Harlem Shake - жаңа би-мем



Жұрт Каннам стайлдан және пародияларынан жалыға бастап еді, жаңа Youtube-мем пайда бола қалды. Оның аты Харлем шейк (Harlem shake). Ақпан айының басында Filthy Frank атты видеоблоггер Baauer деген продюсердің Harlem shake трекіне билеп жатқан студенттердің видеосын жүктейді Youtube-қа. Видео тез танымал болып, оған пародиялар жасала бастайды.

Барлығы бір шаблонмен: тыныш, өз жұмыстарымен отырған бір ортада бір адам шығып билей бастайды, кішкенеден кейін ол «ауру» басқаларға да жұғып, айналадағылардың бәрі билей бастайды. Түсініксіз қимылдар, өтірік билер, жыныстық қатынас имитациясы жасалады. Түрлі маскалар, киімдер де қолданылады.

Мем мемімен, бірақ трек авторы Baauer-ға қазір Youtube-тағы әр қаралым үшін ақша түсіп жатқан көрінеді. Gangnam style арқылы PSY танымал болғаны сияқты, бұл жолы да вирустық маркетинг жақсы жасалды. Трек қазір iTunes-та көп сатылғандар тізімінде. Және бұған ремикс те жазылмақшы.

Харлем шейк оригиналы:


Үздік ХШ жинақтары:






КерекИнфоның танымал бір қолданушысының жұмысындағы нұсқа:


Ескерту: видеоларды бір рет артық қарамаңыз және үйде қайталамаңыз. Өте жұқпалы
Бөлісу:

45 пікір

MickThatsMyNick
Жарға қарап, жарға басын ұрып билейтіні зомбилікке ұқсайды.
ПыСы: Норвегия сарбаздары қатырад.
asaubota
Блог Құрылтайда түсіреміз ба өз нұсқамызды?  мен су үнемдеп жатқан адамның маскасын киемін. ал Нұрберген түнде отоплениесіз тоңып жатқан адамды бейнелейді.
Adiletshu
Қабырғаны дырылдатып жатқандарыңды елестетіп көрдім
Zilola
пікір норм, минус не үшін?
rauan97
Қазақтарға тән би емес қой… Шайтан азғырып жатқан сияқты… сөз жоқ… жылдан сайын адамдар далбаса нәрселерге қызығып барады…
Maddi
Соны айтам да. Вапще дым пайдасы жоқ нәрселер.
Zilola
қазақтарға тән би қайсы? сосын неге бірнәрсе болса қазақ деп шыға келеміз?
serjan
Түпнұсқасы тым қысқа екен, соншалықты танымал болатындай ерекшелігі де жоқ.
neoaskar
Ел бұзылса, құрады шайтан -өрнек,
Періште төменшектеп, қайғы жемек. (Абай)
Қайран Абай ақыным-ай, біліп айтқан ғой, осындай далбасалар қайдан шығады екен.
Шайтан сыбырлады деген осы да
nurjanbay
бұл қуған биден гөрі Ганнам стайл жақсы. аттың үстінде шауып келе жатқан адамның биі. Ганнам стайл шықпай тұрғанда Ақтөбедегі бір концерттен қазақ жігіттерінің қамшы ұстап атқа шауып билейтін биін көргем (қаражорға емес). Осыдан он-онбес жыл бұрын.
Соңғы түзету:
Erkekyz
Жұрттың бәрі харлем шейк харлем шейк деп жатқан соң, өткенде көріп едім видеосын. Менің миыма қонбады бұл. Билеватқардың бәрінде судороги ұстап жатқан сияқты.
ken
кольо терро рритта!
torgai
Енді жастардың флэш-мобына жаңа «тема» табылып жақсы болған екен
Maddi
Адамды аздыру ғой мынау.
Maddi
Не деген сұмдық мынау!
Adiletshu
Несі жұқпалы. Дым әсер етпеді
asaubota
ойлағанымдай мұндай прикол біздің адамдарға ұнамады
konvict
Қызық емес. Алайда, мұның интернетте танымал болуы адамдардың гангнам стайлдан жалыққаны. Қазір харлем шейіктің дәуірі біткесін жаңа бір нәрсе ойлап тапсаң, танымал болып кетеді. Пыросты, адамдарға әрқашан жаңа нәрсе қызық))
muratbekalatyraui
Осындай бәлелердің бәрін ең бірінші болып ВКонтактеден үйренеді-ау деймін жұрт. Жақында інім сол жақтан көрсетіп еді. Мен не болып жатқанын түсінбей, мән бермеп едім. Егер қазақтар осындай «клип» түсірсе, абыройдың нәскиге түскені осы де. Ехх… «Музыка шайтанның құраны» деген осы. Күннен күнге ығып барады. Әсіресе құлағынан наушник тастамайтындардың ойлау қабілеті төмен келетінін байқадым. Шариғат музыканы бекерге тыйым салмаса керек-ті.
daugozhek
bakesindrom bizde ylgida osy. tusingenge bir ganaibet
Соңғы түзету:
Maddi
Админ, мынаны өшірші. Танымал нәрсенің барлығы жақсы болмас!
asaubota
түсіну бәріне міндетті емес.
Aldeken
КерекИнфоның танымал бір қолданушысының жұмысындағы нұсқа:
күйеу бала өртейд, әнассс…
ken
Суперстарда орындалған Фристайлоны да бір кездері бәрі ютубте орындап кетіп еді. Сол сияқты бірдеңе ғой. Тек бұның танымалдығы Фристайлодан да ауқымдырақ болды.
asaubota
өлдім  апашкі өртид!

Abilakim
қолтықтан кеттім)))
Zilola
мынадай супер танцыға үйдегілерді көндіре аламын )))
ademi_alem
Көзге оғаш көрінеді екен. Қорқынышты
Abilakim
Екі студентті оқудан шығарып жіберген видео осы
Соңғы түзету:
asaubota
құтқару жұмыстары жүріп жатыр
asaubota
Бахыт апайдан қолдау

ken
бұныкі енді таза пиар
omarbirat
Тойда билеп жүрген сияқты. Баханың билегені Харлем Шейк емес
Abilakim
Мынау екен, кешірім өтінемін. Президенттің суретінің жанында биленген би
Zilola
нормы қорыттым, ешқандай шайтан азғырмады, бөлмем сүрелермен нұрланаған )))
Соңғы түзету:
Yernar
походу бабушка болной
asaubota
Жігіттер, естеріңде болар жас кезіміздің алғашқы қазақ секс-символдары Дауыс Интернешнл деген топтың қыздары еді. Әселге сынушы едік, иә? Иә, иә ана бір қыз да былай ниче еді. Обшым естеріңе түсірдіңдер ғой? Айтайын дегенім негізі ол емес еді, мысалы деймін да Харлем Шейкті олар билегенде қалай болар еді? Wifi25 жігіттері істеп көріпті. Қараймыз.
www.wifi25.kz/?p=220
omarbirat
Мынау өткен жолғы Заттыбек пен Питбульдің миксінен де асып түсті
omarbirat
Сол күйі қызыға алмадым осы видеоларға
Abilakim
Футболдағы Харлем Шейк
Erasyl2
Жап-жақсы «би» несі бар)) "Ұят қой, мен мұны түсінбейм, қызықпыз ғой" дегендерді түсінбим)) Жәй прикол ретінде қабылдадым)) КерекИнфоның танымал қолданушысы кім болды екен соңғы видеода))