Ол көктем оралмайды (Кенжебек)

Кездескен белесімнен,
Шықпайсың сен есімнен.
Уақыт та жылжып жатыр,
Аяулы елесіңмен.
Аялап гүлдерімді,
Бақытты күндерімді.
Есіме жиі аламын,
Үздіккен түндерімді.

Қайырмасы:
Гүлім, сезем, сол бір өзен,
Арнасына тола алмайды.
Өткен күндер, айлы түндер,
Көңілдерден жоғалмайды.
Бұл жалғанда ешбір ару,
Дәл өзіңдей бола алмайды.
Құстар қайтар, әнімді айтар,
Ол көктем оралмайды…

Кезгенде бұл ақырды,
Көңілде сұрақ тұрды.
Бізбенен жаңбырлы кеш,
Қосылып жылап тұрды.
Еркелеп күлімдеген,
Жайнаған гүлім деп ем.
Екеуміз қоштасарда,
Саусағың дірілдеген…
Бөлісу:

5 пікір

satibaldi
Саусағың дірілдеген…
Сірә рессора сынып кетсе керек…
ken
«гүлім деп ем» дегенге басқа ұйқас табылмаған ғой деймін))
AKY
Тағы бастадың ба?!
Ендііііі… Қатты толқып тұр. Соңғы кездесу. Қол алысып қоштасқанда, жігіт сәл дірілді сезеді… Өйткені қыз өзін-өзі әрең ұстап тұр… Жігіт шығып кеткен бойда, еңіреп жіберуге дайын… Сондықтан оның тұла бойындағы діріл саусақтарына берілген… У-у… Жълап алдым.
Соны да түсіндіру керек пе саған???
satibaldi
Жігіт шығып кеткен бойда, еңіреп жіберуге дайын…

"Өй, мынау өзі туралы айтып тұр ғой, ббуах-ха-ха-ха-ха-ха!(шалдар бұттан кетіп жатыр)" ©«Алдар көсе»