The ТЕРМИНатор: Асталависта, "мәтіналғы"!

Әу баста информатика терминдерінің «мәліметтер қорын» жасап тастап, оның толтырылуын жайбарақ бақылап отыру перспективасы мықты ұнаған еді («жұмысы аз, рақат емес пе?»).
Бірақ, соңғы онжылдықта белең алған, бер жағы – берекетсіз аударма болса, ар жағы – қарапайым көргенсіздікпен ұштасып жатқан қазақша терминдердің табиғатын саралай отырып, олардың қолданысқа енбеуінің себебі – әншейін өзімбілемдік пен менмендікте жатқанын түсіндік. Информатика терминдері, көптеген кәсіпқой мамандардың сүзгісінен өткен тұщымды өнімнен гөрі, бір адамның солосы тәрізді сезімдер қалдырады.
Ендеше, терминдерді аударудың немесе аудармаудың басқаша әдісіне көшсек дейміз. Оның түпқазығы – керекинфошылардың көзқарасы болмақ. Әрі ұсынылған терминге қатысты пікірлер де үнемі қадағаланады. Бұл – барлығы болмағанмен, көпшілік қолдайтын, айтуға ұят емес терминдердің өмірге келуіне септігін тигізеді ме деген дәме бар. Және терминдерді «Керекинфошылар бекіткен!» деген айдармен бөлек кестеге жинап отырмақпыз.
Терминдерді әліппе ретімен емес, қолданыста жиі қолданылатындар ретімен ұсынуды жөн көріп отырмыз.
«Төл тіліміздің көсегесін көгертейік!» деген ұран тастап, революциялық рух беруден аулақпыз. Жәй, қолыңыз тигенде қарап, өз пікіріңізді білдіріп қойсаңыз да үлкен қолғабыс.
Іске сәт!
Бөлісу:

37 пікір

omarbirat
Респект, Ереке! Осындай нәрсе менің де ойымда жүр еді.
Elserk
Ерлан, мына жобаң керемет екен. Осыны мен де ойластырып келстре алмай жүргем. Жаңа терминді қалай жайғастырам: курсор — тінтуір, мұны қытайлық қанндастар «мышты» атайтын көрінеді, алайда, орысшы «мышь» жазылатын сөз қазақта бұрыннан бар, оны «мыш» немесе «міш», яғни қаптесер тышқанды осылай атайды. Орыстың «мыйшы» осы Алтын орда кезінің қаптаған түркизмі кезінен орекеңдерде келеді. Ол өз сөзіміз. Тек қана «мыйш» емес, «мыш» деп алу керек.
TERISKEI
Жақсы бастама екен! не в тему болса да айта салайыншы, тілім қышып барады, Қытайдан келген бауырлырымыздың «пульт» сөзін «тоқтізгін» деп атауы жаныма майдай жақты ше!
Elserk
Иә, қазақтың қос сөзінен жаралғаны үшін жанға майдай жағады, бірақ «пульт» тоқты меңгермейді ғой, белгілі бір қондырғыны, құралды «тізгіндейді».Ол ағайындар «водительді» ТІЗГІШІ деп жүр, сонысы дұрысырақ-ау!
omarbirat
«Тоқ» — орысша «ток» (ағын) деген сөзден шыққан ғой?
sammita
Ток-ток. Аударылмайды.
Gastarbaiter
Біз пультті үйде «таяқ» дейміз, немесе «пүлте» дейміз.
Elserk
«Тоқтізгін» мен «пульт» дегеннен гөрі, шынында да «пүлте» барынша қазақы екен, «күлте», «пілте» сөздерінің туысы секілді, әлгі «пульттің» қазақы қарыннан шыққандығы көрініп тұр.Мен тап осыны қолдаймын. Осыны да дауысқа салып көрген дұрыс. Бірақ «чиновникті» ақрындарының түгі кеткен терминком мүшелері «шенеунік» деп күлді-бадам дүние жасады. «шенеу» деген қазақ сөзінің тіпті, басқа нәрсені білдіретінін ескермеген, сосын қазақша "ұлық" сөзінің «чиновник» екені қарастырылмған. Ал, мына «пүлте» өз орнын жақсы табады деп ойлаймын.
Gastarbaiter
Пүлтесі қайда мынаның десем бәрі түсінед әйтеуір:))))
Abilakim
Біз үй де кнут дейміз)))Себебі атам пульт дегенге тілі келмей кнут дегені бар еді. Қазір бәріміз қалжыңдап солай ддейміз. Пүлте деген жағымжы естіледі екен.
sammita
бекітілген терминдер бойынша «ток» деген сөз осылай қалады қазақша. Ауызекі тілде ғана «тоқ» дейміз, бұл дұрыс емес.
sammita
«Керекинфошылар бекіткен!» деп жазғаның жөн болыпты. Жоғарыдағы «Керекинфошылармен бекітілген» дегенді түзету туралы жазуға қолым тимей жүрген еді. Мысалы: «Утвержден Комитетом ISО» десек, оны мағынасына да қарамай қазақшалап «ISО комитетіМЕН бекітілген» деп аударады! Дұрысы: ISО комитеті бекіткен.
Тағы айтарым, әйтеуір қазақша болсын деп жөнсіз сөздер легін ұсына бермей, кітаптарды, соңғы бекітілген терминдер жинағын қарап мағынасы бар, осы дұрыс-ау деген аудармалар ұсынылса. Әйтеуір жазу керек болған соң басыңа алғаш келген сөзді жаза салмай. Информатика саласында бекітілген терминдер жетерлік. Тек жыл сайын Мемл. терминология комитеті жаңартып, жаңғыртылған сөздермен толықтырып жариялап тұрады. Ұсынылғанның барлығы ескеріліп қабылдана бермейді. Ол жерде Тіл мамандары, ғалымдар, мықты филологтар жетерлік бұнымен айналысатын. Тек әр сала бойынша ұсыныстарды қабылдап талқыға салып отырады. Менде 2004 жылы жарық көрген Үкіметтің 25 сала бойынша шығарылған сөздік кітабы бар, ішінде өте сәтті аудармалар бар, кемшіліктері де жетерлік. Бірақ одан кейін қанша жаңа жинақтар шықты. Сол комитеттің мүшесі, ф.ғ.к.Құрманбай Шерубайұлының сөздіктер кітабын көп пайдаланамын өзім. Оқу курстары да өте күшті өтеді.
Gastarbaiter
Саммита сенің қолданып отырғаның әдісің, адам санасына авторитетпен қысым жасау деп аталады. Яғни былай, «Бұл сендерге халям-балям емес, мықты адамдар отыр ол жақта да! Ұсақ-түйек адамтектестер солардың айтқанынан бағынбасқа амалдарың жоқ!»

