Есіл ағады (МузАрт)

Есіл ағады, Есіл ағады,
Ақбұйра толқын жарды ұрып.
Есіл аққанда, есіп ағады,
Жағада жартас жаңғырып.
Есіл ағады, Есіл ағады,
Мағжанның жүйрік жырындай.
Мені де бір қыз есіне алады,
Тарқатып өрген бұрымды…

Қайырмасы:
Сырбазың сыңғыр, сыңғыр етеді,
Сұлулар таққан сырғадай.
Түрілген сонау түннің етегі,
Ұйқыңды қайтсын ұрламай?

Есіл ағады, Есіл ағады,
Есіл ағады ерке өзен.
Көңілге мәңгі көшіп алады,
Аққудай арлы сол кезең.
Есімін толқын есіне алады,
Аймалап ай-күн жарық қып.
Есіл ағады, Есіл ағады,
Есіл ағады жарықтық…
Бөлісу:

8 пікір

Abilakim
Сөзі Ғалым Жайлыбайдікі
AKY
Бұл жерде енді, шабуыл жасалмай тұрғанда, Есілдің ешқандай да ақбұйра толқынының жоқтығын және ол аққанда ешқандай жартастың жаңғырмайтынын алдын-ала ұялып тұрып мойындауым керек шығар…
satibaldi
Өзіңнен өзің сөйлейтінді шығарғансың ба?
AKY
Қасыңнан орын дайындап қойшы. Жақын арада барып қалуым мүмкін.
satibaldi
Тек жата кету, астапырбудда…
AKY
Жату туралы сөз қозғамаған сияқтымын.
satibaldi
Қасыңнан орын дайындап қойшы.
ық-ық…