Қайрат Нұртас - "Ой" әні
Сөзі мен әні: Бауыржан Есебаев.
Қайрат Нұртас
1. Арасында тұманның,
Мен адасқан құланмын.
Жақындама жыласам,
Мен жаралы бір аңмын.
Сағыныштың сан күні,
Басылмаса жаңбыры.
Жұбатам деп ойлама
Ол да менің тағдырым.
Қ-сы:
Ой, ой
Ойламайтын күнім жоқ,
Ойлай берсем түбі жоқ.
Жылатқан, жылытқан.
Ой, ой
Сенен ауыр көрмедім
Неге маза бермедің?
Ол мені ұмытқан (3 рет).
2. Мұңын шағып түнгі айға,
Бөрі-жүрек тыңдай ма?
Сүлейменнің жүзігін
Қайта тағар күн қайда?
Арман қалсын төсіңде
Елес қалсын есінде.
Кеткен бе едің қалдырып,
Ойлар талап жесін деп.
Қ-сы.
(ПыСы: 2-ші шумақтың 5-6 жолына күмәнім бар..)
Тек қана «Ой». «Байды» қоспағанына шүкір