Қазақ тілді интернетті қазақтарға беретін күн жетті ғой деймін...
Дәл осылай жалғаса берсе былығымыз шыға беретін секілді. Қазақ тілді интернетті қазақтар жасамайынша, ҚазНеттің қазақ тілді бөлігі дамуы қиынға соқпақ. @asaubota Аршат ағамыз айтпақшы Рунеттің бір бөлігін дамыта береміз. Осы интернетке келгелі бері талай былықтарды көріп жатырмын. Қазақтардың арасында да Қазнеттің қазақ тілді бөлігін кері тартатын қазақтар да жеткілікті екен. Оны фесбуктегі ойлары мен піклерін оқып көзімді жеткіздім. Оны осы жерде отқан қолданушылардың біразы білетін шығар, сондықтан нақты сілтеудің қажеті шамалы. Негізгі айтайын дегенім үкіметтің жанындағы қазақ интернетін дамытуға жұмыс жасайтындардың орнына Қазақтар бармай, ҚазНеттің қазақ тілді бөлігі дамымайды, жай қағаз түрінде ғана қалып қоя бермек. Баста отырып алған орыстар, өзінше Қазақ тілін білмей интернеттің қазақ тілді бөлігін қалай дамытатындығына күмәнім бар. Сөздерім шындыққа жанасуы үшін қарапайым мысалдар келтірейін!
Ивановты ауыстыра алмай талай мәрте хат жаздық, айқайладық онымыздан түк шықпады. Ахметов, Ержанов немесе т.б. құрып қалғандай. Ол үшін Қазақстанның Электронды порталына кіріңіз. e.gov.kz/ Сонда тіркелу батырмасын шертіп, келісім шартты мақұлдап тіркелу дегенді бассаңыз мысал ретінде мына суретті көресіз.
Электронды портал өздері айтпақшы 5 жыл толған екен. 5 жыл бойы бізге Ивановты мысал етіп келеді.
Бүгін азанда твиттерде отырып Премьер-Министр Карим Масимовтың жазбасын көзім түсті.
Не дауыс беру екенін көрейін деп, көрсеткен сілтеме бойынша өттім. Сонда Голосование дегенді Сұраулар деп көрсеткен екен.
Мен үшін ол ыңғайсыз. Біз қолданып жүрген нұсқа Сауалнама. Егер Дауыс беру деп келтірсе түсінер едім, тікелей аударып ала салған екен деп.
Мүмкін мен қате түсініп тұрған шығармын, бірақ менің ойымша осылай секілді.
пы.сы. Маған минус қойып тастап, қатты сөкпеңіздер егер мен қателессем. Менікі жай өз ойымды жеткізу.
Көтерген мәселең — тақырпқа ғана емес, ар ожданымызға сай нәрсе!!!
жақында осы қазақша интернет мәселесі бойынша депутат Мұрат Әбенов мәселе көтеріп жатыр. бірақ, менің ойымша ешқандай нәтиже болмайды. жоғарыдағылар бәрі нормально деген жауап айтады деп ойлаймын. жоғарыда айтқанымдай бұл жерге ешкімді жолатпайды, ешкімге жегізбейді.
Қазнет атауы бойынша жеке ұсынысым: қазақстандағы орыстілді сайттарды Рунеттің қазақстандық бөлігі деп айтып жүруді ұсынамын. Қазнет деп тек қана қазақтілді сайттар аталуы тиіс.