деп.
Тек кеңк-кеңк деп күліп жүрмесе болдыАльмираның бетін ашқан жігіт осы Шымберген болатын. Әрі понт әрі жарнама боп кетті
«Дастан» деп отырғанды сен түсінбейсің, ал сол жерде жиналған әлеумет өзінің ата-бабалары жайлы естігеніне қуанышты болды, тойға көзі жетпей кеткен әкеміз жайлы айтқандарына, жалпы әр адам жайлы ақпараттанғанына мәз болды. Ол жерде енді чисто кландық приколдар да кетті сырттан келген адам түсінбейтін. Және шалқарлық жігіттің сол кландық приколдарға қанық екеніне тәнті болдық.
Сен батыс қазақстанның бет ашарларында болмаған шығарсың, кіші жүздердің бет ашуы сондай болады, Гүлшат
Ол жақтың халқы кландық приколдарға мықты ғой жалпы. Жақсы жағынан айтқанымда
Мен естуімше Шалқардан әлгі жігіт.
Мынаусы несі:
www.kinfo.kz/news/2010-12-29
қабыл алыңыз @sammita ханым!
Еркін кейбір иірімдерін Жетісайлық ана бір келіншек әнші… гитарамен айтатын… соған келтіргендей болып көрінді.
Аралдан екенін естігем. Өзі де айтты Шалқарға көшкенін. Дастан туралы айтар болсам, орындап жүрген термелері өте керемет. Естуімше қосымша ат баптайды екен.
мектепті Аралда оқыпты да е.