Arular.kz
Рейтинг
+4.10

Қара Сақалдың жасырын жазбалары

Серенада

Өзі соңғы апта «жүдеу де жүдеумен» өтті. Барлығыңызға демалыс құтты болсын! Алдағы жұмыс аптасы сәтті болсын! «Типа» әсемдеулерді бітірдім. Ал енді негізгі мақсатқа өтейін! Түңгі 3те қайдан лағып жүр мынау демеңіздер Менің жағдайым тек қана @Gastarbaiter-дің басына түскен шығар! Әйтсе де өзінен жекеде кеңестер күтем деп қояйын! Мен оны көргеніме біраз уақыт болды! Мен оны әлі толық білмеймін! Ол да мені аса жетік тани білген жоқ! Әйтсе де оның керемет қыз екендігінде күмәнім жоқ! Жалпы, Латын Америкасы жігіттерінің арасында мынадай салт бар! Олар ұнатқан қызының балконының алдына барып серенада айтады да қыздың жауабын күтеді.

Ақиқат пен миф (Konvict-тің рухына)

Бұл постымды бауырым @konvict-тің рухына бағыштаймын! © ҚараСақал — Кім, кім? Қашан? Жоооқ! Абай ұйқысынан шошып оянды. Кешегі күнді есіне түсіре алмай мең-зең болып кереуетінің қырында біраз уақыт көзін уқалап отырды. Ары ойланып, бері

Соңғы мезет...

Әркімнің де өмірінде бүкіл өміріңнің мән-мағынасын бір-ақ сәтте өзгертіп жібере салатын шешімдер болады. Бірақ адам соңғы мезетте өз мүмкіндігін пайдалана ала ма, әлде жоқ па ол өзінің шаруасы. Мен де осындай кезеңге әйтеуір бір күн келіп жолығарымды

Бұл елес пе?

Астанаға келе салып 2 күн ауырып алдым. Ауа райы жақпаған шығар деп ойладым. Өйткені мен келген күні күн суықтау болғандықтан, бірден мұндай суықтықты көтере алмадым деп шамаладым. Аршаттың @asaubota «Бұл жерге келген Алматылықтардың барлығы ауырып

Тегін домен алғыңыз келе ме? Мұнда келіңіз! Интернет кеңеюде:)

Бүгін мен сіздермен өте құпия мағлұматпен бөлісейін деп отырмын! Біреуіңізге болмаса, басқаңызға пайдасы болар деген ойдамын. Тегін нәрсе күнде келіп жатқан жоқ қой:) Осындағы отырған азаматтардың көбісі блогшы немесе сайты бар екендіктері мәлім!

Микроблогка төгіліп қалыпты. Керекинфоға жинап әкелдім!

Бүгін өлгелі тұрған интернетпен отырып, mail.ru-ды аша қалсам, ~Anarka~ хабарлама жіберіпті. Хабарламада не жазғанын айтпай-ақ қояйын. Бірден орындауға кіріскелі тұрмын. Микроблогқа жазған соңғы жазбаларымды осында жазуды жөн көрдім. Ұнаса +, ұнамаса жұмыртқа лақтырып, адамның абыройын төкпеңдер:)))))

Жазба...

Жазбағаныма да біраз уақыт болып қалыпты…

Қазақ киносынан шертілген бір тамшы ой немесе аянышқа толы махаббат дастаны...

Стивендер мен Джеймстерді шаң қаптыратын қазақтың қарадомалақ режиссері қашан туылады (немесе шығады) екен. Сағат таңғы 6:04… aktobe88 сайтта отыр… Бүгін 2 жарым сағат уақытымды бөліп, "Қыз Жібек" көркем фильмін тағы да қарап шықтым. Шіркін, не деген фильм десеңізші?! 70-інші жылдарда түсірілген көркем фильм болғанымен, сол бір кезеңдегі қазақ сақарасының бүгіні мен ертеңін бір-бірімен ұштастырып жатқандай…

Бір жұтым су немесе сондай бірдеңе...

Бүгінгі күннің ауырын-ай! Лекторлар не үшін қасына 1 литрлік су қойып қоятындығын бүгін толық түсінгендеймін! Оятқыш шырылынан ояндым. Сағатқа қарасам, 10.36 екен. Өшіріп қайта жата бергенімде, апам(әжем): — Әй, бастық-батыр(Үйде әжем солай атайды) бүгін лекциям бар деген едің ғой — деді. — Ой, әкемнің үлкен баласыыыыыы, ұмытып кетіппін ғой, Қозы (інім), шалбарымды әкелші — деп жатырмын ішімнен.:)

SHYMCITY қызықтары:)

Таң қаламын! Адам жата беріп те жалығады екен! Әйтпесе, интернет, тамақ, көрпе-төсек, кітаптар, Шымкенттің қақ ортасында пәтерім бар! Алматыдан қуып жіберсе, әйтеуір, далада қалмасымды білем! Биыл алдыңғыдан өзгеше қыс болды. Шымқалаға келген күнім +10 бар еді, шамасы… Келесі күндері қар жауды дейсің, қарға қарық болып қалдық. Әдетте кішкене жауып тоқтап қалатын қарымыз, күнімен-түнімен тоқтамады. Ақыры, қардың биіктігі 60см болды! Халық у-шу! „Не боп кетті өзі?„ деп таңқалысуда. Соңғы 5 жылдықта (қателеспесем) болмаған қар болды. Тас жолдарда қар кіртік-кіртік болып тұрып қалды… Таксиге тоқтатайын дедім. Қызыл түсті Opel Vectra келіп тоқтады. Аққұба реңді, қырлау мұрынды кісі есікті ішінен ашты. — Қайда барасың, бауырым? — деді. — Огонек. Тоғызқабатты басқарманың алдына -дедім қолымды үрлей. — 500 болады! — Ой братан, қымбат айттың ғой! 300ге баратын жер ғой...