Тағы да сайлау ма?

Онша емес жазулар айтқандай, бүгін біздің елбасын президент тағына отырғызу рәсімі өтті. Кеңесшілер сөз еткендей, шет елдік басшы-қосшыларды шақырмай, бүгін таққа отырғызуды өз ішімізде өткеріп тастады(қ). Елбасы өз сөзінде демократия, көп партиялылық, парламент, реформа дейтін ілмекті сөздерді айтты. Іле түс ауа Президент Парламентке барады деген ақпар тарады. Әйтеуір сағат 16-00-де Мәжілістің (пленарлық) отырысы өтетіні белгілі.
Ай, жазда тағы бір сайлау бар сияқты. Көп партиялылық деген жақсы шығар, әйтеуір Абай ата айтқан «болды да партия, ел іші бүліндіге» айналып кетпегей… Алла қайырын берсін.
Пы сы. Қысқасы, солай болды (төмендегі комменттерді оқысаңыз түсінікті болады). Үкімет басы өзгермеді. Қайта сайланды. Ал Мәжілістің сайлауы 2012-де болатын болды.
Бөлісу:

61 пікір

asaubota
көп партия болып бардак болып кетпей ме?
urimtal
жаңа үкімет басшысы кім болатыны санаулы минуттарда белгілі болады дейді. Парламенттегі туиттері бар депутаттар: twitter.com/#!/BahytSyzdykova және twitter.com/#!/MuratAbenov екеуінен хабар күтіп отырмыз. Сол жерден тікелей хабарлап отыр.
alisha
сізде қандай варинаттар бар?
alisha
шыдай алмай бара жатырмын
KILYZAMAN
Қыбыр жыбыр басталды
Акимы областей, Астаны и Алматы назначены исполняющими обязанности — указ
.....
urimtal
сағат 16.00 болды. Призидент пен спикер әлі келмеді. #bahytsyzdukova
urimtal
барлығы жаңа ғана кірді. Қазір басталады #bahytsyzdukova
alisha
Бақыт ханымның ескі де жаңа министр деуінде бір гәп бар сынды
urimtal
facebook-ға Мұрат Әбенов парламенттен сурет те жариялап үлгерді. Әзірге тыныштық. Мәсімов, Нығматуллиндер залға кіріп келді.
sammita
Өрімтал өсек айтқан жақсы емес:))))
urimtal
жұртта туиттер мен фейсбукте аккаунттары болмаса, осы жерден біліп отырсын дегенім ғой. Сенімді дереккөзен хабарлап отырмын.
sammita
:))) ғық-ғық…
Қазір басталады, әбедтен келдім #karimmasimov
urimtal
Мұрат Әбенов екінші қатарда отыр екен. Тағы да екі суретті жариялады.

пысы. Керекке ол суреттерді пікір қалдырған жерде шығып тұру үшін қалай жариялаймын?
asaubota
<img src="http://suretsiltemesi">
sammita
настроение жоқ:((#karimmasimov
urimtal
«Мұхамеджанов сөз алды. Барлығы 104 депутат қатысып отыр» дейді ҚР Парламент мәжілісі депутаты Бақыт Сыздықова twitter микроблог желісіндегі өзінің жеке хабарламасында.
urimtal
«Елбасы сөз алды...» дейді ҚР Парламент мәжілісі депутаты Бақыт Сыздықова.
asaubota
Масимовты ұсыныпты ғой
urimtal
«Президент РК на пост премьера представил кандидатуру МАСИМОВА» дейді ҚР Парламент мәжілісі депутаты Мұрат Әбенов.
urimtal
:( :( :(
asaubota
пока кандидат қой
sammita
Дауыс беру басталды дейді.
alisha
құдайым-ау, қашаннан бері дауысқа қарайтын боп қалдық;)
sammita
болып жатқан сәтті хабарлаған түрім ғой:) Мен де агентпен сөйлесіп отыр ем.
alisha
оны түсіндім;)
alisha
Бақыттың құлағына періште сыбырлаған ғой онда;)
urimtal
Құдайым-ау, басқа адам жоқ па????
omarbirat
Дружба поселкесінде бүгін той болады деш…
asaubota
толеранттық құртады қазақты :)
urimtal
http://twitter.com/#!/BahytSyzdykova/status/56302587531640833
Бақыт Сыздықованың пікірі:
«Ура, я не будут пить Кока колу! Мы с Таном поспорили — я сказала -Масимов, он другой! Проигравший пьет бутылку Колы! Я Колу 5 лет не пью»
sammita
Өрімтал, ел тағдырын кола қып ойнамаңдар-ей:)))
saken
Бахыт Сыздыкованың пікірін көргелі Туиттерге кіруден қалдым :((
asaubota
Кабздец! мына сөздерді депутат жазды деп ешкім ойламас еді:

