Тегін домен алғыңыз келе ме? Мұнда келіңіз! Интернет кеңеюде:)

Бүгін мен сіздермен өте құпия мағлұматпен бөлісейін деп отырмын! Біреуіңізге болмаса, басқаңызға пайдасы болар деген ойдамын. Тегін нәрсе күнде келіп жатқан жоқ қой:)
Осындағы отырған азаматтардың көбісі блогшы немесе сайты бар екендіктері мәлім! Кей жағдайда өз блогымыздың аты ұзақ, немесе 3 дәрежелі доменде ( www.urimtal.wordpress.com, www.azanbekov.wordpress.com, www.qisyq.wordpress.com)тұрғанына іштей көңіліміз толмайтын кездеріміз де болып жатады! Немесе кейбір жаңадан сайт жасап бастаған веб девелоперлер домен ақысына қиналып (әртүрлі себеп бар ғой: мүмкін ақша шығарғысы келмей, kz торабында қалаған домені бос болмай) қалатын кездер де жиі кездеседі!
Енді ол жағдайларды ұмытыңыз дегім келеді! Интернетте жүріп мынадай қызық ресурсқа кезіктім www.dot.tk (әуелі постты оқыңыз). Мүнда бір қызығы .tk домені кез-келген адамға тегін беріледі екен! Сізден тек қана тіркелу талап етіледі! Осылайша жаңа доменіңізді өз атыңызға тіркеп 2 дәрежелі доменнің толыққанды иегері атанасыз! Осы постым көптен бері "қайдан тегін домен алсақ болады" деп құлағымды шірітіп жүрген Мырқымбайларға (Бауыржан Жакашев ағамыз айтпақшы) жауап болады деп ойлаймын!
Мен Ербол Азанбектің блогы тіркеп көрдім. Суреттер сөйлесін:) Әуелі тіркеліңіз!*

1) «Жаңа домен қосу» пернесін басасыз


2) Керекті доменнің атын енгізесіз
3) "Әрі қарай" пернесін басасыз


4) Мына шыққан терезеден «Тегін домен» деген жерге белгі қойып, "әрі қарай" пернесін басасыз!


5) Ресурсыңыздың атын енгізесіз (блогыңыз, сайтыңыз)
(* Жеке хостингі барлар (мүмкін тегін) DNS-терін жалғаса болады)
6) Суреттегі таңбаларды енгізіңіз
7) "Әрі қарай" пернесін басасыз


Маған алғыс айтып жатыр:)


Браузерден өзіңіз тіркеген адресті теріп кірсеңіз болғаны


Құттықтаймын! KZ зонасында болмаса да, жап-жақсы сайтыңыз бар:)))

@Erbol ға рыспек:) Тіркелсеңіз өзіңізге қайтарып беремін доменіңізді:) Кейбіреулер сияқты емеспіз:)
Бөлісу:

37 пікір

monti
керемет мағлұмат екен Кара сакал :)
азенбековтын доменін көшірген кезде бүт контент сонда түсті ме әлде суретпен жапсыра салдың ба? ;)
Nurgisa
Монти, қазақша қаріптерің бар сияқты ғой, «Кара сакал»ға келгенде таршылық танытып нең бар :)
monti
бәрлық нәрсені басында мейлруша жазамын да, сосын төменен жоғарылатып, қате түзеп шығамын, бұл жолы Қара сақалға корректорлық жетпей қалғаны дұрыс болмапты шынымен :)
blackbeard
Saitty ozine redirect jasaidy:)
Erbol
азенбековтын доменін көшірген кезде бүт контент сонда түсті ме әлде суретпен жапсыра салдың ба? ;)

