Сериалдың "кесірі"

Ертай досымыздың өткен бір жылдары жазып, сыйға тартқан сериалдар топтамасынан «Code Blue» жапон сериалын толық қараудың сәті тек кеше түсті. Бұл меніңше, қазір көзайымға айналған Доктор Хаустың жапондық нұсқасы деуге болады.Үзіп-жарып қараймын деп неше түрлі жағдайды көрдім, аурудың, емдеу жолдарын неше түрін танығандай болдым… Томография, УЗИ, кардиограмманы есептемегенде, ампутациясы тағы бар.
Айтпағым, сол киноның аурасына қатты кіріп кеткен шығармын, түнде түсімде мына дәрігерлер менің сол аяғымды ампутация жасағалы тұр:( ТҮСІМДЕ,әрине! «Түүүһ» деп шошынып ояндым, бетін әрі қылсын.



Сіздерде сондай әсер бола ма?
Бөлісу:

11 пікір

Zilola
киноны қаншалықты беріліп көрсем де артынша түсіме кірмейді екен.
Негізі түс көп көрмеймін, түс көруге де уақыт жоқ деп айтсам күлмеңіз :)
Zere
Анар, плиз «Біз таныған Азия» қауымдастығына салып қойшы )))
Zere
Мені Солай.де форумындағы Ербол осы кәріс сериалдарына «отырғызып» қойды. Осы сериалдарға арналған форумдарда «Сериалға кім отырғызды?» деген тақырыпты көріп күлкім келді, және өздері де кімді отырғызғандарын айтып, қызық… ))
Осы сериалды ініме (медик) айтып едім, ол бишараның уақыты жоқ қарауға ))
monti
«Сериалға кім отырғызды?»)))
мені отырғызған Ербол, Алтыградус, Зере десем)))

бірақ мына сериалдың 1-2 сериясын ғана көрдім-ау деймін, қан/больница т.б. тема да қарай алмаймын :( неге екені, бірақ сондай жанын салып ойнайды актерлер!
edige
/Бұл тақырыптағы аты аталған сериалға қатысы жоқ./
Менікі дұрыс емес шығар осы ойым. Комедиялық жанрдағы сериалдарды сөз жоқ көремін. Аздап сергу үшін әрине. Бірақ «Жылауық сериалдарға» ынтам жоқ.
Үй жай мәселесі, киім, тіршілік тамақ, оқуға түсу, балаларыңның болашағы, айлықтың кешігуі, кредит, курстың төмендеуі, кризис, баға қымбаттау, ипатека мәселесі аздай туууууууу бір Дениз де бақытты бола алмай қойды. Біздің тірлік ақыры бітеді ғой Дениз бақытты болып кетсе болғаны… Кеше қай жерінен бітіп еді...:((((((((((
Ата отыр: «Шехризад» басталғанша шамды оқып алайын"- деп
Міне біраз қауымды толғандырып жатқан мәселе. Бәлкім алары да бар шығар. «Адам өзі көргісі келгенді көруге құдіретті». Саналы жасқа келгенде ойнастық өмірді басымен өткізіп жатқан адамның өміріне жаны ашып біреу отыр… содан опыт жинап біреу отыр…
Мен көрмейм, себебі менің өз проблемам өзіме мынадан жетеді.
Zere
Жарайды, ағасы, көрмей-ақ қойыңыз.
Erkekyz
«Доктора акушеры-гинекологи» деген кәрісше нұсқасы бар. Көрмеппін, бірақ көбісі қызық деп жатыр.)
monti
хммм ана жолы инеттен осы жайлы оқып едім, чета тартпайд(((
@Erkekyz6 сенің хартыңда көп корей сериалдар бар/ау дейм а?
Erkekyz
Білмеймін, біразын көріп тастаған сияқтымын. Өткенде көшіріп алатын сериал таппай қалдым.
Zilola
Сайтымыздағы тоқымашы Еркеқыз, сериал көргенде біршама іс тындырып тастайды керісінше, Едіге ағасы сериалдың пайдасы да бар екен ескерсеңіз.
edige
:))))) Еркеқыз, иии даныыыым сол, карындасым, көре бер — дедім