Қазақ киносынан шертілген бір тамшы ой немесе аянышқа толы махаббат дастаны...
Стивендер мен Джеймстерді шаң қаптыратын қазақтың қарадомалақ режиссері қашан туылады (немесе шығады) екен.
Сағат таңғы 6:04… aktobe88 сайтта отыр…
Бүгін 2 жарым сағат уақытымды бөліп, "Қыз Жібек" көркем фильмін тағы да қарап шықтым. Шіркін, не деген фильм десеңізші?! 70-інші жылдарда түсірілген көркем фильм болғанымен, сол бір кезеңдегі қазақ сақарасының бүгіні мен ертеңін бір-бірімен ұштастырып жатқандай… Әр көрген сайын алар әсерің таудай болады.
Сонау замандағы қазақ қызының бейнесін көз алдыңа паш етіп, ұмытылып бара жатқан тарих қойнауынан тереең сыр шертеді. Сүйгенінен көз жазып қалған сорлы жүректер, жар құшағынан тойып жылулық көре алмаған жас сұлу Жібек… Жетейін деп жете алмай арманда кеткен Төлеген… Эмоцияға толы…
Шеге мен Төлегеннің батырлық тұлғасына зер сала, мән беріп қараған адамға баяғы қазақ жігіттерінің шынайы келбетінен аларға лайық үлкен тәрбие һәм тәлім өзегі жатқаны хақ. Фильмде тек қана махаббат сарыны көрсетіліп қоймай, сонау жаугершілік һәм алмағайып замандардағы халықтың өмір сүру үрдісі мен санасы, батылдық пен шынайы сезім, әділдік пен озбырлықтың біріккен көріністері шебер түрде баяндалады. Актерлар да максимал дәрежеде сомдап шыққаны даусыз…
Көнегөз қариялар мен ажелер «Негізінде Төлеген өлгеннен інісі Сансызбай Қыз Жібекке әмеңгерлікпен үйленеді» деп айтып отырушы еді… Әйтеуір, кинода болмаса да шын тарихында Жібектің бақытты ғұмыр (нақты білмеймін, жырда солай еді шамасы) кешкеніне дән риза болдым…

AL KINOGA KELSEM, TAMMASHA, MEN DE KORSETKEN SAIYN KAITALAP KORE BEREM. BYLTYR STAMBU;DA ALMATYNYN MADENIET KUNDERI OTTI. SONDA ''KOSHPENDILER'' MEN OSY KINO KORSETILDI. ASYRYP AYTKANYM EMES, DOSTARYMNYN SUIGENIN KORSEN OSY KINONY…
KOSHPENDILERDI TUSINBEDIK DEIDI. OLAR TUGILI MEN DE TUSINBEGEM ALGASH KORGENDE.
ық-ық…