Онлайн медиа жасай ғой...
Алдыңғы жазбада «желге ұшқан ақшаларды» талқылап, біраз буымызды сыртқа шығарған тәріздіміз. Өкініштісі, қазір сайт жасап, дамытқысы келетін адамға үкімет тарапынан грант бөлінбейді (әрине, егер қаттырақ жыласаң, бірдеңе беріп қалатын шығар. Ол жағын тексермедім). Аршат та бұл жайлы ойын тарқатып айтқан еді.
Есесіне, Халықаралық ұйымдар онлайн медиа ашуға, интернетті дамытуға арнап гранттарға байқау жариялап отыр. Соның бірі Сорос Қазақстан қорының бағдарламалары.
Бірінші жобаның тақырыбы «Онлайн медиа құру байқауы» деп аталса, екіншісі «Интернетті қолдану мен дамытуды ынталандыратын жобаларды жүзеге асыру байқауы» деп аталады (орысша берілген екен, дәл аудара алмаған сияқтымын).
Егер шынымен де сайт жасап, өзінің жобасын дамытқысы келетіндер болса, менің ойымша халықаралық ұйымдар андай-мындай деп, үркіп-қорқа бермей мүмкіндікті пайдаланып, іске кірісу керек сияқты.
Сурет Розатайдың блогынан алынды
пысы. Құрылтайда грант мәселесін де көтеру керек екен деп түртіп қойдым :)
Бұл түрлерімен елді тоздырады, жеп-жеп қашып кетеді бір күні.
Бір шешімі бар маосындай былыққан әрекеттерді айналып өтіп, ҚазНетке қолдау табатын.