Жұлдызым (Баян Нұрмышева)

Сөзі: Сәлім Жақыпов
Әні: Баян Нұрмышева

Жас кезімде үлкендерден есіткем,
Бәрі-бәрі болады деп несіптен.
Құдай қосқан қосағыңның өзі де
Маңдайыңа жазылған деп бесіктен.

Көрмесем де, білмесем де гүл-жүзін,
Тағдыр маған қиған шығар бір қызық.
Әуел бастан маңдайыма жазылған.
Сен боларсың, сен боларсың жұлдызым!

Енді саған келеді өзі ырыс-бақ,
Ақ сәулені шашамын мен уыстап.
Адам болып неге жүрем жер басып-
Бір жұлдызды жаға алмасам дұрыстап?!

ПыСы: Ән қысқартылған, сөзі аздап өңделген (әннің атын білмеймін). Толық өлең мәтіні алты шумақ.
Бөлісу:

6 пікір

sammita
осы әнді тауып беріңдіршіі.
a63a1
әнін айтып жібермесең, еске түсіру қиындау болып тұр))))))))))
sammita
Бухар Жырау даңғ. ЦУМ-да болам, ертең.
a63a1
Бәсе бәсе дим-ау, тақырыбтың ескілігіне қарағанда, бұл ойды баяғыдан жоспарлағңансың екен-ау. Ай ақымақ басым-ай, тұзаққа қалай тап болғанымды қарасайш)))))))))))))))))))))))))
a63a1
Келіңіз, келіңіз) стадионнан бастап қызыл кілем төсейміз
a63a1
Шаңын сүртіп-сүртіп алып шықтыңба мына постты?))))))))