Өтірік әңгімелер.

"Қыз өсірдім дегенше қырсық өсірдім дегейсің" дегенді ата-бабаларымыз қалай дәл айтып кеткен. Қилызман бабалар сөзінің осынша дәлдігіне не разы боларын білмей не жыларын білмей дел-сал күйде отыр. Текті жерден келгендердің де бетін қайтармаппа еді осы жалғыз қызы үшін. Ал, оның істегені мынау.Қашты да кетті. Әшейінде бөлмесінен қуып шығара алмайтын қызы Айгерімге бұндай жыны келмес.
-Әке, мусорды мен төгіп келейін-дегенде неге секем алмады екен бұ шіркін?! Әй, мені де атып өлтіретін Сатыбалды адам жоқ деп күйініп кетті. Ойбай-ау, мусор қара пакетте ғой. Қызы көк пакетті қолына ұстап көз алдында шығып кетті -ау. «Жә, бақытты болсын!»дейін десе сондағы тапқаны анау ма? Қалқаң құлақ скелет! Ойбай-ау ондай қалқаң құлақтар өзіміздің қалада да толып жатқан жоқ па, а? Қилызаман алдындағы жарты бөтелке «Хаоманы» стаканға құймай-ақ өңешіне төңкере салды.
Бөлісу:

16 пікір

edige
3 қыз өсірген жұмаққтың есігін теуіп кіреді дейді ғой
Abilakim
кейіпкерде бір қыз болғантын…
Есіктің әр жағынан теуіп шығармаса болды да…
edige
Қыз өсіріп тәлім тәрбие берудің қиындығы ғой ондағы ой
VKM
Автор немене сонда айтқысы келген?)))
Abilakim
Қилызаманның алқаштығын шығар?)))
VKM
Бір нәрсе есіме түсіп кеткені, Айсұлтан ағай. Осы «Кездесуде» сізді кісі біткен түрткілей беруші еді, енді сіз де солардың бірі болып Қилызаман ағайға тиісетін болғасыз ба?(((
Абылай хан ба еді, түйе жайып жүргендегі жыртық күртесін іліп қоятын, кім екенін ұмытпас үшін…
Abilakim
Аяз би. Мәселе менің кімді түрткілегенімде емес. Бұл өтірік әңгіме ғой. Келесі де сен кейіпкерім, енді бірінде Саммита болуы да мүмкін ғой.
edige
Аяз би /Дед мароз орысшасы/ солай жасаған
VKM
орысшасы керек емес еді(((құлшынып отырғаныңыз біраз қуантады))))
edige
Уялтады мені де сені де
VKM
осы сөздеріңіздің аудармасы керек енді…
edige
Ойланып көріңіз. Қуған профессордың жұмбағынан оңай ғой
KILYZAMAN
Өтірік әңгімеңнің өзегіне жаратқан екенсің. Өтірігің-өтірік :-) Қайда ана хаомаң?
VKM
Қазақшасы есіме түспей жатыр,«в каждой шутке есть доля правды»...әр әзілде шындықтың бөлшегі жатыр шығар…
Abilakim
Шындықты жазатындай Қилызаман көкемізбен бір хатада отырмап едік…
Gastarbaiter
По сущестуу тауарищи! Па сущестуу! © М.С. Горбачев