Бүгін халықаралық PR-шылар күні


Бүгін халықаралық PR мамандарының күні екен. Бір қызығы халықаралық деген Қазақстанға жүрмей ма, елең етіп, тойлаған сала мамандарын көрмедім.
Таң ертең ұйқыдан телефонның қоңырауы оятты.Анам екен.Мерекеңмен дегенге аң-таңмын. Сөйтсем, Қазақстан телеарнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасы осы күнге орай арнайы сюжет, әлде сұхбат беріпті. Анам соны көріп звондап тұрған беті екен. Қысылып қалдым. Білмегенім қызық болды. Жалпы бұған дейін бұндай күн аталып өтілген емес.
Интернеттен іздеп едім. Google де еш ақпарат бермеді. Жұмысқа келе жаң-жаққа қоңыраулаттым, бірге оқыған қыз-жігіттерден бастап, банктердің пиар қызметтеріне дейін. Көбі білмеді. Білетіндері PR мамандарының Қазақстандағы күні — 15 мамыр. (бұл күн де ресми бекітілген жоқ) Бұйырса 2 күннен соң. Таңшолпаннан басқа ешкім ақпарат бермеді. Твиттер мен мой мирдың шағын блогына жазып едім, ондағы пиаршылар да үндемеді. Тек қарапайым елден құттықтау мен сұрақ көп келді. Гуглдың «Тірі лентасы» арқылы кәдімгі өзіміздің Аидадан келді бір сұрақ, «Aida Kali — құтты босын!:) қазақ тілді PR-щиктер көп пе?»- депті Аида. «PR-дың атына қызығам, сол туралы жазыңызшы»,- деп қиылды мейл рудағы бір досым.
Жауаптан бұрын пиар туралы аз-кем ақпарат. Жалпы пиардың нақты бір анықтамасы жоқ. Неше түрлі анықтама беруге болады. Сан-салалы. Пиарщик — жарнама жасаушы. Пиарщик — адамның, компанияның т.б имиджімен айналысушы, имиджмейкер деп жатады кейде, Пиарщик – саяси науқандарды ұйымдастырушы- саяси технолог деп жатады. Пиарщик – БАҚ-пен байланысты жүзеге асырушы, комапанияның немесе жеке адамның ақпараттық саясатын жүзеге асырушы, пиарщик – қоғаммен байланысты жүзеге асырушы, пиарщик – конфликтлердің алдын алушы. Осылай кете береді.Қысқаша айтсақ адамды, компанияны, өнімді табысқа жеткізу, жарнамалау қызметі. Маркетинг, менеджмент, журналистика, саясатпен тығыз байланысты сала. Кейде компаниялардағы пиар бөлімдері маркетинг, менеджмент, баспасөз қызметінің астында немесе осылардың үстінде құрылып жататыны осыдан.
Аидаға жауап: — Бар, бірақ өкінішке орай қазақ тілді пиарщиктер комапниялардың пиар қызметтерінде аудармашылық қызметпен ғана айналысып жүр. Жалпы, Хит тв арнасындағы Қазыбек Қасым – пиарды бітірген, Хабар арнасындағы Ринат Кертаевтың мамандығы пиарщик, бірақ өкінішке орай журналистикада жүр. Бізбен қатар Нұрлан Өнербаев ағамыздың қызы оқыды. Банктердің пиар бөлімдерінде қазақ тілді пиар мамандары бар. Бірақ, қазақ тілді міне мына маман бар дейтін ешкімді көре алып отырғам жоқ. Жалпы Нұркен Халықберген, Майраш Тайкенова, Қуат Домбай сынды бірнеше мықты пиар мамандары бар. Бірақ, олар орыс тілді, таза қазақ тілді пиар мамандары емес. Жалпы, Қазақстанда қазақ тілді, қазақы ойлы пиарщик болуға мүмкіндік жоқ. Ол 100 пайыз қазақша сөйлейтін жерде болмаса. Компаниялардың барлығында құжаттар да, идеяларды орысша ойлайтындар тудырады, орысша жүргізіледі, орыс тілінде ойлайтын мамандар… Сондықтан бәрі орыс тілді мамандардың ойлауымен жасалады да, соны қазақшаға аударып қояды. Сондықтан бізде орыс тілді пиар, орыс тілді пиарщиктер ғана бар десек болады. Бірақ орыс тілді пиарщиктердің өзі Ресейдің қасында жіп есе алмай қалатыны тағы бар. Әсіресе саяси пиар, саяси технология, имиджмейкерлік бойынша. Дәлел Президентік, парламенттік сайлау науқандарында Ресейлік немесе шет елдік пиарщиктер жалданып, қалтасы қампиып жатады. Бізде көбіне жеке компанияларға экономика, бизнес саласындағы пиарщиктер беделділеу.
Пиарды оқытуға келсек. Бұл мамандық бір ашылып, бір жабылып жүр. Оқу базасы нашар, білім беретін кәсіби маман да, оқулық та нет. Дәлел ҚазҰУ-дың журфагындағы арнайы кафедрада бір кәсіби маман жоқ. Өзіміз журфактағы филология ғылымдарының кандидаттарының алдынан пиарщик деген диплом алып шықтық. Бұл ретте орыс тілінде оқитын студенттердің жағдай жақсырақ. Қазақстандық болмаса да Ресейлік оқулықтарды оқи алады. Орыс тілді Қазақстандық мамандар бар. Сосын орыс тілінде Қазақстандық кітаптар да пайда бола бастады. Қуат Домбайдың «PR без понтов» атты кітабы бар. Қазақшасын шығарам деген, біарқ әлі қолымызға түсіре алмадық. Мен өзімше осы саланы 6 жыл бекер оқыдым ба деп, 2 жыл бұрын «Пиар білімі: теориясы, тарихы және қазақстандық тәжрибе» деген кітапты бастағам. Бітіп қалған сияқтымын, бірақ Қазақстандық тәжірибе бөлімінде түк жоқ. Биыл докторантураға түссем диссертация ретінде осы кітапты бітіріп, шығаратын шығармын. Өйткені дұрыстап жазуға, зерттеуге мүмкіндік болады. Қазір ол салада істемейтіндіктен, кухнясында пиаз аршып жүрмеген соң сапасы ноу болуы мүмкін. Мыжып кеттім. Тағы бірде жазармын.Күллі әлемдегі әріптестерімді мерекелерімен құттықтаймын!
Бөлісу:

