Лифтідегі креатив

Қазір адамдар жарнамалардан жалығып, оларды қарамайтындай дәрежеге жетті. Жарнама агенттері мұндай жағдайда жаңа креативтер, тың ойлар ойлап табуда. Солардың бірі үйлер, офис ғимараттарындағы лифтілерді жарнама алаңы ретінде қолдану. Орташа есеппен бір үйде 500 адам тұрады немесе жұмыс істейді екен. Сол 500 адам лифтіге мінетін болғандықтан, күніне бір рет болса да міндетті түрде ол жердегі жарнаманы қарайды екен. Бұл ТВдегі жарнамадан да әсерлі дейді мамандар.

Лифтілердегі жарнамаларды қарап көрейік:



Шаш күтіміне арналған тауарлар — JWT, Бразилия



Ажырасу істері бойынша адвокат — DialogGroup, Франкфурт, Германия



Спорт залы — Quadrant Communications Ltd



Пластикалық хирургия клиникасы



Джиллет ұстаралары — Понто-де-Criacao, Бразилия



Durex презервативтері.



Ғылыми орталық — Броко, Кливленд, АҚШ



Шығыс жекпе жектері мектебі — JWT, Манама, Бахрейн



Maxwell House кофесі



Көмір шахтасы — Блэттнер Бруннер, Питсбург, АҚШ



Спорт залы — PragmaDD



Fiat Punto — Giovanni + Draftfcb Сан-Паулу, Бразилия



Skydive — Вирц / BBDO, Швейцария



Фитнесс орталығы



Медицина орталығы — Lowe, Стамбул, Түркия



Супермен фильмі — JWT, Бразилия



Kill Bill 2 — Uncle Grey, Осло, Норвегия
Бөлісу:

16 пікір

edige
«Фитнесс орталығы» лифті ұнады
:))) ай күлдім ай?
nurjanbay
несі күлкілі?
edige
Арықтамай лифтке кірмейсің №14 сурет
patick
Алматыда «тұрып кішететін» жерге жарнама ілу кең таралып кеткен. Көз алдыңда тұрған соң еріксіз қарауға мәжбүр боласың.
omarbirat
Түбәлеттерде «Разместите рекламу...» деген жарнамалар тұр әзірге. Жарнаманың жарнамасы. Тапсырыс берушілер әлі шықпаған-ау (тапсырыс берушілердің бастықтары бұндай түбәлеттерге әлі кіріп көрмеген-ау) деймін :))
konvict
Ойлап таппайтындары жоқ ау адамдардың
Abilakim
Дәретхана қағаздарына да жарнамалар жазу керек-ау…
«Нива»СК-4 комбайны сатылады. Жүріп тұр. тел: 45-45-45
omarbirat
Skydive анимациялы болса…
nurjanbay
ажырастыратын адвокаттың жарнамасы бар лифтіге ешкім мінгісі келмейтін шығар. әсіресе жас жұбайлар :(
asaubota
ал мынау Дюрекстің Таиландтағы жарнама алаңы :)

(52.33 Kb, 468x705)
Onlasyn
4-ке де жазып қоймай ма.:)))?
patick
Қысқа етек киюді ұнататын қыздарға жарнамадан көп пайда түсіруге болады.
VKM
қалай????
patick
Қысқа етек киген қыздың санына бәрі тесіліп қарайды ғой. Неге осы сәтті ұтымды пайдаланбасқа?
Erkekyz
Skydive — Вирц / BBDO, Швейцария
Тура қаланың төбесінен қарап тұрған сияқтысың, мініп-түсіп жатқанда жерге құлап н/е аспанға ұшып бара жатқан сияқты болатын шығар.))