Шаншар 15: Қошан (2011 remake)

Кеше Youtube-тен видео көріп отырып тауып алдым. «Шаншар» театрының юбилейінде ма, бір кәнсертінде Қошанға римейк жасалған екен ))


Видеоны Интернетке шығарған yerbol89-ға үлкен рыспек
Әрі қарай

Бонапарттың үйленуі немесе сүндетке отыру:)

Бүгін өте жақсы күн болды!

Кейбіреулерге ащы болса да айтайын, Шымкентте театр бар. Жай ғана театр емес, Қазақстандағы жалғыз ғана әзіл және сатира театры. Бас директоры сатираның белді майталмандарынан бірі — Уәлибек Әбдрәйімов.

Сонымен кеше таңертең ОТЫРАРTV каналында Уәлибек ағамыздың интервьюін тыңдадым. Жарықтық, жібереді ғой әңгімені… Сөз соңында жаңа «Бонапарттың үйленуі» атты комедиялық қойылымның болатынын айтты.

Сонымен баяғы Шымкенттік сарынға салып, таныстардан сұрастырып, қойылымға шақыру билетін алдық-ау әйтеуір:)

6:00де басталатын қойылым әдеттегідей 6:32де басталды.
Блог - blackbeard: Бонапарттың үйленуі немесе сүндетке отыру:)
Басталғалы тұр
Әрі қарай