Қазақтай ел қайда?!

Қазақтай ел қайда
орындайтын: Музарт тобы

Көңілі көлдей шалқыған,
Қазақтай ел қайда.
Даласы жусан аңқыған,
Өзіңдей жер қайда.
Киелім!
Таусылмас саған айтарым,
Ардақтап өтейін,
Бабадан қалған байтағым,
Садағаң кетейін,
Киелім!
Қайырмасы
Күлімдеп жатқан көлден,
Көкорай шалғын белден,
Құбыла соққан желден,
Айналайын!
Тілегін Тәңір берген,
Қасиет қонған Елден,
Елі үшін туған Ерден,
Айналайын!

Болмасаң өзің, айбарым,
Мұратқа жетер ме ем?!
Түспесін төмен байрағың,
Төбеңе көтерген,
Киелім!
Ғасырлап күткен, армандап,
Теңдігім асқақ ән,
Ұлыңа Алла жар болғай,
Елімді бастаған,
Киелім!

Қайырмасы
Күлімдеп жатқан көлден,
Көкорай шалғын белден,
Құбыла соққан желден,
Айналайын.
Тілегін Тәңір берген,
Қасиет қонған Елден,
Елі үшін туған Ерден,
Айналайын!


Музарт Маңғыстау облысы, Ақтау-Қаламқас тас жолы бойындағы «Ақеспе» тау шатқалында

Музарт Қазақстанда (анық қай өлке екенін білмедім, білсеңіздер жазыңыздар)

Музарт Каспий жағалауында, Маңғыстау, Ақтау қаласы.
Суреттер on.kz сайтындағы Сәкен Майғазиевтің блогынан алынды.
Бөлісу:

9 пікір

asaubota
жарайсың Азамат, мақаланы әдемілеп суреттермен де көмкеріпсің. әннің сөзімен қатар жанына киви.кз сияқты сайттарға жүктеп, кодын әкеліп қойсаң сөзін оқып, әнін де тыңдап отырар едік.
saken
Керемет ән! Маған қатты ұнайды.

мынау сілтемесі: music17.my.mail.ru/file/cf6a33901ad54282d30f5e5bf8153461.mp3

Кивиге жүктеп, осы жерге ертең іліп қоя аламын :)
Zilola
2-ші суретте Жамбылымның тауы болса керек
TERISKEI
… сөзін жазған Қалқаман Сарин ғой дейм…
TERISKEI
...әні Арман Бексұлтандікі ма деп қоям…
aza
Теріскей қателеседі, сазы Жарылқасын Дәулеттікі!!!
SymbatAsylbekova
Өте керемеn ән маған ұнады