Dabaileaks-5: Астана

Dabaileaks дегеннің не екенін Wikileaks жобасын естігендер білетін болар. Енді не себепті ол dabai болды десек, dabai.kz сайтының белсенді мүшелері мен қазақ блогшылары бірігіп Алматы қаласында 19-20 наурыз күндері BlogCamp: Блог құрылтай өткізбек ниетте. Осы шараның жұмыстарын үйлестіру барысы көпшілікке ашық болу мақсатында dabaileaks деген тақырыппен жазбалар жарияланып жатыр.

Осы аптада Астанаға жолым түсіп, (жол қаражатына жәрдемдескен AGT-Қазақстан компаниясына көп рахмет) ондағы блогшылармен кездестік. Үйіне қонақ қылып, осы жазбаны жазу үшін интернетімен бөліскен Ерлан Оспан ағамызға да алғыс айта кеткенім орынды болар.

Алматылық блогшылардың сенбілік кездесулері дәстүрлі болса, астаналық блогшылар алғаш рет бір-бірін жүзбе жүз көрген екен. Төмендегі видеодан кездесудің бір үзіндісін ғана көре аласыз.



Суреттер Өркеннің фотоаппаратында болғандықтан, өзі жариялай жатар. Әйгерім де өз ойын жариялап үлгерген екен.

Басты мақсатым келгендерге Блог құрылтайдың форматын түсіндіру еді. Қаншалықты дұрыс түсіндіре алғанымды білмедім. Бірақ көпшілік мені ұғуға тырысқанын байқадым. Сол үшін бәріне үлкен рахмет.

Кімдер келгенін санамаласам, тізімім шұбап кетуі мүмкін. Десе де стол жағалай отырғандарды санамалап шықсам: Айжаннұр, оның сіңілісі, Мұрат Әбенов, Рауан, Кәмшат, Нұрғиса, Фазылбек, Әйгерім (AKY), Өркен, Аршат, Ерлан, Ержан аға, Виктория (иә, қара қыз :) ), Жандос, Рахат, Бекжан, Азат (wikikaz жобасы) және оның досы болды.
Әңгіменің негізгі өзегі Блог Құрылтай сайлау қарсаңында өтетін болғандықтан оның бір саяси, діни яки тағы басқа реңк алып кетпеуі үшін BlogCamp ережесін жасайық деп шештік. Таяу күндері Dabai.kz-ге сол бір қарапайым ережелерді жарялаймыз!
Айтылған ұсыныстар:
  • Ержан аға WiFi мәселесін шешуге ат салыспақ.
  • Мұрат аға ресми мекемеге ұсыныс керек болса, сол жағынан көмектесе аламын деді.
  • Нұрғиса аударма жағынан көмектесемін деді.
  • Кәмшат «Айқын» газеті ақпараттық демеуші бола алады дейді
  • Фазылбек те «Жас қазақ үні» ақпараттық демеуші болатынын айтты.
Блог құрылтай күні кешкісін воллейбол ойнасақ деген ұсыныс келіп түсті. Жақсы ой!!!

Жазбам шұбап кетпес үшін әзірге осымен шектелейін. Атқарылар іс өте көп. Құрылтай күні жақындаған сайын түйткілді мәселелер де шыға береді екен. Төзім мен сабыр керек екен! Бүгін кешке Алматыға қайтамын, инш! :)
Бөлісу:

21 пікір

qisyq
Күшті болыпты ғой кездесу. Енді осы минибарларға қатысушылардың басын бір қосып, аман-есен өткізіп алсақ шарамызды:)
urimtal
иі, ең бастысы әке-шешеден боқтамаса жарар еді… :)
Nurgisa
Күн боратып жатыр ғой елордамызда, сені жібергісі келмейтін тәрізді райына қарасаң :)
urimtal
пойыздатамыз, инш!
Nurgisa
Иә, Астана-Алматы арасы ең қолайлысы, сенімдісі пойыз.
Әдетте, «испанкімен» жолшылыққа шыққандарға қосарласып конверт, бандероль арқалаған тәуелділер жүреді. «Брат, мынаны жеткізіп тасташы» деп сұранатындар. Пәрәшөк сияқты ұнтақтардан абай боласың ғой. Абай бол, дабай :)
urimtal
іхм. Аулақ жүруге тырысайын.
sammita
Нұрғиса, неге екі рет айттың «аудармаға көмектесемін» деп. Әлде сенбей қойды ма:)))
patick
Сұрақ, Нұрғисаға емес, Асхатқа
urimtal
упссс, қазір жөндеп қояйын. Ескертекендеріңе рахмет!
urimtal
айтпақшы, Виктория мен Әйгерім де аударма жағынан көмектесеміз деп айтқаны екен ғой :)
yerbol89
Айжаннұрдың сіңлісі қараторы сұлу екен. Әттең осы кездесудің арасында біз сиақты бойдақтар болмағаны. Кездесуден кейін зып етіп, киноға алып кететін. )))) Былайша басқосу тамаша өтіпті. Шымқаладан жалынды салем!
Huan
Иербол қиялдағы қайнапаңның бөрік киіп отырғаны бүр түрлі екен, ия тамаша екен бас қосу!
Karakyz
Осыдан үш жыл турасында интернет таныстырған адамдармен бірінші рет көзбе-көз кездескен күн болды, үлкен рахмет деп қояйын)).

ЗЫ Рауанды бұрыннан танитын сияқтымын, өзі Оралдық емес пе екен, әлде басқамен шатастырып отырмын ба? деп сұрамақ едім, есімнен шығып кетіпті кеш соңында…
19852407
Каракыз, еш шатыскан жоқсың, Рауан Оралдыкі, Акжайық ауданынан.
Өзің де оралдықсын-ау ә?!))))
urimtal
Рауашты танитындар көп екен-ау :) 19852407 дұрыс айтып отыр. Рауан — Ақжайықтың жігіті!
Karakyz
Үш жыл көрмеген деп пе едім алдыңғы пікірде? Соңғы көргеннен араға ОН жыл салып құда баламды тауыппын ғой!!:))
19852407
Куда бала мен кудаша кыздын тамашасыз таркаскандары кызык бопты:-)
janarbek
бізде жоғымызды табысып жатсақ йә деп армандап қоиаиық(((())))