Пақырдан патшаға дейін... Прелюдия

Блог - Orkenegro: Пақырдан патшаға дейін... Прелюдия
Кекілді кері қайтарған сайлаудың самалы күн санап күш жинап келеді. Аптаның соңын ала бере, Орталық сайлау комиссиясы алдағы науқанның амал-шарттарын анықтап тастады. Комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов сайлауға түсетіндердің додаға шашатын ақшасының 431 млн 973 мың теңгеден аспауы тиіс екенін ескертті. Қалта қамынан бөлек, үміткерлер еліміздің 14 облысының кем дегенде тоғыз облысында тұратын 91 мың сайлаушының қолын жинауы керек болады. 

Ал Президент сайлауына үміткер ұсыну, тіркеу, үгіттеу шараларының өткізілу мерзімін төмендегі кестеге түсірген едім.








5ақпан Сайлауға үміткерлерді ұсыну басталады 20ақпанҮміткерлерді ұсыну аяқталады 2наурызҮміткерлерді тіркеу мерзімі тәмамдалады 3наурызСайлауалды үгіт-насихат шаралары басталады 1 сәуір (2-сіне қараған түнгі 00.00-де)Үгіт-насихат шаралары тоқтатылады 3 сәуір (07.00-20.00 аралығында)Сайлаудың өту уақытысы 9сәуірге дейінҚорытындысы жарияланады


Қазақстанның президенті болуға пейіл азаматтарға қойылатын талаптар да бәз баяғы қалпында қалыпты. Яғни, үміткер Қазақстанда туып-өсіп әрі соңғы он бес жылын осы елде өткізуі тиіс. «Қамал бұзар» қырық жастан асып, қазақ тілінде еркін сөйлеп, жазатындай деңгейі болғаны да бұлжымас шарттың бірі. Бірақ, биылғы сайлаудың біршама өзгерісн де атап өтпеуге болмас. Айталық, бұл сайлауда мерейі үстем болған үміткердің билік ету мерзімі бес жылмен шектеледі, сайлау парақшаларында «бәріне қарсымын” деген тармақ атымен болмайды әрі электрондық сайлау жүйесі қолданылмайды. Себебі, сайлаудың ашықтығын қамтамасыз етеді деген сандық құрылғыларды халық қабылдамады. Естеріңізде болса, ел ішінде «электронды сайлау – виртуалды алдау» деген мағынасы майысқан мәтел де шығып үлгеріп еді. Сондықтан, қопадағы қамыстай керексіз боп қалған жүйе тағдырын Тұрғанқұловқа тапсыра отырып, сайлаудағы таңдаудың тек қағазбен жасалатынын құлаққағыс етеміз.
Талап қойылып, таяқ тасталғанымен, Орталық сайлау комиссиясына 8-ші ақпанға дейін үш азаматтың ғана өтініші келіп түсті.
Біріншісі, Уәлихан Қайсаров 2005 жылғы Президент сайлауына сенатор болып тұрғанда қатысуға қайраттанып көрген-ді. Бірақ, тіркеу кезінде талап етілген құжаттарды әкелмегені үшін ол келесі сайлау турларына қатыса алмаған болатын. Қайсаровты қазір «Кенесары хан» қоғамдық қорының төрағасы әрі білікті, бетті саясаткер ретінде танимыз. Кэмбридждегі Еуроорталық мектебін бітірген жігіт ағасы «Ауыл балалары» қоғамдық қорының президенті деген қызметті де қоса атқарады. Айтпақшы, Уәлихан Қайсаровтың «Азат» ЖСДП саяси кеңесінің мүшесі екенін біреу білсе, біреу білмейді.
Ал Сәлім Өтен 1998 және 2005 жылдары өткен Президент сайлауына үміткер ретінде өзін ұсынған болатын. Бірақ, екеуінде де ауы мен бауы түгенделмей, орта жолда атын бәйгеден алып тастауға мәжбүр болды. Бірақ, бұл жолы Сәлім буы бұрқырап, қалайда биліктің Олимпіне жетпей тынбаймын деп тыпыршып отыр. Алпысқа тақап қалған ағамыз «генерал болуды армандаған сарбаздың» ұстанымымен жиырма жыл жүргізген саяси күресінің жемісін биыл жеймін дейді. Астанада тұрып, «Ақ Тарлан» деген газеттің бас редакторы, «Дәстүр» орталығының директоры деген дардай атағы болса да, Өтен мырза дүйім жұртқа «бөтен» болып тұр.      
Кеше ғана Мұсағали Дуамбеков деген азамат өз өтініш ОСК-ге қалдырып кетті. Интернет Мұсағали турасында мол мәлімет ұсына қоймады. Білгеніміз, ол «Экологиялық таза өнім» стандарттау техникалық комитетінің төрағасы болып қызмет атқарады. Мұсағали Сәрсенбайұлы бұған дейін «Халықаралық экология академиясы», «Қазақстанның экологиялық қоры» секілді құрылымдардың басшылығында болып келіпті. Құрығанда, бірде «Жасыл ғаламшар», бірде «Менің Қазақстаным» деген тіркелмей қалған партияның төрағасы болған Дуамбековтың қызмет-лауазымдарының қай жерден басталып, қай жерден аяқталатынын білмей, қор болдық. Дегенмен, бұл азаматты да жалпақ жұртшылық тұрмақ, көзі қарақты оқырманның да жазбай танымайтыны анық. Бір ерекшелігі, бұл азаматтар өздерін өздері ұсынды.
Қызық енді басталып жатыр… Бұйыртса, Есімовтың ағылшыншасымен айтқанда, “Ту би континиюедтер” Блог - Orkenegro: Пақырдан патшаға дейін... Прелюдияболып жатыр

Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/02/07/%d0%bf%d0%b0%d2%9b%d1%8b%d1%80%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d0%bf%d0%b0%d1%82%d1%88%d0%b0%d2%93%d0%b0-%d0%b4%d0%b5%d0%b9%d1%96%d0%bd-%d0%bf%d1%80%d0%b5%d0%bb%d1%8e%d0%b4%d0%b8%d1%8f/
Бөлісу:

36 пікір

Abilakim
шап-шап!!!қиқу-қиқу!!!
asaubota
букмекерлер сайлауға бәс қабылдайды ма екен, соны ойлап отырмын. бұрын Назарбаев 85 пайыздан көп алады ма деген бәс қабылдап еді. әрине деп бәс тіккеніміз есімде :) букмекерлерді сорлатқан жыл болып еді…
Nurgisa
қазіргі меже +- 95% болуы ықтимал :)
asaubota
бұл жолы бекмекерлер тоталды жоғары белгілеп, бұрынғыдай қателікке бой алдырмайтын шығар :)
bazuka
абай.кз ау дим референдумге жеті жүздей кісі ғана қарсы дауыс беріпті депті сондықтан +99 пайыз болатын сияқты))) бірақ қалыс қалғандар қанша пайыз болады екен
Abilakim
Болат (Бутя) түспей ме екен?
alisha
біздегі жергілікті бір сайтта сауалнама жүргізіліп жатыр, ішінде Бутекең де бар:
КТО ИЗ НИХ ДОСТОИН БЫТЬ ПРЕЗИДЕНТОМ?
Владимир Козлов
Булат Абилов
Токтар Аубакиров
Жасарал Куанышалин
Галымжан Жакиянов
alisha
Не айтасыздар?
Nurgisa
Жасарал Қуанышәлі деген кім???
alisha
«Жаса, азаттық» па, әйтеуір осыған ұқсас бір бірлестіктің лидері. Басы істі болғанын білемін әйтеуір…
bazuka
ақтөбелік, НӘНмен басы бір қазанға сыймай жүргендердің бірі, және ақын Айсұлу Қадырбаеваның жолдасы екенің білем
gunner
Владимир Козлов пен Булат Абиловты қазақтілді қазақтар қолдамайды, Жасарал Куанышалинді көбісі білмейді, Токтар Аубакировты қазақтар қолдар еді, бірақ саясат пен экономикадан білімі жетпейді, Галымжан Жакиянов қатысса біраз дауыс жинайды деп ойлаймын.
alisha
иә, бұл жәй сауалнама ғой, бұлардың өз кандидатураларын ұсына қоюлары екіталай. Әлихан көкеміз сияқты: «Сайлауға түсудің еш мәні жоқ» екенін ұғатын шығар;
gunner
)) Әлихан қазіргі биліктің адамы ғой дим, Қазақстанда оппозиция бар дегенді білдіретін уақытша «оппозиция», откен сайлауда білініп қалды, меніңше
Abilakim
Сайқал адам ғой, реңіне қарап ақ ажыратуға болады ғой
Abilakim
Бутяның қазақшасі қазір тәп-тәуір.Биліктегі көбінен жақсы. Бірақ өз басын күйттеп жүрген жан ба, халықты ойлай ма айта алмаймын.Ғалымжан сайлауға түсе алмайды ғой.Естуімше ол кісіде қазір бұрынғы денсаулық жоқ.
Malimetter
БӘрі де ел басқаруға лайықты. ТЕк солардың бастары біріге бермейді. Ал бірлік болмаса, қазіргі билікке жем болады.
gunner
НӘН қайта-қайта сайлауға түсіп жатыр, ТАС қартайып кететін болды президент болғанша ((
alisha
ТАС? Бас жасамай жатыр, шифр студияға!
Abilakim
Тұрмағамбет Асатуллаұлы Сәдмағамбетов
gunner
ТАСмағамбетов Иманғали Нургалиевич
alisha
ТуҺ… НӘН-ді НАЗ дегенде, ТАС-тың ТИН екенін түсіне қояр ем. Имаш — біздің елдің баласы ғой! Атыраудан кеткенде халық шын қимастық танытты.
Zilola
Есімов демекші, ағылшыншасы күтпеген жағдай болды ғо :)
Бірәқ маладес кириллицамен жазылған түсініксіз сөздерді судыратып оқып шықты :)
Gastarbaiter
пазор-ай десейш…
Malimetter
Мұсағали Дуамбеков деген кісі — қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, эколог, “Халықаралық экология академиясының" президенті, “Экологиялық таза өнімдер” стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің төрағасы…

Біраз еңбек еткенімен көпшілікке таныс емес екені рас.
sammita
ТК 60 президенті Дуамбековты жұмыс барысында сырттай естуім бар. Үміткер ретінде қатысуы қызық болып отыр…
sammita
түзету: ТК 60 президенті емес, төрағасы.
omarbirat
«Президент» сөзі онсыз да "(үстелдің) басында отырушы" (тойыс, «төраға») деген мағына береді ;)
sammita
жоқ, ТК (Техникалық комитеттерде) ресми бекітілген атауы төраға.
omarbirat
Латыншасы «президент» екен деп отыра берейік те :)
sammita
Қазақстан Республикасының төрағасы бола ма?
omarbirat
Таза қазақшаласа солай болады.«Республиканы» аударса, тіптен басқаша болады :)
Malimetter
«Ол кісі еңбекпен бірге атақтың да зор ықпал ететінін ескермей ме әлде басқа ойы бар ма?» сұрақтар туды.
omarbirat
Дәмегерлердің бірі қазақ тілінен емтиханын тапсыра алмай қалыпты дейді.
asaubota
Қайсаров екен фамилиясы.