"Адалдық өткелі" әні
Адалдық өткелі
Сөзі: Ақмарал Леубаева
Әні: Жарылқасын Дәулетов
1. Сүйетініме шүбәм жоқ,
Сүймей ме деген күмән көп.
Түстім бе деген тура жол,
Көрінбейді тұман боп.
Қайырмасы:
Бақытқа толы мұң-кесем,
«Жалған» дер дұшпан «шын» десем.
Қай жаққа болсын кетер ем,
Қолымнан ұстап «жүр» десең.
2. Көзіңді жұмып тұнығым,
Соңымнан ерші, құлыным.
Өзгелер қолы жетпеген,
Өзіңмен өтсін ғұмырым.
3. Тағдырға сенбей болмайды,
Шын бақыт екі қонбайды.
Адалдық дейтін өткелден,
Көп адам өте алмайды.
ПыСы: @TERISKEY рахмет әнді бергеніңе:)
Біз жақсы ниетпен түзетеміз негізі деймін дә:))
Қолыңнан ұстап «жүр» десем!
Ең — едің сөзінің қысқартылып айтылатын және жазылатын түрі!
Түзетсеңдер, дұрыстап түзетіңдер!!!
Қолымнан ұстап «жүр» десең.
«Ем»-«едім» сөзінің қысқарған түрі.
Автор өзі туралы айтып отыр ғой. Түзетуден бұрын мәтінге өзгеріс енгізу сияқты бұныңыз.
Сөздерін өзім жазғандай„........„-дұрысы деудің орнына „..................., сияқты дұрысы, деуім керек екенін, посттың иесі келгенде ғана ұқтым. Шамыңды жағып жіберсем айып пұл сұрай көрме — ………