Рейтинг
+1.13

Мына қызықты қара

21 оқушы, 19 тақырып
/ / 4 / 4079 / 0
Ринат Темірболатұлының жобасы: "Қазақтың сөздәйегі"

Айқап.kz сайтының дизайнері — Ринат Темірболатұлы деген жерлесім өзінің Фейзбуктегі парақшасында түрлі, әдемі, әрі өнегелі суреттерді өзі жасап, жариялап тұратыны бар. Әсіресе "Қазақстың сөздәйегі" атты нақыл сөздер топтамасында Алаш арыстарының тәрбиелі, әрі мотивациялық сөздерін дизайнерлік шеберлігімен үйлестіріп жасаған суреттері қатты ұнады. Соларды сізбен бөлісуді жөн көрдім:

/ / 45 / 2657 / 0
Harlem Shake - жаңа би-мем

Жұрт Каннам стайлдан және пародияларынан жалыға бастап еді, жаңа Youtube-мем пайда бола қалды. Оның аты Харлем шейк (Harlem shake). Ақпан айының басында Filthy Frank атты видеоблоггер Baauer деген продюсердің Harlem shake трекіне билеп жатқан студенттердің видеосын жүктейді Youtube-қа. Видео тез танымал болып, оған пародиялар жасала бастайды. Барлығы бір шаблонмен: тыныш, өз жұмыстарымен отырған бір ортада бір адам шығып билей бастайды,...

/ / 14 / 2111 / 0
Ақырзаманға бәс тігесің бе?

Гол+Пас букмекер кеңсесі Ақырзаманға бәс қабылдап жатыр. 21 желтоқсанда Ақырзаман болады деп бәс тіксеңіз, коэффициенті — 2012. Яғни 1000 теңге қойсаңыз 2012000 ұтып аласыз. Сонда қалай дейсіз бе? Егер шынымен ақырзаман болса, бәсім не болады дейсіз бе? Ондай сұраққа букмекер форумында админдері жауап беріпті:

/ / 22 / 2241 / 0
Үлкен, алып, алпауыт

Аспанымыздағы біздің Күн өзінің көлемі жағынан миллион Жерге тең екен. Үлкендігіне таңқалмау мүмкін емес. Алайда ғаламдағы басқа үлкен жұлдыздармен салыстырғанда Күннің көлемі құртақандай ғана болып қалады. Eta Carinae жұлдызы Күннен 5 миллион есе үлкен. Ал Betelgeuse болса Eta Carinaeден 300 есе үлкен. Одан да үлкен жұлдыз — VY Canis Majoris. Ол бүгінгі таңда адамзатқа белгілі ең үлкен жұлдыз. Ол Күннен миллиард есе үлкен екен.

/ / 14 / 1218 / 0
Тірі сағат

Марк Форманек деген суретші Datenstrudel компаниясының қолдауымен қызық сағат жасапты. Сағаттың ерекшелігі оның жандылығы. Сағаттың үздіксіз жұмыс істеуі үшін 24 сағат уақыт, 70 жұмысшы, 30 тақтай және 1611 өзгерту қажет. Конструкцияның биіктігі 4 метр, ені 12 метр. Бұл сағат Берлиндегі Мүсіндер Паркінде тұр. Көргіңіз келсе мына сілтемегі өтіңіз: http://esquire.ru/clock Видео сіздегі дәл қазіргі уақытты көрсетеді және басқа қалаларды да...

/ / 17 / 986 / 0
Шимпанзенің ғылыми түйсігі

Терең әйнек шөлмекке салынып темір торға мықтылап байланған, тазартылған тәтті жаңғақты қалай алуға болады? Зерек шимпанзе күлкі тудыра отырып, бұл мәселені көп ойланбастан, жеңіл шешімін тапты. Ал сіз не істер едіңіз? Барлығыңыздың жауаптарыңыз біреу — шөлмекті сындыру Ұят емес пе? Енді қайсысың шимпанзені дамымаған мақұлық, ал адамдар ғана табиғат патшасы деп сендіре аласыңдар )))))?????? дейді мына бұтақбас

/ / 78 / 2739 / 0
Ақпаратты тексеріп отырыңдар журналистер!

Журналист қателері және кемшіліктері туралы бұрыннан жазып жүрміз. Әсіресе олардың ізденбейтіндіктері туралы, ақпараттың бұрыс-дұрысын тексермейтіндіктері туралы. Осындай оқиғалардың бірі жақында республикалық бір газетте болыпты. Бұл туралы бізге konvict хабарлады. Бұл ақпаратты газетке кім шығарғанын біліп отырғасын, қай газет екенін жариялап ұялтпай-ақ қояйын. Тек осы жазбам оған және басқа журналистерге сабақ болсын. Қысқасы былай болған:...

/ / 11 / 2130 / 0
Рижские готы - мені таң қалдырған команда

Рижские готы — мен бұл команданы былтыр КВНның туған күнінде Прибалтика құрамасында көрдім. Биыл Премьеркада ойнап жүр екен. Сенбі күні қарадым, жаттым   Қызық команда. Ерекше. Ойлап қараңызшы КВНда күлмейтін адамдар. Қараңғы. Готтар. Әзілдері қара әзіл стилінде. Команда туралы интернетті шарлап, ақпарат іздеп қайттым. Қызықсаңдар интервьюлерін оқып көріңдер: www.amik.ru/Article/1/12622.html www.ves.lv/article/181353...

/ / 45 / 4806 / 0
Математикалық қатынас

Мынандай қызық есеп көріп қалдым. 1. Алдымен аптаның бір күнін таңда. Дүйсенбі = 1, Сейсенбі = 2… 2. Бұл санды 50-ге көбейт. 3. Оған 44 қос. 4. Шыққан санды 200-ге көбейт. 5. Егер биыл туған күнің болып кеткен болса 111 қос, егер әлі болмаса 110. 6. Шыққан саннан туған жылыңды алып таста. Нәтиже: Шыққан сандағы алғашқы цифр сен таңдаған сәтті апта күні. Ал соңғы сандар сенің қазіргі жасың. Ал ортадағы ше? Ортадағы саған...

/ / 23 / 1169 / 0
Экранный диктор немесе компютеріңізді сөйлетуді білесіз бе?

Кезкелген компютер жазылған мәтінді оқып бере алады, бір өкініштісі тек ағылшыншаны ғана. бірақ ағылшынша дыбыстауды үйренуге өте тамаша көмекші бола алады. ол үшін ПУСК батырмасынан ВЫПОЛНИТЬ деген жерді бассаңыз терезе ашылады оған NARRATOR деп енгізіп қойсаңыз болғаны.

/ / 16 / 2284 / 0
Лифтідегі креатив

Қазір адамдар жарнамалардан жалығып, оларды қарамайтындай дәрежеге жетті. Жарнама агенттері мұндай жағдайда жаңа креативтер, тың ойлар ойлап табуда. Солардың бірі үйлер, офис ғимараттарындағы лифтілерді жарнама алаңы ретінде қолдану. Орташа есеппен бір үйде 500 адам тұрады немесе жұмыс істейді екен. Сол 500 адам лифтіге мінетін болғандықтан, күніне бір рет болса да міндетті түрде ол жердегі жарнаманы қарайды екен. Бұл ТВдегі жарнамадан да әсерлі дейді...