16 пікір

konvict
ПР-дың не екенін білгенмен, ол туралы мәліметім аз. Сенің жазғаныңды оқып та ештеңе түсіне алмадым. Сонда ПР мамандығын оқығандар не жұмыс істейді? сосын сені анда іздеп қырылып жатыр.
Erbol
konvict пиарды бір жазбамен түсіндіре салу қиын.Тағы бірде асықпай отырып, түсінікті қылып жазармын. Ахи туралы не шу болып жатыр.
konvict
Білмедім, оның жоғалып кеткенін сенен көріп жатыр ма, сондай бірдеңке
Erbol
Жоғалғаны несі.Қап, мен дос болсам деп жүр едім.
asaubota
Пиар аздықтан ғо ешкімнің білмей жатқаны
Erbol
Осы жазба да Ахи екеуміз туралы болып кетіп жүрмесінші, өткендегідей деген қауіп бар. Пиар туралы ғой тема, пиар туралы, аз-маз ауыз тиіп отырыңыздар.
asaubota
пиар ісімен айналысатындарды не деп атайды? пиараст па пиарист пе? жалпы пиар аз болғасын ғой сұрап жатқанымыз.
Erbol
))))) Пиарасың қиын екен. Ондай атаудан құдай сақтасын. Пиарщик дегенді пиәншік деп қалжыңдап жатушы еді. Пиарастың, пиарастың мынаны Сатыбалдының терминдеріне қосып қою керек екен.))) Серьезно атаулары пиарщик, қазақша пиаршы, пиар маманы, пиар менеджер, қоғаммен байланыс маманы, бұқарамен байланыс маманы.Универде журналистикадағы жігіттер қоғаммен ерегес мамандары келе жатыр деп қалжыңдаушы еді.Негізі дұрыс қалжың пиарщик қоғаммен оң байланыс қалыптастырмаса қоғаммен ерегес болып кетеді. Онда сен жарнамалайтын өнім, адам, компанияның наққа кеткені.
asaubota
@Nurgisa құрдасымнан үйренгенім ғой ол сөзді.

