Geogebra
Жаңа заманның математиканы оқытудың жаңа технологиясы ретінде әлем бойынша танылған бұл бағдарлама бізге енді келіп отыр. (әкеліп отырмыз:)) Қазақша нұсқасы болмағандықтан Қазақстанда бұл бағдарламаны қолдану тиімсіз болып отыр.Басқа елдерге қарасақ, олар өз тілдеріне аударып алып, математиканың қызығын көруде. Қазіргі таңда тегін таратылатын осы бағдарлма әлемнің 49 тіліне аударылған.Біз басқалардан кембіз бе? Біз де аударалық. Біз болмасақ, інілеріміз, бауырларымыз, балаларымыз ғылымдардың патшасы-математика екендігіне көздері жетсін!
Блогкемптегі старт-ап презентациясы барысында екі-үш адам болып қосылсақ, Геогебраны екі айда аударып бітіреміз деп сөз бердім. Алайда Қостанайда математиканы, информатиканы, қазақшаны һәм ағылшаншаны білетін адамдар кемде-кем.
Қысқасы, Көмек Керек! Кейбір сирек кездесетін термин сөздердің қазақша баламаларын таба алмай отырмын! Араларыңызда ағылшын мен қазақшаны білетін адамдар бар екенін байқадым. Сол үшін білгендеріңмен бөліссеңіз, алғысым шексіз!
Ал кеттік, бірінші кезең: келесі сөздердің қазақшалары қалай?
arrow-
application-
mouse-(тышқан ба, тінтуір ме?)
drag and drop-
worksheet-
export-
Сурет мына жерден алынды.
arrow — сәйкестендіру белгісі, бағыттаушы белгі
application — үлгі
drag and drop — жылжытып, орналастыру
worksheet — жұмыс орны
export — шығару
тышқан деген обшым ұнамайды, от осыны тура мағынасында емес, жанама түрде аударса ғой, типа "қолкөмек" сияқты :)
application — "қолданба". Білетіндерден сұрағанымда, «программа» мен «приложениенің» арасында аз да болса айырмашылықтар бар деп еді: типі «приложение» «программалардан» тұрады-мыс. Яғни, «приложение» — белгілі бір тапсырмаларды орындайтын программалар жиынтығы. Қате айтып жатсам, білетіндер түзете жатар.
mouse — үш түрлі вариантым бар:
тінтуір — Мемтерминком ресми бекіткен термин нұсқасы. Жұмыста талап етпесе, қолданбас па едім.
Меніңше, "тышқан" дегенде тұрған сөлекеттік жоқ. Соны жасаған адамдар да аузы қисаймастан-ақ «mouse» деп атап жүр ғой :). Тышқанға ұқсап тұрса, солай атағанда тұрған не бар?
"Маус" деген вариантты да қарастыруды ұсынамын.
drag and drop — сүйреп апарып тастау
worksheet — жұмыс кестесі
export — экспорт (з.е.), экспорттау (ет.)
Drag — сүйрету, drop — тастау деген мағынаны білдіреді. Мышкамен осы әрекетті жасағанда, экранда тұрған бір элементті үстінен басасыз да, мышканың түймесін жіберместен, басқа бір орынға апарып, түймені босатасыз — сонда мұндай әрекетті бейнелі түрде «сүйреп апарып тастау» демегенде не деуіміз керек? Ағылшынша сөйлейтіндер дәл солай айтып тұрса, біздікі не ұялыс? :))
Биолог ағай да биология ғылымына қатысты осындай пікірде еді…
geogebra_prop_40_20110325\properties\menu.properties деген файлды таңдайсың. menu_kk.properties емес menu.properties таңдау керек міндетті түрде. Ол жерде қазақ тілі жоқ сондықтан жаңадан қазақ тілін енгізу керек, ол былай Edit--> Locale-->New… Содан кейін қазақ тілінің аудармасын толтырасың, сонда ғана menu_kk.properties пайда болады properties папкасында. geogebra_prop_40_20110325 соңғы версиясын мына жерден аласың www.geogebra.org/source/translation/gui
Толығырақ мына жерде бар: www.geogebra.org/en/wiki/index.php/Translation_GUI
Рахмет бәріне! Керекшілер жасасын!!!
www.geogebra.org degen saittan juktep aluga boladi.
'geogebra kaida' degen mazirden taba alasiz.
Sosin birnewe beine sabak bar. Ol uwin 'geogebrani uirenem deseniz' degen batirmaga basiniz.
құрметпен қазақ тілінің жанашыры ұлтшыл ағаларың, еліміздің елордасы Астана қаласынан.
құрметпен бір топ астаналық ерікті қазақ тілін қолдау ұйымының белді мүшелері.
Koimasaniz to4no iwip ketem))
application — "қолданба".
mouse — «тышқан»
drag and drop — «сүйреп апарып тастау»
export — «экспорт» (з.е.), «экспорттау» (ет.)
worksheet — «жұмыс парағы» (бағдарламадағы жұмыс парағы-ол арнайы тапсырмаларды орындайтын бет, парақ, мектептердегі жұмыс дәптері сияқты)
arrow-(пернетақтадағы жоғары, төмен, оңға, солға деген бағдарларды білдіретін пернелер ғой ) негізі мына сөздерді аудару керек болатын:
up arrow
down arrow
left arrow
right arrow
сол үшін әрқайсын жеке-жеке жоғары көрсеткі және т.б. демей, жай ғана «жоғары»,«төмен»,«солға», «оңға» пернелері деп атаған дұрыс деп ойлаймын.
