Аудармашы арқылы тілдесу



Осыны кеше жазам деп ойлап едім. Кешке таман аяқдоп футбол көремін деп естен шығып кетіпті. Сонымен алдыңғы күні 12:00 таңертең үйден шықтым. Екі апта болды газет келмей қалған, себебін білу үшін өзіміздің райондағы Қазпочта бөлімшесіне бардым. Газет таратушы дәу орыс әйел екен. Қазақша сөйлесем түсінбейді. Мен орысша білмеймін. Амалсыз қазақшаға да, орысшаға да судай біреуді шақыруға тура келді. Сөйтіп анау орыс әйел екеуміз аудармашы арқылы сөйлесіп жөнімізге кеттік. Қызық екен, өз еліңде, өз еліңнің азаматымен өз тіліңде сөйлесу үшін аудармашы қажет болғаны.
Бөлісу:

43 пікір

asaubota
орысша білмейтініңді неге жаза бересің? соны дәреже көресің бе? меніңше ол кемшілік.
konvict
орысша білмейтініңді неге жаза бересің? соны дәреже көресің бе? меніңше ол кемшілік.
Осы сөзді кім айтады деп күтіп жүріп едім. Админнің жүйкесі сыр берді
Ahi
Орыстар да Қазақ жерінде тұрып алып қазақша білмегенін кемшілік деп санамайды, сондықтан біз де орысша білмегенімізді кемшілік деп санамауымыз қажет
TERISKEI
орысша білмеу — кемшілік!!!:))))
edige
Қызық екен
бірақ оны қызыққа жатқызу қиын
konvict
Әркімге әрқалай
VKM
Бір жағынан konvictің айтқаны дұрыс, бәрің ұрыса бермесеңдерші.

Тек "қарғаның ішінде қарқылда" деген мақал бар ғой,қазір қоғам сондай, күнделікті орысша сөз біліп алған өзіңе де жаман емес қой,konvict
satibaldi
Тек "қарғаның ішінде қарқылда" деген мақал бар ғой
Өйдәйт, мынауың мақалдатып соғатын болыпТ ғой???
VKM
уа-ча)))мен мақал көп білем. Мысалы: Саудың асын жеп, жындының ісін істеме.
satibaldi
Бірақ жындының да асы дұрыс болуы мүмкін ғой???
VKM
бұл өмірде бәәәәрі мүмкін. сатыпалды,satvaldo сіздің бауырыңыз ба?)))Түрі келет)))
qisyq
Осыдан туындайды, саудың ісі де сау болады деп те кім айтты?
satibaldi
Саудың асын жеп, жындының ісін істеме.
Тек сөз саптауға, антагонисттік конструкцияға(«cау»-«жынды») негізделген, бірақ логикалық гармониядан жұрдай қазақтың келесі ит-шошқа мақалы.
VKM
Үндемеген –үйдей пәледен құтылады деп, мен кеттім. Чао, сатыпалды))))
qisyq
Кекілді лақтырып тастап, көздің қиығымен бір атып, жымия күліп, қаймыжықтай әдемі еріндерімен «Чао» деп көктемгі көбелектей қалықтай жөнелген VKM-ды елестетіп отырмын. Шешессс… Мына образға өзім ғашық болып қалмайын. Көктем.
VKM
qisyq, хехе, кекіл жоқ- бір,қалықтамаймын-қазір каблугы жоқ аяқкиім киіп, мәшинамен зыр дим. 3 сабатан зачет… романтикасыз өмір)
TERISKEI
Дегенде ВыКыМы қыз, ВыКыМыз қыз,
Ұнап қалды-ау бұл айтқан пікіріңіз…
qisyq
МАҒАН БӘРІБІР, VKM!!!
TERISKEI
ВыКыМы
Шығыстың арай шашқан күні ме едің,
Әлде сен, Абайлардың жыры ма едің?
Неғыласың Қисықты, оған жаңа
Бәрібір болатынын біліп едім:)))
qisyq
Теріскей, теріс сөзден құтылмадым,
Бұрышта тұрып алып жырпылдадың.
Бәрібір, не болса да ғашықпын деп
Айтарымды жеткізе алмай қылқынғаным…
Осыны түсіне ғой, Теріскейім,
Осыны түсіне ғой, VKM жаным…
VKM
qisyq, польщена… осы сөздің қазақшасы қалай еді? сендердей өлең шығара алсам ғой,әдемілееееп жауап жазар едім.Рахмет,qisyq. «Маған бәрібір, балдар» деп Заби айтушы еді)
qisyq
VKM, "құладым" немесе «сындым» десең болды, ар жағын өзім түсініп аламын. «польщенаның» аудармасы.
VKM
«сындым» өлеңіңе)Жеңгей естіп қоймасын…
VKM
мяя,TERISKEI, сен салатты күшті жасайды деп жүрсем, күшті өлең де шығарады екенсің ғой. Респект))Қайда жүргенсің, маған казнетте 3 жыл бойы кезікпей?:)))
TERISKEI
VKM-ға ұнаған болса, "Қазнетте үш жыл кездеспеген бейне" дееееп мүшайраға қатышжверим бе? а, ВыКыМы ару?:)))
AKY
«Кездеспей кеткен бір бейне»))) немесе «Келеді кездескім» дев ұрлық жасажверсең де қарсылық жоқ))
asaubota
ұнайды, ұнайды ә ақын жігіттер әдемі сөздер айтса :))
qisyq
Жағып бара жатыр ғой жанына…
Abilakim
Дрон СЫКЫМЫ(комеди клаб) дегендей ВЫКЫМЫ деген қызық екен?
Zilola
Біздің Маликушь расында да тап осы образдағыдай!
Так что абайла бала, абайла :)))
qisyq
МАҒАН БӘРІБІР, ZILOLA!!!
Zilola
мен негізі әзілдеген едім, ренжіме
satibaldi
Мақал деп әне, қытайлардыкін айт. Мысалы: «Человек отправившийся в Юэ — давно уже там». Гармония! Нирвана!!!
VKM
мына мақал қалай, сатыпалды?"Қысыр сөзде қырсық көп")))
konvict
Мақал туралы керемет ой туындаватр. ЖАңа пост ашамын, сол жаққа керемет мақалаларыңды жаза отырыңдар.
TERISKEI
уа-ча))) — одағайдың жаңа үлгісі ме? тамаша екен:)))
VKM
таңқалудың жаңа түрі:)))
TERISKEI
қысық көздердің төбелеске кірер алдындағы ұран-сөздерімен ұқсас екен:)))
omarbirat
Аудармашы арқылы тегін сөйлессең бопты да, әйтеуір :))