Ақырзаманға бәс тігесің бе?


Гол+Пас букмекер кеңсесі Ақырзаманға бәс қабылдап жатыр. 21 желтоқсанда Ақырзаман болады деп бәс тіксеңіз, коэффициенті — 2012. Яғни 1000 теңге қойсаңыз 2012000 ұтып аласыз.

Сонда қалай дейсіз бе? Егер шынымен ақырзаман болса, бәсім не болады дейсіз бе?

Ондай сұраққа букмекер форумында админдері жауап беріпті:

Бөлісу:

14 пікір

ruben
 Бәсі істей мекен?
torgai
Тігетіндер де, істейтіндер де табылып жатқан шығар.
Nurgisa
«Жоқтың» коэффициенті төмен шығар деп үміт етемін.
edige
Шын, егер айтқан мерзімінде болып қалса ұтысты кім алады…
bazuka
жоқтың коэффиценті қандай?
asaubota
Жоққа бәс қабылдамайды, тек Иәға
a63a1
Аршат ұтып алсаң бірге тойлаймыз, бункер дайындай бер
Sultan-begim
„Ақыр заман„ болмайды деп сенемін.
west_laura
Бір Аллаға аян не болса да!