Ура, я не будут пить Кока колу! Мы с Таном поспорили — я сказала -Масимов, он другой! Проигравший пьет бутылку Колы! Я Колу 5 лет не пью
alisha
Қасқырдың бөлтірігін қанша бақсаң да, орманға қарап ұлыйды!
omarbirat
Біреулер кола ішпейтін болдым деп мәз, басқа біреулер арақ ішетін болдық деп мәз болып жатқан өмір әйтеуір :))
patick
Сомен мұртты Күлімхан кім болатын болды, қазақтар?
alisha
«Все единогласно поддержали кандидатуру Масимова»… мұндайға біз таң қалудан қалғалы қашан…
patick
"Биші премьер" қалады десеңші орнында
sammita
енді Министрлер мен әкімдердегі өзгерісті күтудеміз.
alisha
Атырауға тиіспей-ақ қойса екен…
sammita
қазір айтайын:)))))
alisha
Бергейімізді алмағай!
patick
Алғайымызды бермегей
sammita
Тасымыздан айырылып қалмайық.
alisha
«Жұмыртқамды жардыңдар» дейтін әнек есіме түсіп кетті ғой;)
satibaldi
Көргенсіз!
alisha
Біз үшін ұялма, ұятсыз!
urimtal
Тиуттердегі депутаттардың жазбаларына қарап, барлық депутаттар бір ауыздан қолдағанын әрі Елбасы Кәрім Мәсімовты үкімет басшылығына қайыра тағайындау жайлы бұйрыққа қол қойғанын оқып отырмын :(

пысы. сонда бұйрықтың мәтіні күні бұрын жазылып қойған ғой деген ой келіп отыр.
alisha
Мүмкін қаламмен жаза салған шығар бос сызықтың үстіне;)
patick
Мектептегі «Мақтау грамотасы» сияқты ма? :)
Abilakim
Асеке, ондай ойға бас ауыртып қайтесің.Нұрекең шахмат ойнаудан әлі жалыққан жоқ. Ханталапай ойнағысы келмейді ғой
urimtal
Үкімет басшысы болады деп топшылаған үміткерлер несімен жақпай қалды екен деймін де…
alisha
«Президент Масимову: за меня 95, 5% проголосовали, а за тебя — 100% :–)»;))))))
patick
Кадр сыртындағы ду күлкі
alisha
ол міндетті түрде ғой;) «Ханыңның бір көзі соқыр болса, сен де бір көзіңді қысып жүр» деген бар ғой;!
qazaqia
Мәжіліс спикері күн тәртібіндегі мәселені дауысқа салды. Қолдауға ие болды. Президент Премьерді ұсынды. Депутаттар дауысқа салды. Спикердің үйлестіруімен қаулы қабылданды. Президент Мәжіліс залында тағайындау туралы құжатқа (қаулы ма, бұйрық па, өкім бе, есіме түспей тұр) қол қойды.
Тура осылай болды
satibaldi
Масимовты ұсыныпты ғой
«Уа мүмміндерім, есекті көпірдің үстінде ауыстырғандарың дұрыс болмас — деп налыды Ол сонда». ©Евангелие от Амандық, стих 21:58.
saken
«жұмыстарыңды істей беріңдер, ештеңе өзгермейді» — дегісі келген шығар Елбасы…
serjan
Құлыбаевтің биліктегі үстемдігі әлі дәурендеп тұр екен ендеше.