Аудармашы арқылы тілдесу



Осыны кеше жазам деп ойлап едім. Кешке таман аяқдоп футбол көремін деп естен шығып кетіпті. Сонымен алдыңғы күні 12:00 таңертең үйден шықтым. Екі апта болды газет келмей қалған, себебін білу үшін өзіміздің райондағы Қазпочта бөлімшесіне бардым. Газет таратушы дәу орыс әйел екен. Қазақша сөйлесем түсінбейді. Мен орысша білмеймін. Амалсыз қазақшаға да, орысшаға да судай біреуді шақыруға тура келді. Сөйтіп анау орыс әйел екеуміз аудармашы арқылы сөйлесіп жөнімізге кеттік. Қызық екен, өз еліңде, өз еліңнің азаматымен өз тіліңде сөйлесу үшін аудармашы қажет болғаны.
Әрі қарай