Бодибилдингтің алтын дәуірі - Кейси Виатор!
Кейси Виатор Жоғары Интенсивті Тренингтің (ВИТ) насихаттаушысы. Жұрттың айтуынша, ешқашан стеройд қолданбаған, тек өте ақылды жаттығу стратегиясы мен саналы жаттығу арқылы және туа біткен бұлшық ет өсіруге бейімділіктің арқасында өз мүсінін салуда үлкен жетістікке жеткен атлет. Мына видеосында қанша жаста екенін білмеймін. Бірақ қырықтың қырқасында сияқты. Фармакологияның күшімен жүрген алыптардың қасында жүріп кезінде аса еленбеген.
Қазіргі стеройдшы монстрлармен салыстырғанда әрине майдалау. Бірақ мәселе неғұрлым үлкен болуда болмаса керек.
Қазіргі стеройдшы монстрлармен салыстырғанда әрине майдалау. Бірақ мәселе неғұрлым үлкен болуда болмаса керек.
Және әуесқой культуризм (стеройдсыз) адамның өмірін қысқартады дегеннің де негізі жоқ, тап сол сияқты культуризм адамның өмірін ұзартатыны жайлы да нақты дәлел жоқ. Тұқымқуалаушылық пен экологияға байланысты дейді өмір ұзақтығы.
Әрине мен культуристтерді бұл жерде темекі шегіп, ақаңды сіміретіндермен салысытырып отырғаным жоқ (олардың өмірі азып-тозып 60-65 ке әзер жететінін бесенеден белгілі). Қалыпты, салауатты өмі сүріп жүрген адаммен салыстырып отырмын.
Сондықтан әркім өзі таңдайды.