Хамелеон

“Соғыс басталды! Ақпараттық” деген жүз жол жазба сүйкеткен едім. Кеше. “ Сәуірде сайлау өтетіні белгілі болысымен, жариясыз түрде осы соғыс жариялануы керек еді” деп басталады. Созып қайтем, Қазақстандағы ақпараттық соғыстың салт-дәстүріне тоқталып, Әлиев, Әбіләзовтың билікпен арадағы қағаз қақтығысына сәл кідіргем. Ол материалым оппозишн болып кетті-ау, кәзеттен ырғып түсті (кейін шыға жатар).
Сонда айтам да, осы тақырыпқа сөйлеп берер сарапшы таппай қиналғаным. Айдос ағам болса да, жалғыз оның аузын баға беруге болмайды ғой. Ойлана келе, “ осы дұрыс ау” деп, пәлен ұйымда, түген жерде істеп шыққан, сөзі ірі деп жүрген саясаттанушыға қолқа салдым.
— Ағасы, Астанадан едік. Кәмент сұрасақ, қалай болады? Уақытыңыз бар ма? Бір минут, бес минут?
— Уақытым бар. Ал мұршам жоқ.
— Қалай сонда?
— Министрлікке жұмысқа тұрып едім… Сондықтан, ешқандай кәментарий күтпей-ақ қой менен.
— Бұрын талай пікір алып жүруші едім ғой, ағасы…
— Айттым ғой, министрлікке жұмысқа тұрдым.
— Жарайды онда, құтты болсын қызметіңіз!
Сөйтіп, осы кезге дейін суперобъектив боп келген саясаттанушым “ сынып түсіпті”. Аты-жөнін айтпай-ақ қояйыншы, ғайбат па, ұят па, бірнәрсе болар. Айтарым, кәзеттен түспей, қырғыз жағдайына да, оппозиция ахуалына да именбей пікір айтып жүрген азамат еді. Білім бар. Тәжірибе бар. Нағыз пісіп-толып, ақыл айтар шағында ауыз қуысына құлып салғаны қиын  екен… “ Сочувствую”. Осы Ерекең  (Қаринді пример қылып, қоймадым-ау) мемлекеттік емес, саяси қызметте жүрсе де, “ Свобода словаға” сұхбат беріп, Ерімбетовтың қисық сұрағына арқасын төсеп жүр ғой. Бекболат ағам да “ Алтынбектей саясаткер, әлдекімдей батыр болмаса да” (өз сөзі) батыл сөйлеп жүр емес пе?
Анау Сатыбалды ше? Мынау Патик ше? :-)Очм, карьера деп шығармашылық тәуелсіздігін жоғалтатын, жұмыс деп өз пікірінен бас тартатын адамдарды аяймын. Әйтеуір, аман болсынш, ағалар!.…
 

Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/03/15/%d1%85%d0%b0%d0%bc%d0%b5%d0%bb%d0%b5%d0%be%d0%bd/
Бөлісу:

4 пікір

Abilakim
Бізде биліктен кеткендер оппозицияға, билік жаққа барғандар «НұрОтанға» кіретін үрдіс бар ғой.
edige
Есітуім бар еді ертеректе. Естен шыгыпты.
Абылай түс көріпті — «Түсініксіз түс көрдім. Арыстан көрінді. Артынан әп сәтте аюға айналды. Аюдан соң Қасқырға айналды. Қасқырдан соң түлкіге айналды. Ең соңында тышқанға айналды» депті. Сонда Бұқар жырау жорып беріпті. "Ол сенің келешектегі ұрпағың" деп. Дау жоқ меніңше түлкі бұлаңы қазір сияқты
Janasil
сол әнгімені естігеннен бері Бұхар атамның айтқаны қате жорамал болса екен деп тілеймін.
edige
Лайым солай болсын. Шындық ащы ғой