Астаналық блоггердің 7 белгісі
1. Астанадағы ресми билікке жақын мекемеде яки БАҚ-та жұмыс істейтін немесе депутат адам.
2. Дипломы бойынша мамандығы журналист емес, бірақ қазір Интернетке жақын болғандықтан журналистика төңірегінде жүрген адам.
3. Алматылықтардың астаналық блоггерлер ұйымшыл емес дегеніне қарсы, бірақ блоггерлер басқосуына анда-сонда келетін кісі.
4. Келесі Блог-құрылтайды Астанада өткізгісі келеді. Оны астаналық блоггерлер тамаша ұйымдастырады деп есептейді.
5. Қатты қиналған кездерінде Ақтөбесіне, Алматысына немесе Шымкентіне кетіп қалғысы келеді.
6. Қанша жерден ұлтшыл болып тұрса да ресми көзқарасы мен ұстанымы биліктікіне жақындау. Біртіндеп болса да билік қазақша интернетке көңіл бөліп келе жатыр дейді.
7. Алматылық блоггер сияқты, өз блогыма шатып-пұтып бірдеңе жазсам да Интернеттегі Қазақ контентіне үлесімді қосып жүрмін дейтін, шын мәніндегі жүрегінде ұлтшылдық сезімі бар патриот қазақ. Кез келген жердегі, кез келген елдегі қазақ блоггерін жақсы көреді, сыйлайды, бауырым деп есептейді.
МАҢЫЗДЫ! Осы белгілерге қоса үш ескертпемді блогымнан оқуларыңызға болады.
Менде кезінде біраз айдарлар тағып едім:
kozqaras.wordpress.com/2009/08/16/%D2%9B%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B3%D0%B5%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%80/
Астаналық деп баяғы бағзы тұрғындары орыс дейтін еді.Қазірде барлық өңірден болғандықтан «АСТАНАЛЫҚТАР МЫНАНДАЙСЫНДА!» деп жалпылама сипаттама беру әбестік болар деймін.