37 пікір

sammita
жазам:))
сайлау бітті, оралыңдар Керекинфоға:)
blackbeard
Kerekınfoda saılau otkızu kerek edı:))))))
sammita
Админ отставкаға....:))
asaubota
сайлауды осы жексенбіде өткізейік 2 күннен кейін. менен басқа админдікке мына қолданушылар таласады:

konvict
TERISKEI
berik

сайлауалды пиар ертең аяқталады
qisyq
Scheschesse))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
alisha
Мен не де болса жылдамдықтың пайдасына дауыс беремін;)) Сенімді өкіл керек емес пе?
qisyq
konvict — Ғани Қасымов
TERISKEI — Жамбыл Ахметбеков
berik — Мэлс Елеусізов
alisha
Осы Мэлс ағамыздың ең төмен дауыс жинағанына әлі таңмын. Кандидаттардың ішінде лекерге келетіні сол еді. Жақсы, қалсыншы, өтті, кетті…
sammita
мен де осыны жазып жатқам:))))))))
Қилызаман — Мэлс
Сатыбалды -Амантай қажы деп.
asaubota
Басқа сайттарды қараңыздарша бір бірімен қырылыс көп, хакер шабуылдары көп. Ал біз тыныш сайтта тұрып жатырмыз, неше түрлі юзер тату-тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр. Техникалық тұрғыда да жақсы дамудамыз. Маған дауыс бергендердің бәріне плюс қойып шығатынымды мәлімдегім келеді.
alisha
Керек-Асаубота! Керектің қабырғасын Асауботамен бірге қалаймыз!
sammita
:)))))))))))))))
зайырлы сайтта бақытты ғұмыр кешудеміз, сендерге басқа не керек, а?:))
qisyq
«Асауботаның сындарлы саясатының арқасында Керекинфо тұрғындары келелі істерді атқарып, керегелі жетістіктерге жетуде». «Тәуелсіз Керекинфо» газеті, 8 сәуір, 2011 жыл.
asaubota
Ол сайттың аты Керекинфо, ол админнің аты Асаубота!
alisha
Асауғасыр, Асаубанк, АсауОтан деген қауымдастықтар пайда болып, бәріміз жәйләп асаулана бастаймыз сосын!
qisyq
«Наурыз айының 19-20-сында өткен Тұңғыш Қазақ Блогшыларының Құрылтайы осы Керекинфо сайтының арқасында интернет-кеңістікте танымал болды. Қиын-қыстау сол кезеңде сайт админі Асаубота өзгелерге үлгі болып, дем бере білді». «Тәуелсіз Керекинфо» газеті, 8 сәуір, 2011 жыл.
asaubota
мен түнде де бала-шағамды тастап, халқыммен бірге болып, күрделі мәселелерді талқыладым 427-бөлмеде.
qisyq
«Шығысқа жорық» стратегиялық жоспарының алғашқы қадамы ретінде моңғолиялық бауырлармен әріптестік қарым-қатынас орнатты. Қазақстанның түкпір-түкпірінен (Ақтөбе, Қарағанды, Астана, Алматы, Түркістан) келген ел 427 бөлмеде Асауботаны көз алмай, ерекше сезіммен толқи тыңдады". «Тәуелсіз Керекинфо» газеті, 8 сәуір, 2011 жыл.
asaubota
мен жладъм…

сені бас модератор қылам епті
alisha
үкімет басшысы деңіз, мәртебелім;)
qisyq
Екеуі бір ғо. Рахмет, мәртебелім…
alisha
біраз мәртебеңіз өссін деген ем;)
qisyq
Мұрт тақсам негізі Мәсімовке келіп қалармын))))
alisha
жоға, түр-тұрпатыңызды емес, әңгімеңізді айтам да; комменттеріңізді оқып отырып есіме Нұрекең түсіп кетті;)
alisha
Нұрлан Нығматулиннен аумайды екенсіз;)
qisyq
Қойыңызшы, қайдағыны айтпай)))
Erbol
Жағымпаз зиялылар арамызда да бар екен дессең бааа
blackbeard
Біз оппозиция!!! Сайлауға байкот!!! Әділ сайлау өте ма десек, бәрі Админге жағынып кетті ғо:)))
sammita
Сайтта полиция деген болушы ме еді, Аршат?
qisyq
Оппозиция, бір-екі аптадан кейін келіп ақшаңды алып кет.
blackbeard
Сайлау туралы әңгімені бұзбашы, Хан Әбіл :)))
asaubota
өткендегідей перечисление істеп ұят болып қалмасын, қараналмен беріңдер.
qisyq
Бәке істейді ғой бәрін, алаңдамаңыз.
edige
Бәке құлшынып отыр. Але ештеңесін сатпапты :)
TERISKEI
Қарасақал-ау!!! Менің сенімді серігім ең! Құртқалы жатыр бізді мыналар!!! Менің атыма біраз «уәделерді» төксеңші, нақ!!! :))))
blackbeard
Жарқын онлайн өмір үшін!

ТЕРІСКЕЙдің осы сферада жүргеніне аз уақыт болғанына қарамастан осындай мықты дәрежеге жетіп отыр. Керекинфоның дара тұлғасына айналған, екі баланың анасы, ошшшш не деп кеттім нақ әкесі болған, арқалы ақын, көрнекті комментші, маладес менеджер ТЕРІСКЕЙ мырза осы қызметке бірден-бір лайық адам екеніне дау жоқ!
Тіпті, ТЕРІСКЕЙГЕ байланысты айтылып жүрген жыр-дастандар мен аңыздар, мақал-мәтелдер, өлең-жырлар толып жатыр.
Халық аузынан алынған аңыз бойынша, ТЕРІСКЕЙ Кездесу мен Керекинфоға келгенде Дәруіштердің қолбасшысы Satibaldi бауырын жерге төсеп жылаған көрінеді.
«ТЕРІСКЕЙ айналайын келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген» деп жырлаған Шәмшінің көрегендігі де қаһарман бейнесінің айғағы болып отыр.
ТЕРІСКЕЙДІҢ жеткен жетістіктерін шұбыртып жазбай-ақ қояйын. Ол Пушкин колхозымен болған ойында қақпашы болып, ауының арасынан бірде-бір доп өткізбеуі, ТЕРІСКЕЙДІҢ Керекинфошылар үшін адал да мықты пір, тоесть админ бола алатындығының айқын дәлелі.
Ол туралы толық мәліметтер мен сайлауалды бағдарламасын мына сайттан көре аласыздар:
www.barlygyndaketindernakotiriksailaugadoroga.net сайтынан көрсеңіз көресіз.
Опшым, өз даусыңды ТЕРІСКЕЙГЕ бер! Бер дедім!