Ішінде өте сәтті аудармалар бар! депсіз. Мен үшін сәтті аударма, көпшілікте ешқандай дау тудырмас, бәрі (филологы да, программері де, қарапайым трактор жүргізушісі де) емін еркін қолданып жүрген сөз.
Және оның қандай қисынға жүгініп жасалғаны маңызды емес. Ең бастысы танымалдылық!

Егер 8 миллион адам ережеге қарсы сөзді пайдаланса, онда ережеге түзету енгізген дұрыс деп ойлаймын. Жалпы сөздің вирус сияқты жұқпалы болғаны дұрыс.
ErNur
Жалпы сөздің вирус сияқты жұқпалы болғаны дұрыс.

Отандық жаңа вирус- «СҮЗГIАЙНА» ))))))))
sammita
сүзгі деген фильтр екенін ескерсек, мына сөзді жан баласы ұға қоймас онсыз да ми ашып жатқан аударма ісінде.
sammita
Гаста пікірің де орынды, сондықтан басымды изеймін толық қолдап. Бірақ менің айтқым келгені, қызық көріп әйтеуір бір сөздерді жаза беру мақсат емес. Егер мысалы, «мынау терминді қалай аударар едік?» деген сұраққа барлығы қисынды-қисынсыз сөздерді ұсына бермей, алдымен «сөздікте қалай аударылған, бұрын-соңды бұл аударма болды ма, бәлкім мен ұсынған сөздің орысша басқаша аудармасы бар шығар» дегендей іріктеу болса іштей. Сосын неге дәл осы сөзді ұсынғаны жайлы негіздеме түсінік бере кетсе. Ал бекітілген, ресми құжаттарда қолданысқа еніп кеткен термин сөздер жинағы бары рас, алда-жалда аудармаға қатысты дау туындап жатса «міне мына жерде осылай бекітілген» дейтіндей жинақтың болғаны дұрыс қой. «Оның ешқандай құзыры жоқ деп, терминдер шала аударылған» деп аққу, шаян һәм шортанның кебімен былай тартысуға бақсақ, ең оңай дүние термин аудару сияқты.
Gastarbaiter
Орынды. Жән тәртіп шақыруға қатысты жазба жаза берсек, сол тартыстың шырмауына маталып, терминімізбен шаруамыз болмай қалмасын.

Брейнсторминг /ұжым санасының күшіне салғанда кейбір сантехниіктің ұсынысы болмашы /Әшкилі профессірлер менсінбеген/ идеялар гениалдылықтың асқар шыңы болып жатуы сирек жағдай емес сияқты.
Gastarbaiter
Жалпы жауапкершілік жайлы ойыңа толық келісемін.
Термин талқысындағы идеалды ұжым ол тіл мамандары мен тікелей сол сөзді ең көп қолданатын салада істейтін мамандардан 50/50 жиналған қауымы сияқты. Әлгі сантехник сканерді қолданбайтын болған соң, оған онша жауапты қарай қоймас. Екінші ойға салсам, тап осының үстіндегі асығыс арқа қозып қойып қалған теңеуім(брейнсторм жайлы) термин таңдауда орынсыздау сияқты.
sammita
бұны өзіме бағыттап қабылдап қойдым:(( (брейнсторм туралы). Тыныш отырам.
omarbirat
«Керекинфошылар бекіткен!»
Осы вариант дұрыс, меніңше.
Elserk
Терминшілер мен тілшілдерді мына сілтемеге зер салуды ұсынам:
abai.kz/content/internet-konferentsiya-kanagat-zh-keshev-basy

