Тағы да сериалға түскенімді айтайын деп жатырмын...
… Ұмытып кетер едім, Арай құрбым айтпағанда. Бүгін мирға смс жазыпты: Кеше сені телевизордан көрдім деп. Мәссаған безгелдек! Сонда барып есіме сап ете қалды. Екі апта бұрын тағы бір сериалға түскен екем-ау(Бұл уже дебют емес:-))))).Қашан жариялайтынын сұрамаппын. Бұрын болса сұрап, көргенше асығып жүруші ек, қазір… олай емес. Жұлдызданып кеткеннен емес әрине. Тек соңғы кездері таныстың бәрі «жұлдыз» деп қылжаққа айналдыратын болды. Тіптен қазақтар өзара жинала қалған жерде де мен келмей қалсам: А, ол сериалға түсіп жүрген шығар,-десетін көрінеді. Осыдан кейін мен "Әй, бүгін мені НТВ спор-дан көрсетеді. Махмут Доғанның, Мұстафа Денізлінің жанынан, көріңдер"-дегенді де азайтқам. Енді, әрине алғашында бәрі қызық қой. Кейіннен қалыпты жағдайға айналып жүре береді.
Сонымен, сол баяғы досымның өтінішімен «Халил Ибрахим софрасы» деген комедиялық сериалда жапон қыздың рөлін ойнауға келістім. Келіскенде, былай болды. Звондап ағылшынша білетін, білмейтінімді сұрады. Мен білем дедім. Туристің рөлін ойнауымыз керектігін айтты. Әдеттегідей жаныңа бес-алты досыңды ерте келсең деді. Келдік. Бізге массовкада болатынымызды, арт жақта жүретінімізді айтты. Бір кезде жоспар өзгеріп, текст сөйлейтін қыз мен болып шыға келдім. Әу баста ол рөлге басқа қыз таңдалып қойылған екен. Екі-үш күн бұрын. Ол да текстін жаттап дегендей, дайын келген. Бірақ сол жердегілер неге екенін, аяқ астынан маған сен түсесің деді( әрине, жапонға қатты ұқсайм ғо:-)))). Ондай бақытты күтпеген мен, басым айналып құлап қала жаздадым десең ия:-). Қалжың. Шыны керек, қуанбадым. Өйткен анау текстті жаттау керек, сосын оны қайта қайта айтқызады. Дұрыс болмаса қайта түсіреді, жүйкені жеп жіберетін жұмыс. Бірақ келістім. Сосын маған мәтінді берді жапонша. Қиын болға соң, қысқартып, қысқартып екі-ақ сөйлем қалдырды. Жаттадым, онан соң түсірілім басталды. Ол мына жерде. Алдын-ала ескертейін, жапон қыздың бір-екі минуттық рөлі. Кішкентай ғана(Теріскей айтқандай, арық айтып, семіз шығайын дегенім:-). Әйтпесе өткенде «Акация аялдамасында» түстім, түстім деп алып, көрсетпей қойғанда ұялғаннан жерге кіріп кете жаздадым ғо)
сілтемесі мынау www.youtube.com/watch?v=i7v4zhNzTh4. примерно 00:20-лардан кейін көрсетеді ғо дейм.
Айтпақшы, толықтыра кетейін, анау көзін таңғышпен таңып қойған Мүниһ атты кейіпкердің әйелі күйеуінің көзіне байқамай ащы бұрыш шашып жібереді. Содан бастап Мүниһтің көзі көрмейді. Көшеде адасып жүріп бізге, яғни жапон туристерге кездеседі. Біз оны түріктің сумоисті деп ойлап суретке түсеміз, қызықтаймыз, соңында мен қолынан жетектеп алып келе жатқанымда әйелі кезігеді.

бәрі де босқыннан басталады десеңізші:-)
Тамаша екен! Жарайсың!!! Табыс тілеймін!
көпшілігі ажырата бермейді. сығыр көзді болса бітті жапон деп ойлайды.