Блогкэмп-2011. 5 тиыным

BlogCamp: Блогкэмп-2011. 5 тиынымЖаман әдетіме басып, кешігіп бардым (жұмыстан кештеу шығып қалғам). Әрі кетсе 5-6 адам болатын шығар десем, ұзын үстелді қоршай 20 шақты адам отыр екен, кәдімгідей ыңғайсызданып қалдым. Араларында Қазақтелеком өкілдері мен депутат ағай да бар екен)) Анау – Нұрғиса, мынау — Өркен, қарама-қарсы – Ерлан Оспан. Бұлар «танитын» адамдарым) Кейін Аршат келіп қосылды. Қалғандарын мүлдем шырамытпадым. Артынан олардың жорналшылар екенін түсіндім.
Өрімтал блогкэмп форматын түсіндіріп, бірқатар мәселелерді көтерді (мысалы, тіркелмеген қатысушылар туралы). Басқалар өз ұсыныстарын айтып жатты. Мен тек тыңдауды білдім)).
Бұл блогкэмп дегенің, қандай қиын нәрсе деп ойладым)) Қатаң ереже қояйын десең, еркін шараға шектеу қойғандай боласың, ал бетімен жіберуге тағы болмайды)) Былай тартсаң, арба сынады, былай тартсаң, өгіз өледінің кебі.
Әйтсе де блогкэмп ережесін Дабайға ілу туралы шешім қабылданды. Сонымен қоса, блоккэмпте модератор керек пе деген сұрақ туындап, сауалнама жүргізілетін болды.
Айтпақшы, Нұрғисаның волейболдан жарыс өткізу туралы ұсынысы маған ұнады.
Аяғында ақырын ғана Өрімталға барып, ерікті көмекшілер тізіміне жазылдым.
Ұмытып барады екем, презентация тақырыбы жөніндегі тәуір идеясы үшін Өрімталға рахмет айтқым келеді.
Бөлісу:

8 пікір

Nurgisa
Жазбаң үшін рақмет!
Еріктілердің көп бола бергені жақсы :)
Әрбіріміз, Асхат айтқандай, түрліше сипатта және бағытта көмек көрсете берейік.
Ручка, қағаз, маркер әкелудің өзі де, былай қарағанда кішігірім логистика болғанымен, бұл да маңызды мәселе, мысалы.
Түйілетін басты ой: ешкім қонақ ретінде келмеуі керек, бәрі қатынасушы, бірдей дәреже және амплуада үлес қосуы абзал.
Айтпақшы, Асхатты мен сияқты қателікке бой алдырып, "ұйымдастырушы" деуден сақтаныңыздар! "Үйлестіруші" сөзі дәлірек келетін сияқты.
Ұрымтал Өрімтал бауырыма кешегі басқосуы үшін ізгі ықыласымды білдіргім келеді.
AKY
Мен де басында Ұрымтал деп оқығам)))
alisha
мен де солай ойлағам;)
Nurgisa
Жазбаға +1! :)
asaubota
дегенше рейтингің көтере салуға болады, неше рет оқылғанын көрсететін көрсеткіштің сол жағында тұр :)

жақсы отырыс болды, блогкэмптың не екенін түсінгендей болдық :)
Nurgisa
Негізі солай жасағанмын, әкімгер шырақ :)
Кеше шынымен біраз жаңа кісілердің дидарын көрдік, басым бөлігімен жаңадан қауыштық.
urimtal
кездесуге келгенің жақсы болды. Көп рахмет!
Marco
Он екі де бір гүлі ашылмаған кезі болса керек автордың. *lol*