sammita
оййй, жазба тым ұзақ екен. Қысқаша түсініктемені тобықтай қып жазсаң болар еді.
Elserk
«Терминатор» қатысушыларына! Басқаны қайдам, өзім бұл жобаға кәдімгідей байсалды қарап кіріскем. Бірақ кейбір әріптестер тарапынан сезім мен төзімге арандату жасалғасын, сол деңгейде жауап беруге тура келді. Анайыға анайы да жауап кетті. Кейбреулер тарапынан мысқыл да тыйылар емес (оййй, жазба тым ұзақ екен. Қысқаша түсініктемені тобықтай қып жазсаң болар еді.) Амал не… Бар мәселе менен болса, кешірім сұраймын.
Жалпы, бұл жобаны өлтіріп алмайын десек, жауапкерлік пен тәртіпке көңіл бөлген дұрыс. Қарапйым әдеп керек, мінеу мен сынау, жеке басқа тиісу болмағаны жөн.
Жалпы, термин баламасын қарауға қысқаша ереже болса, үдерісті тиімді етпек, мысалы:
Әуелі термин ұсынушы сол терминнің мәнін білдіретін дерек пен ақпарат ұсынғаны жөн, ол бізді бірден балама іздеу бағытын дұрыс таңдауға мүмкіндік береді;
Әркім екі нұсқадан артық ұсынбасын;
Әркім үш мәндетпеден (комментарий) артық сұрынасы болмаса, бермесін;
сосын ұсынылған баламаларды лингвистикалық негізде сараптайтын сарапшылардың болуын қамту керек;
Сараптама баламаны таңдауды емес қорытуды ғана беруі керек, ал қатысушылар өздері қалаған баламаға дауыс берсін.

Әрине, бұл декрет емес, жай ғана ұсыным. Қабылдау не қол сілтеу қатысушылар еркінде.
СӘТТІЛІК!!!
Gastarbaiter
Ельсеркітікі жөн!
sammita
Кейбреулер тарапынан мысқыл да тыйылар емес (оййй, жазба тым ұзақ екен. Қысқаша түсініктемені тобықтай қып жазсаң болар еді.)
түк мысқыл көріп тұрған жоқпын. Сілтемені тастай берсек не болады? Мыңдаған сілтемені ашып қарап отырайық онда. Жалпы тақырыпта пікір таласырып қажеті не онда? Сілтемені беру мақсатың, несімен келісесің, қайсысына қарсысың жалпы өз пікіріңді білдіру керек алдымен. Бұл ұрыс емес, жымиып отырып жаздым. Өзіңе деген ізгі ниетпен саммита:)))
sammita
үш мәндетпеден (комментарий)
ойыбай, ойыбай, жүрогум:))
Elserk
Ернұрдың мына бір сөзі болашақ баламаның бір критерийі болатын сықылды: «Жалпы сөздің вирус сияқты жұқпалы болғаны дұрыс. » Тамаша! Тек қана «сөздің» орнына «сәтті баламаның» деп қойайық.
Gastarbaiter
Елсеріктікі жөн!
ПС. Тек братик болашақ баламаның критериін мен айтқам. Ақыры сөз бен сәтті баламаның айырмашылығына сонша үңілген екенсің, сөз бен сөйлемнің айырмашылығына да көңіл бөлген дұрыс.
А так, Елсеріктікі жөн!!!
konvict
Гәсеке анау орыстың насосын қалай аударамыз. Кейбіреулер алсор деп мыжып жүр? МХ деп қойып
Gastarbaiter
Неге сұрадың?
Насос деп айтсаң түсінбей жатыр ма? Әлде өз блекджегі мен шлюхалары бар дербес үй соққысы келген баланың комплексі ме?
konvict
Бұл бір нәрсені жазып атын шығарғысы келген адамның мыжымасы
Gastarbaiter
Онда «сорғы» деп айт, жүрсін сорғылап, бәлкім аты шығып қалар.
konvict
Жарайды Гаста хазіретлері! Устадтын айтқанын тыңдау керек қой
Elserk
«Керекинфошылармен бекітілген» (утвержден керекинфшыларом)деген грифке тілгерлер қалай қарар екен? Калька ғой. «Керекинфошылар бекіткен» десе ше?
sammita
бұл ұсынысты Аршатқа жеке айтқам басында. Сөйтсем техносиндром жасаған екен бұны. Жоғарыдағы жазбаға дұрыс нұсқасымен жазыпты. Ал анау мөрге ұқсатып жасалған жазбада әзірге өзгеріс жоқ.