Бонапарттың үйленуі немесе сүндетке отыру:)

Бүгін өте жақсы күн болды!

Кейбіреулерге ащы болса да айтайын, Шымкентте театр бар. Жай ғана театр емес, Қазақстандағы жалғыз ғана әзіл және сатира театры. Бас директоры сатираның белді майталмандарынан бірі — Уәлибек Әбдрәйімов.

Сонымен кеше таңертең ОТЫРАРTV каналында Уәлибек ағамыздың интервьюін тыңдадым. Жарықтық, жібереді ғой әңгімені… Сөз соңында жаңа «Бонапарттың үйленуі» атты комедиялық қойылымның болатынын айтты.

Сонымен баяғы Шымкенттік сарынға салып, таныстардан сұрастырып, қойылымға шақыру билетін алдық-ау әйтеуір:)

6:00де басталатын қойылым әдеттегідей 6:32де басталды.
Блог - blackbeard: Бонапарттың үйленуі немесе сүндетке отыру:)
Басталғалы тұр
Блог - blackbeard: Бонапарттың үйленуі немесе сүндетке отыру:)
Банопарт атты жігіттің үйленуі барысындағы шым-шытырық оқиғаларды майын тамызып, айранын ағызып көрсетіп берді, жарықтықтар! Жалпы оқиғаның барысы мынадай:
Үйленейін деп жатқан Бонапарттың сүндетке отырмағаны белгілі болады. Сонымен оны сүндетке отырғызады. Содан соң ол жазылмай біраз үйде жатып қалады. Жақында той! Не істеу керек:) Бәрекелді, бәрекелді! Шаншар әлі босаңси қоймапты! Тіпті мықтылана түскендей…
Көрермен қошеметіне әркім ие бола бермейді…
Блог - blackbeard: Бонапарттың үйленуі немесе сүндетке отыру:)
Аты: Банопарттың үйленуі
Режиссері: Мақсат Айтжанов
Рөлдерде: Уәлібек, Жүсіп, Нұржан (Тука емес дедік қой), Бонапарт (аты есімде жоқ), Жеңгесі (баяғыда Қазақстан-Шымкент Телеарнасында істеген қыз. Менімен бірге Айқарагөз бағдарламасына түскен.) тағы басқалар(Есімнен шығып кетті)!
Жалпы мықты болды! Көптен бері осылай күлмеп едім… уахахахха:)
Бөлісу:

22 пікір

sigma
жарыктык, жарыктык деп коясын, кайтыс болып кеткендер ма ылги бари?

Шота кайда осы, Шымкент дегенде есиме тусип кетти.
blackbeard
Қайтыс болмаса, қайтыс болады ғой (Алла ұзақ та мәнді өмір берсін!):))

Шота Қарағандыда білім алып жатыр:)
Nurgisa
Әбеке, Шымшаһарда «жарықтық» кейде о дүниелік боп кеткендермен бірге, Маңғыстауша айтқанда "Әй, сау бооол!" контекстінде де айтылады.

Қарасақал, шырайлы Шымқалалық екеніңді білмеппін.

Шота жақында Астанаға футбол матчына келеді.
omarbirat
Камрипі жоқ па? :))
blackbeard
Өзіңіз барып көргеніңізде HD болатын еді:) Camrip жоқ екен! Көкбазардағы Шымкенттік Пираттардан іздеп көрмесеңіз:)
TERISKEI
әрәмішкәәәәәәәәәәә, өзің ғана көре бересің бе?:) Қашан келесің, Қара сақал?
blackbeard
Iншалла Дүйсенбі күні барамын!
omarbirat
Алматыда көрсетілімі болар-болмасынан хабарсыз едім. Оның үстіне анда-мұнда шығуға уақыт та табыла бермейді :)
sammita
театр деген жақсы ғой «жарықтық»;) Жақсы жазба. Жақында «Шаншар» Астанаға келеді, жаңа бағдарламамен дйді, жарнамасы шын болса.
ПыСы: ренжімесең «Бонапарт» деп өзгерте салсаң.
blackbeard
рахмет!Өзгертіп қойдым:)
Abilakim
Д.Исабековтың шығармасы ғой.Кашпировскийдің сеансын қарататын жері болуы керек еді))).«Шаншар» «Ескерткіш хикаясында» осы кісінің шығармасынан алып қойған еді ғой кезінде))))«Алдараспанды» ұнатпағаным емес шаншардың абыройы әрдайым ол театрдан жоғары болуы керек.Шаншар Тукасыз да шаншар болған.
AKY
Д.Исабековтың шығармаларын театрдан көрмей-ақ, кітаптан оқып отырып та күлкіден өлетінмін)))) «Ақырамаштан Наурызға дейін», «Талахан 86», «Конфронтация», «Ескі үйдегі жаңа қоныс» т.б. әңгімелері қойылымға сұранып тұр.
blackbeard
Дұрыс айтасыз Әбеке:)
Gulistan
Шаншарға ріспек! Жалпы, мен «Шаншардың» шығармашылығын ұнатамын. Жанұямызбен қарап, бір рахататнып қаламыз.Дискісін іздеп тауып, қарайтын болдық. Айтпақшы, бұлардың "Қысылғаннан қыз болдық" қойылымы бірнеше жыл бұрын Алматының әкім театрында сахналанған еді ғой, бұл да соның жалғасы сияқты.
TERISKEI
әкемтеатр емес, Ғ.Мүсіреповте қойылды ғой деймін…
sammita
Басқа қандай қойылымдары бар? «Бонапарттың үйленуі» де, "Қысылғаннан қыз болдық" та бұрын сахналанған қойылымдар.
blackbeard
«Кәрілігімді сағындым» Н.Кадиров, «Ауруханадағы әлек» У.Абдраимов, «Ауылым-әнім» С.Жүнісов, У.Абдраймов, «Боз бойдақ» Қ.Мәмбетқұлов, "Әзілің жарасса" У.Абдраймов, «Келіндер көтерілісі» Саид Ахмад (Сұмдық, мықты осы қойылым), "Ғашықтар хикаясы" Қ.Жүнісов
sammita
«Келіндер көтерілісін» астаналық театрдан бірнеше рет көрдім, өте қызықты комедия:))Қалғанымен таныс емеспін((
Zilola
«келіндер көтерілісі» негізі өзбекфильм ғо, баяғыда көп көруші едім, қазір де сағынғанда вконтактедан қарап тұрам :)
sammita
Жазылып тұр ғой авторы Саид Ахмад деп. Өзбектікі. Қазақша режиссерлар сахналаған. Негізі сахнадан көрген әсерлірек:)
Zilola
оны түсіндік, жалпы мен фильм жайлы айтқам!
sammita
дұрыс, дұрыс, ұқтым:))