PETA-ның акциялары
PETA — Жануарларды қорғау ұйымы. Өткен жылы әлемнің түрлі жерлерінде бірнеше акция жасаған екен. Соларды қарап өтейік:
Олардың ойынша вегетариандар етжегіштерге қарағанда секспен жақсы айналысады.
Лондонда ақпан айында! өткен акцияға екіқабат әйелдерді шақырыпты, мақсат — ет үшін жануарларды өлтірмеу.
Ал мынау Испанияда, корридаға қарсы акция.
Ливанда басқа мәселе құрып қалғандай PETA ливандықтардың жануарлардың жыныстық қатынастарын, артық көбеймеулерін қадағалауын сұрайды.
Нью-Йорктағы етке қарсы акция. Өліктің етін жеп жүрсіңдер дейді олар :)
McDonald's-ке қарсы «балапандар».
Таиландтағы жылан терісін қолданушыларға қарсы акция.
Мына акцияларына енді қол шапалақтадым. Танымал дизайнер Донна Каран өнімдеріне қоян терісін қолданғаны үшін PETA мүшелері Донна Каранның Facebook-тегі бетіне шабуыл жасаған. Әр қайсысы аватрларына бір-бір әріптен алып, бірінен кейін бірі жазып кеткен. Нәтижесінде DK Bunny Butcher (ДК қоян қасабы) деген сөз шығады.

Жалпы, рационымызға қанша жерден химикат араластырмауға тырыссақ та, «табиғи» деп өлердегі сөзін айтып сатқандарының орауыштарында неше түрлі «Е»-лер өріп жүретіні бар. Қиын мәселе. Тіпті, егістікте де дендеп кетті егін бітік шықсын деп, берімді күрт молайту жолында шектен тыс силитра тектесті кәдеге жарату.
Қызанақтар бар супермаркеттерде: көз үйреніскен үлкендеуінен гөрі дәмі шын қызанақтыкіндей Черрилер қымбаттау. Таза табиғи өнім әсіре қымбат болатын заман бүгін келіп жеткен дерсің. Неңді жерсің…
Өзіңнің шағын жер үйің боп, азын-аулақ бау-бақшаңа өзің ексең-ау. Өрігің де таза, алма-алмұртың да. Малыңа таза жем-шөп беріп, жер етіңді де бабымен келістіресің.
Ал жануар етін жеуді доғару бола қоймайды меніңше жақын жүзжылдықтарда. Бұл мәселеде адам мен жануардың өмірлік циклы біте қайнасқан сықпытты: мал төлдегесін, өсіп-өнгесін, еті адамның қажетіне жарамай қайтсын. Ысырапшылдық та көне салатын игі іс емес, мысалы.
Ал «ет жесең тісіңе, жемесең түсіңе кіреді» деп мысқал тастаушылардың әлгі түске қарата айтылғаны — ол да оңай емес. Жүгіртпе жолда «Соғым» деп қысқа-нұсқа қайыра салады. Бұрындары еді, тек таныс-жаранның ғана бордақыланғанынан алушы едік соғымды. Қазір бәрібір. Айлыққа дейін береді екен. Тегін!
«Етсіз қазақ — шексіз азап» деген шарқ ұрған жан айқайымызды естір жан болсайшы…
Леди Гага Лос-Анджелесте MTV наградасын алу салтанатында еттен жасалған көйлек киіп осы PETA-ны шошытқаны бар еді былтыр.
"… ет жемесең май же, май жемесең мый же!" бәрі де ұмытылады… :)