Менің пәмилием Азанбеков сияқты еді, азенбеков өзгеріп жатыр екем. Өткенде Хабардағыдай Азнабакиев деп жазбағандарыңа шүкір.Мынау бір әріпке неге жұлқынып тұр демеңдер, просто атамнын ыңғайсыз, атымды нормально алып жүре алмадың ба десе кейін ана жақта, деп қалжыңдағандай болсаң.
monti
@Erbol кешірім өтінемін! тегіңізді бірнеше қателікпен жазыппын :(
edige
azanbekov.tk десем балмай жатыр ғой? :)))))))))))
Бланкті мынаған қарап толтырып кел десе "Үлгі" дегенді үлкен етіп көлденеңінен қоса жазып келетін адамға ұқсап.
asaubota
Токелау аралының домені бұрыннан тегін беріледі. бірақ, бірақтары бар еді қазір білмедім. бұрын мысалы менде arshat.tk (қазақша әдемі оқылады негізі Аршаттікі болып) болды. тегін болғандықтан жарнама баннер шығып тұратын еді және тек алғашқы бетті ғана .tk деп көрсетеді, басқа беттерде де солай тұра береді. яғни мысалы arshat.tk/about.html сияқты беттерді олай көрсетпейді.
blackbeard
kazir dns jalgauga bolady eken:)
asaubota
аха, көрдім. мақаланы жазбастан бұрын солардың бәрін істеп, көріп жазғаныңда пайдалырақ болатын еді :)
tamerlang
@Zilola.nk degenin tabu kerek eken:) (Zilolaniki degen syakty:))
Zilola
рахмет, тронутпын :)
Onlasyn
айдалада батпан құйрық дегендей, бұл доменнің қандай кемшіліктері бар?
patick
көзбояушылық негізі. Аршат айтқандай «приколдары» бар.
KILYZAMAN
Ай далада ақ отау — аузы мұрны жоқ отау... Тегін адресі бар(домен), пәтері(Хостер) жоқ… Сонда не болмақ?
Әлгі, котлованы енді қазылып жатқан көпқабатты үйден пәтерге дәмелендіргендей нәрсеге ұқсайды екен :-)
tamerlang
tegin hosting kyzmetin tauyp alsan bolady! domendi tirkei salasyn!
KILYZAMAN
Тегін нәрселердің бәрі — тегін білмейтін тексіздер… @blackbeard бауырым ренжіме. Әрине, бұл мағлұматыңның пайдасыда көп. Мысалы үшін — тегін KZ домен тарату үрдісі неге бізде жоқ деп тебініп қойып жорғалап(мүмкін еліктеушілігімздің пайдасын осы жерден көрерміз) ала жүгіргеніне тізгіндегілердің…
blackbeard
tolyktyrasyz ba? tolyk tusine almadym sozinizdin baiybyn!
serjan
Рахмет!!! өз сайтымды тіркеп қойдым, өкініштісі Аршат айтқандай кемшіліктері бар екен. www.bioust.tk
sigma
Біркездерде info, net, biz домендеріне акция болып, доменсіз қалғандай тіркеліп едім, келесі жылы ақылы болып шықты. Тек бір жылға акция болған екен. :)
Бәрін ұзартуға қаражат керек болғасын, кейбірін ұзартпадым.

Арзанның сорпасы татымас дейді ғо.
Zilola
сонда сізде блог/сайт бар ма? сілтемесін беріңізші
patick
Солай.де-нің авторларының біріне бұндай сұрақ қою ыңғайсыздау негізі.
Zilola
өләәә, мені әдейі жазды деп отырысың ба?
Мен бұл ағаны енді таныдым, менің блогымда бір-екі жазбама пікір қалдырған :)))
alisha
оның блогынан сенің де бір-екі пікіріңді көріп қалдым)))
balzaminka
менде білген емеспін қазірге дейін Сигманың солайделік екенін :)
Zilola
«Жерұйық мыняхта, жерұйық мыняхта, соңымнан еріңдер деді Қарасақал өзі де адасып жүріп» Евангелие от Амандық стих 35:98
Zilola
мына стихтың кейбір жері Мұса пайғамбардың кейбір істерін бейнелегендей екен
blackbeard
@Zilola Amandyktan kelgen Evangelienin senimdi jetkizushisi bolmagandyktan, kudikke boi aldyrmaularynyzdy suranam. Daje sintaxisi kate:)))))))))))
Erbol
Менсіз не қыртып жатыр мына blackbeard.Сотқа берем десең ба.Садық сақалың өсе берсін.Не дейм басқа.Сыртымнан жақсылық жасап жатыр екенсің.Клиенттеріңнен қайтсын.Нұр Отанмен бірге көктеп, көгере бер.«Европаға жол» деген мемлекеттік бағдарламаның орындалып жатқаны деп білем бұны.
Erbol
Вордпресстегі кейбір жағдайларды естіп домен ауыстырдым. Блогымның жаңа домені мынау, кіріп тұрыңыздар www.azanbekov.tk/ деесең ба. Садық рахмет!«Сынақ» алдында есіңе түсіргеніне аллаға мың алғыс! Шынында да тк болып кіріп тұр.Азанбековтікі, Садық бірақ ертең блог бұттан кетіп жатса, болмаса Токелау аралынан 169 миллард доллар қарызсыз, доменді незақ пайдаланғаның үшін деген хаттар келіп жатса, болмаса сол аралдан біреулердің арызымен интерпол халықаралық іздеу жариялап жатса, жауап беретіндер қатарында боласың.Ел куә деп бәле салсаң ба.Не де болса блогтың аты қысқарып қалыпты, ұнап тұр. (Алғыс айтып жатқан смайлик)
blackbeard
Өзідеріңе жақсылық жасаған адамның жақсылығын, тек қана клиент тауып беріп қана қайтарасыңдар — деді Ол сонда www.7kun.kz ақпараттық сайтының source codына қарап отырып. © Евангелие от Амандық, стих 27:21
Erbol
Жақтарыңа сүйенуден жарыс өтсе алдарыңа ақалтеке түспейтін шығар, а blackbeard ))))
Beytanis
Қойын дәптеріме түртіп алайын, тәуір сөз секілді.
blackbeard
169 миллиард:)) Sheshesse:)))))))