Кристофер Ноланның "Бастамасы" /"Начало" / - рецензия
Ұйқтасам, өңім екен © @satibaldi
2010-жылы шыққан «Бастама» /Inception/ фильмін жуырда ғана қарадым.
Спецәсерлері үйлесімді, мықты. Сюжеті бұралаңқы, күмән күдік дәмдеуіштері қосылған, көзі тірі біртуар генийлердің бірі ұлы композитор Ганс Циммердің керемет дыбысты композицияларымен әрленген, былай қарасаң қай жағынан да жан жағы жұмыр сәтті шыққан ғылыми фантастика. Көбіміз Дикаприоның драматикалық диалогтар («Ромео мен Джульета») мен көзіне жас алып сөйлейтін көріністерді қатырып ойнайтынын «Титаник»,"Өзгерістер соқпағы" фильмдерінен хабардармыз, және реті келсе сабырдан аттап айғайлап жіберетін есерсоқ азарттылығын да сол баяғы «Өзгерістер соқпағы» мен «Авиатордан» көрдік.
Бұл жерде де Дикаприо драмматикалық рөлін өз деңгейінде ойнай білді. Сюжеттік қатары шытырман, қызықты, алғашында күрделі көрінгенімен біртіндеп кейіпкерлермен бірге хикаяның қыр сырларына қанып, түстің терең әлеміне бойлағандай әсерде боласың. Бірақ анау айтқандай, ойбай ең мықты фильм, «кинематографтың асқар шыңы» деген теңеулерден аулақпын. Ондай теңеулерді айтатын адамдар әдетте киберпанк дәуіріндегі шедеврлардан бейхабар болса керек. Бар болғаны, осынау адамның түсі сияқты «елден ерекше» тақырыпты нысанаға алған Кристофер Ноланды («Қаратүнек серісі»/»Dark Night»/ ) мейілінше сыйлай тұра неге «елден ерекше» тіркесін тырнақшаға алғанымды баяндайын.
Виртуалды әлем. Ия, адам біреудің түсіне кіріп ақпарат ұрласын, матрицада агенттерді төмпештесін, ойынның ішіне еніп программалармен атыссын, мұның барлығы виртуал әлемдер тақырыбына жатады. Британиялық бір газет «Жансыз денесіне түрлі сымдар жалғап алып, дір-дір етіп жатқан адамдармен қазір ешкімді таңқалдырмайсың» деп жазыпты. Шындығында да уақыт машинасына отырып алып, уақыт белдеуімен әрілі-берілі шапқылағандар жайлы фильмдер мен вампирлер тақырыбын есепке алмасақ, виртуалды әлемдер тақырыбы өзін өзі әбден тауысқан десек те, Кристофер Ноланның «Бастамасы» бұл тақырыпқа қалың нүкте қоюға әлі ерте екенін дәлелдеді. Рахаттарыңа көріңдер.
ПЫСЫ: Бұл фильмді көру барысында, және рецензия жазу барысында маған тағы бір ой келді, өзіме ұнаған «Виртуалды әлем» тақырыбындағы фильмдердің хитпарадын жариялау. Уақыт болса, ерінбей ертең тарсылдатып тастармын.

Мен оны жақсы көремін!!!
шын, оу баста, Титаниктен кейн, анкетамызға суреттерін жапсырып, наклейкалар сатып алып кеткен едік)))
кішкентай кезімді еске салады)))
Түс ішінде түс көру деген қызық))) Менде екінші деңгей болып тұрады, үшіншісі болмаса да. Үшінші деңгей — «запущенный случай» шығар))
Бірақ үш-төрт бөліп көргендіктен бе екен, фильмнің не жайлы екенін дұрыстап түсінбей, дәмі кетіп қалды. Сол себептен мықты фильм ретінде есте қалмады. Ең ұнағаны архитекторлардың түстің ішінде жасаған әлемдері болды. Әлгі түстің ішінде архитектор қызбен экскурсия жасайтын жерлері бар ғой — сол.