Бір жұтым су немесе сондай бірдеңе...

Бүгінгі күннің ауырын-ай! Лекторлар не үшін қасына 1 литрлік су қойып қоятындығын бүгін толық түсінгендеймін!

Оятқыш шырылынан ояндым. Сағатқа қарасам, 10.36 екен. Өшіріп қайта жата бергенімде, апам(әжем):
— Әй, бастық-батыр(Үйде әжем солай атайды) бүгін лекциям бар деген едің ғой — деді.
— Ой, әкемнің үлкен баласыыыыыы, ұмытып кетіппін ғой, Қозы (інім), шалбарымды әкелші — деп жатырмын ішімнен.:)
Шалбарымды үйді шыр айналып іздеп жүрмін. Таптым. Компьютердің астында жатыр екен. Пальто мен шалбарымды киіп болып, табалдырыққа қарасам, кіші інімнің етігі тұр екен. Аяғыма ілдім де, аялдамаға қарай жөнелдім.

Университет. Ұзын дәліз. Қолымда телефон.
— Алло, Нұреке (Нұрбол Әбсәмет — Отырар Университетінің Тәрбие ісі жөніндегі проректоры, бұрынғы шебер КВН ойыншысы), ассалаумағалейкум!
— Уағалейкум ассалам, Садық, келіп қалдың ба?
— Иә, қайда барайын?
— Әзиздерге (Отырар Университетінің компьютер маманы, жақсы жігіт)барып аппараттарды ала бер. Дайындап берсін.
Телефон тұтқасы қойылды.

Үлкен көк аудитория. 30-35 шақты студент жастар. Бастадым да кеттім. Айтып жатырмын… Жазып жатыр. Көрсетіп жатырмын. Қарап отыр. Ерболда келді. Біраз мәселелерді талқыладық. Веб сайттарды түр-түрге қарай жіктеп, әрбіреуінің ерекшелігін айтып өттім. Интернеттің басталу тарихынан бастап, қазіргі қазақ интернетінің жағдайына дейін сөз болды. Жақсы өтті деп үміттенем. Сөйлеп, ұйықтап, шұқыланып, немесе агентте отырған адамды көрмедім.

Бітті-ау! Құдайым-ау, бір жұтым су берші! Nextea, Maxi шәй, Cola, Fanta, Sprite керек емес. Бір жұтым қара су болса жеткілікті…

Пай-пай, рахатын-ай! Бетімді армансыз жудым. Аллаға шүкір.

Адамдар 24 сағат су ішпесе жағдайы қалай болады екен, ә?
Бөлісу:

7 пікір

TERISKEI
әй, Қареке! Ырзамын саған! Кішкентайыңнан мынадай болғаныңа қуаныштымын!
blackbeard
3 класта ондай емес едім:))))
Zilola
Нұрбол деген баяғы Нұрмаханның қасындағы жігіт пеД? «темірден жүзік тағыңдар, жоғалып қалса, еш жерлерің ашымайды да, ауырмайды да», сосын «адамға адам ұқсайды» деген приколдары ұнайды :)
Zilola
ааа сосын бір клипке түскен еще, бірәқ клип те ән де сәтті деп айта алмаймын :((
blackbeard
Сол жігіттің нақ өзі:)