Жапон киносының 11-ші фестивалі
Алматыда Қазақстан Республикасындағы Жапония елшілігі, Олег Борецкийдің киноклубы және “Цезарь” кинотеатры бірігіп жапон киносының 11-ші фестивалін өткізгелі жатыр. Шараның мақсаты -жапон киносының түрлі бағыттағы (жер жүзіне танымал анимеден бастап, әлемдік деңгейдегі киносыншылар жоғары бағалаған терең мағыналы драмалық дүниелерге дейін) туындыларын көрсету делінген “Афиша” сайтында.
Кинофестиваль 2011 жылдың 25-27 ақпанында “Цезарь” кинотеатрында өтеді. Фильмдердің барлығы жапон тілінде жүреді, орыс тілінде субтитрлар болады.
Билет бағасы – 200 теңге.
Фестивальдің кестесі:
25 ақпан (жұма)
19:00. Ашылу салтанаты. “Әрқашан: Үшінші Авенюдағы күнбатыс” фильмінің көрсетілімі
26 ақпан (сенбі)
16:00 – “Сиқырлы жаз” / 18:30 – “Кеткендер”
27 ақпан (жексенбі)
16:00 – «Линда, Линда, Линда» / 18:00 – «Ханаби»
Жапондық киноға қызығушылық танытатындар үшін бұл фестиваль біраз әңгіме болады деп ойлаймын.
4 пікір