мейрам екенін білмей қалғандарыңа қарағанда нағыз пиар аз мамандық екен :)
Erbol
)))) Халықаралық деген Қазақстаға жүрмейді. Мені қойшы осы саладан нан жеп, су ішіп, ошағына отын салып жүргендер неге білмейді таң қалам. Әлде Таңшолпандықтар өзінше мереке жасап отыр ма, «жанр дағдарысына» ұшырап.
monti
такс, менің кішкентай ғана сұрағыма үлкен пост қылып жазғаныңызға рахмет :)
соңғы айларда осы саладағы кітаптар қызықтырып, оқып жатқан жайым бар.
мен орыс тілді форумдардан, қазір тіпті тек инеттегі ПИАР жайлы тыңдап/оқып, КЗда соншалық қатты дамып кеткені ме? деп таңқалдым. Әрине КЗлық мамандардыңда сіз айтпақшы, Ресейді артықтау көретін пікірлерін оқып қаламын… Онда да тылсым өнер ғо. жан/жақтылық, байланыс дегендей.
Сіздерді оқытқанда оқытар маман жоқ дегендей болдыңыз, кім оқытты сонда? :) қалай диплом алдыңыздар?

Қуат Домбайдың кітабы қазақша варианты, Меломан желісінде бар.
Кітап тым қысқа сияқтанды… неге үлкен етіп жазбасқа. Өзі ЦТ сайтында жауап беріпті, бастаушы пиарларға арналады деп. енді бастаушыларға арналған екен. үлкен хрестоматия етсе деген ойда қалдым…
Erbol
Бізді универсалдар ғой оқытқан)))).Аида бізді кім оқытпады дейсің, филология ғылымдарының кандидаттары, заң ғылымдарының докторлары, пиар туралы мысал айтса Шалқар радиосын қоса беретін ағайлар, пиар туралы мақала жазса Шалқар радиосының менеджменті туралы жазатын апайлар… Негізгі мұғалім- сол Ресейлік, шет елдік кітаптар. Қуаттың кітабының орысшасын оқып шыққан соң қазақшасын оқуға «желание» жоқ.Орысшадан аударма болған соң өзің айтқандай тым қысқа.Сондықтан орысшасын оқу дұрыстау шығар.Бірақ пиарға қызыққандарға оқуға кеңес берем, бірінші кітап деген аты бар. Меніңше үлкен хрестоматиядан гөрі қысқа нұсқаулық керек сияқты. Нақты-нақты, жол ережесі сияқты. Хрестоматия деген соның соңынан қуып, ғылыми жұмыс жазам, бір компанияның пиар қызметін басқарам дегендерге керек. Ал, жалпы пиарды өз жұмысына, қызметіне, ұйымының жұмысына пайдаланам дегендерге семинар, тренинг, сондай қысқа анықтамалықтар да пайдаға асып қалады. Айтпақшы Қисық екеуміз Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арнап «БАҚ пен байланыс, Пиар қызметін жолға қою» туралы тренинг өткізбекпіз.Өйткені көп өқоғамдық ұйымдар өздерінің жұмыстары туралы ақпаратты тарату, жарнамалауға қиналады. Келем деушілерге ләппай.
monti
Айтпақшы Қисық екеуміз Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арнап «БАҚ пен байланыс, Пиар қызметін жолға қою» туралы тренинг өткізбекпіз
тегін бе? онда мені жазып қойыңыздарЧ плз )))
Erlan
Жәнеде 12 мамыр -халықаралық медбикелер күні!