КВН

Бүгін емес, кеше және оның алдыңғы күні (14, 15 наурыз) Қазақстанның КВН-нан ашық біріншілігінің ашылу фестиваліне бардым. Қысқа ғана айтсам: Жаман емес!

Жаңа командалар пайда болыпты. Бұрын Алматыдағы универлердің өзара сайысымен шектелетін елдің ашық біріншілігі. Қазір оқу орындарының ғана емес, мекемелердің (мысалы, Алматытелеком), өңірлердің (Ақтау, Өскемен, Қостанай, т.б.) құрама командалары да көбейе бастапты. Ойындар да телеэфирге лайықталып көрсетіледі, яғни сапаға көңіл бөле бастапты.
Алайда, кейбір университеттердің әзілдері әлі де сол етек пен төсектің айналасынан аса қоймағанын білдім. Пошлый анекдоттармен жұртты қыран-топан еткеніне мәз. Есесіне, Ақсу қаласынан келген провинциалдар вокалдарымен де, интеллегентті әзілдерімен де мені таң қалдырды.

Жалпы өңірлерден келген командалардың КВН-ға деген көзқарасы өзгеше. Әзілдерімен де, қойылымдық стильдерімен ерекшеленіп тұрады. Тіпті, университеттік әзілдерге үйренген көрермен оларды түсінбей қалып та жатады. Бірақ, мен үшін аймақтық қалалардың құрамалары ерекше есте қалды.

Ақтаудың «Мартини с бешбармаком» командасы (батыстан болғасын шығар) ұнады. Ойын аяқталған соң, ақтаулық ойыншыларға барып, көрісіп (Алматыда ешкіммен көріспеп едім), бірге фотоға түсіп қайттым. Ақсу, Қостанай, Бішкек — мадес.

Қорыта айтқанда, алға ілгерілеушілік бар командаларда. Әзіл жағынан да, сапа жағынан да. Екі күнгі позитив үшін оларға рахмет!
Бөлісу:

8 пікір

meirzhan
Мына суреттегілер қателеспесем Қостанай КТК командасының өкілдері болуы тиісті.
sammita
Алғааа S!!!
meirzhan
Алға S-ы нес???
sammita
солай сөйлеңдер деватыр ғо Едіге аняқта. Павлодар S да.
edige
ойнамайм… sammita… десең дә
gunner
Suka? неткен қатігездік (((
sammita
5-тің шәйін іштің ба?