Мен сені сүйеді екем (Сырым Исабаев)

Уақыттың жылжымайтын,
Теңізі арада тұр,
Жанымды күзге тастап,
Жаз да өтіп бара жатыр…
Болмайтын еркі өзінде,
Ақ бұлтпен бір екенсің,
Барайын іздеп сені
Қай жерде жүр екенсің?

Қайырмасы:
Мен сені сүйеді екем,
Түндерде ұйықтай алмай.
Мен сені сүйеді екем,
Сырымды сақтай алмай.
Мен сені сүйеді екем,
Атымды жаттай алмай,
Мен сені сүйеді екем,
Жыласам, тоқтай алмай…

Мен сені сүйеді екем,
Бақыттан құлап алып,
Мен сені сүйеді екем,
Азырақ жылап алып.
Мен сені сүйеді екем,
Соңғы рет соны білдім,
Мен сені сүйеді екем,
Сыйы деп тәңірімнің.
Бөлісу:

14 пікір

zhanar-seitmat
Мен осы өлеңді ең бірінші Шымкентте жүргенде естіп едім. Қатты ұнайды.
ken
Sozin aiel adam jazgan ba?
AKY
Еркектер жыламайды дегің келе ме))
ken
Eshkimge sezdirmei jylau men jylaganyn jurtka aitudyn arasynda aiyrmashylyk bar emes pe?))
VKM
қызға көбірек келетін ән екен… жылауық)))
balzaminka
осындай ән айтатын жігіттерге жыным келеді екен :)
madlen
Shymkenttik jigittikter goi endi, Bal'zaminka, qiyalwyl romantikter :)))
balzaminka
жігіт деген менің ше әлжуаз болмауы керек сияқты қанша романтик болса да :)
satibaldi
Қоян жылында туылған Мерген жазғаны көрініп тұр.
Zere
Болды енді, әйтеуір сізге тек бастап берсең болды…