Бальзаминка, ұсынысыңа рахмет. Келесі жолы қасында тұрған сөздерімен бірге беремін. Омарбырат, мықты аудармашы екенсіз. мемтерминкомдағы сөздерді қайдан табуға болады екен?
егер тағы ешқандай қосатын ойларыңыз жоқ болса, осы сөздерді қолданамын. Ертең терминдердің екінші тобы келеді, дайын болыңыз))
Өте дұрыс шешім. Мені мықты аудармашы дейтіндей, менің жасаған аудармамды көрген жоқсың ғой :)))
application — қосымша(лар) (егер әңгіме приложение туралы болса)
Drag and drop — cүйре-таста
worksheet — деген сөз жұмысқа қатыссыз парақтарды айта береді. Кесте немесе парақша деген дұрыс.
Приложениені бұрын мен де қосымша деп ұратынмын. Бірақ кейін мағынасына үңіліп қарасам, біздің қосымша деп жүргеніміз қағаз құжаттарға тіркелетін қосымша құжаттар екен. Ондай приложениелер ағылшыншаға appendix, annex, schedule, exhibit деп аударылады екен. Бір-екі рет ағылшыншаға приложение к договору дегенді «application to contract» деп аударып жібергенім бар еді. Оқыған шетелдіктер бұттан кеткен шығар деп қазір жаман ұялам сол жасаған аудармама :)))
Бұл жерде приложение деген сөздің тууына себеп болған «прилагать» деген етістік "қосу, тіркеу" емес, "қолдану" деген мағынада екен.
Приложение деген «прилагается», яғни бір күрделі бағдарламаны қосымша толықтыратын софт.
Практикалық мысал:
Is there any applications for this unit?
Мына бәленің қосымша қырт-сырттары бар ма?
Аса азғындалып, «жапсырма» немесе «толықтырғыш» десе болады.
Азғындасақ, «арыз», "өтініш" деп те аударып жіберуге болатын сияқты :)))
СОнда Java applications — дегенді, Java қосымшалары деп ғана елестетемін. Айым сорри, қолданбамен ешқашан келіспеймін.
Өйткені қолдану сөзінің ешбір мағынасы (тура, ауыспалы) софтқа қоса ұсынылатын қырт-сырттардың табиғатын ашпайды.
Қолданбалы Ғылымдар (Прикладные науки) деген аударманы да сәтсіз деп білемін. Сонда басқа ғылымдар қолданбалы емес пе?
Қосымша ғылымдар десе терминкомға қатысы жоқ адамға да әңгіменің төркіні анағұрлым түсініктірек болар еді. Яғни негізгі ғылымдардан тармақталған қосымша ғылымдар.
Қисық аудармашылардың әу-баста Apply сөзінің бірнеше мағыналарының ішінен "қолдану" деген нұсқасын ғана қарастырғанынан туған қателік.
Программистің сөзін шырамытып тұрмын.
Приложение — бұл жерде бір нәрсеге қосып берілетін нәрсе емес, өз алдына бөлек, белгілі бір мақсатта қолданылатын бағдарламалар жиынтығы. Мысалы, электрондық кестелер, мәтін өңдегіштер. Бұлардың, яғни қолданбалардың өздері, ішінде белгілі бір операцияларды орындайтын бағдарламалардан тұрады. Бағдарламалар командалардан құралады.
«Приложение» орысша-қазақша сөздікте "қосымша" деп берілгенімен, оның басқа тематикада қолданылғанын, сондай-ақ ол сөздік шыққан кезде жеке компьютерлер кең қолданыста болмағанын ескерген жөн. Оның үстіне баламалардың да түрлері болады. Бір тілдегі сөздің екінші бір тілде бір ғана баламаса болса, кейде басқа бір сөздің бірнеше баламасы болады немесе, керісінше, бірнеше сөздің бір ғана баламасы болады.
Приложение сөзін тудыратын «приложить» етістігінің мағыналары мынадай екен:
«сүйре-таста» әдемі екен,
қосымшаға келсек, nokiaдағы «application» сияқты. Мен телефонды қазақ тіліне ауыстырдым, ол сөздің қазақшасы "қолданба" екен.
mouse — «тышқан»
drag and drop — «сүйреп-тастау/сүйре-таста» немесе тарт-таста
export — «экспорт» (з.е.)
worksheet — жұмысбет ---бірге жазылуы керек
arrow-жебе ---садақтың оғынан шыққан
up arrow-жоғары жебе немесе жебе жоғары
down arrow-жебе төмен
left arrow-жебе сол
right arrow-жебе оң
Нәсілді дұрыс аударма!
Бірақ тілдің "үнемдеу" қағидасын да ескерсек. Арроу -дегенді «бағдарша» деп. Ал қалғандарын, жоғары, төмен, оңға, солға деп қойған дұрыс секілді.
Телефоның ішіндегі жазуларды көзге елестетіп тұрып аударайық.))