Сағына беремін (Алмас Кішкенбаев)


Өңім бе едің, түсім бе едің,
Айтшы маған, сен, шыныңды?
Қалай ғана түсінбедің,
Саған айтқан сырымды?
Үнсіз ғана ішудемін,
Сағыныш деген шырынды,
Қол жеткізбес құсым менің,
Пәк жаның кімге жылынды?

Қайырмасы:
Сағына беремін, табыспағаным, алыстағаным,
Тек қана сен едің тілегім де, жүрегім де, бұл өмірде…

Әлде жаным, алдадың ба,
Мен сақтаған бір үмітті?
Шын азапқа салғаның ба,
Еркетайым қылықты?
Сезім әнін жалғадың ба,
Сен таңдап басқа жігітті?
Арманым боп қалғаның ба,
Орындалуы күдікті?
Бөлісу:

1 пікір