"Ғажапсың, дүние, ғажапсың! Әттең, бірақ, аз-ақсың!"

-Бұл кім?
-Баяғы сортақ шал ғой…
-Сортағыңыз не? Қойыңыз…
-Жәәй, көз тимесін деп айтқаным ғой, ал былайша әлі де сері шалмын…

«Жүрейік жүрек ауыртпай...» драмасынан

Спектакльден кейінгі әсерімді жазбас бұрын, көп ойландым. Әр түрлі сезім мен сан түрлі ойлар… Бәрі де маңызды, бәрін де қамтығым келеді. Алайда жүректегіні түгелімен айтып-жеткізу ешкімнің де қолынан келе қоймаған шығар…
«Жүрейік жүрек ауыртпай...»- қырғыз драматургы Б.Жақиевтің туындысы. Ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілік басты тақырыбы дер едім ойлана-ойлана келе. Басты рөлде, яғни Қарияның рөлін Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Оразбаев Сәбит Қоңырбайұлы сомдайды. Сонымен қатар бүгін артистің-туған күні. Атаулы жас -75-ке толды! Сол жастың 60 жылын театр сахнасында өткізіпті. 75 жылдығын сахна төрінде кейіпкерін сомдап өткізуі жан-тәнімен театр өнеріне берілген актерге ұлыларға тән қарапайымдылық рең беріп тұрды.

Драмаға келер болсақ, оның көрерменге берері мол. Залдағы оқушы-балалардан бастап, қарт-қарияға дейін біресе демдерін ішке тартып таңырқап, біресе шалқая күліп, енді бірде көзге жас алды. Бар-жоғы бірер сағатта осыншама сезімге бөлейтін бұл бір театрдың қасиеті болар…

Өткен күнге өкініш спектакльдің тағы да бір қамтыған тақырыбы. Өкініш болғанда да — сағым. «Күлдіріп тұрып, жылататын, көтеріп тұрып құлататын» өмірдегі Қарттар үйінде күндерін өткізіп жатқан үш жетім-қариялардың іштен шыққан сырлары, монологтары жанды тебірентпей қоймады.

«Жетімханада (қарттар үйі) өткізген мың күніңнен гөрі, өз үйіңде өткізген бір күнің артық»-дейді келінін жоқтап жылайтын әжей; «Менде қызым да ұлым да бар еді… үйге келгенде „әкелеп“ еркелеуші де еді… бірақ, кішірек кездерінде. Сосын… сосын өсті ғой...»деп мұңын шығарады өз балаларымен үйінен қуылған шал; «Тағдырдың тәлкегін қарасай, кішкентайымда детдомда өсіп едім, қартайғанда өмірімнің қарттар үйімен тұспал келгенін...» деп зарығады жалғыз қызынан айырылған әжей.

Бұлардың қатарына қосылатын біздің қарт та өз баласы мен келінінен қыспақты көріп, өз еркімен «курортқа» аттанады.

Келіннің рөлін тамаша сомдап шыққан Данагүл Темірсұлтановаға ерекше апплодисмент) Арттағы көрермен-атаның басты рөлдегі Қарияның келінге айтқан сөздеріне «сол керек; дұрыс-дұрыс» деп тамсана қолдау көрсетіп отырғанына қарағанда, актриса бетпақ келіннің рөлін жақсы сомдап шыққан.

Жалпы театр әрқашанда көрерменді бей-жай қалдырмайды, ойландырып-толғандырып жібереді…

P.S көп нәрсе жазамын, тіпті бір постқа ұзақ болып кетеді деп ойлап едім, қысқа болып шықты:) сондықтан міндетті түрде өздеріңіз барып көріңіздер)
Бөлісу:

7 пікір

marzhan_kz
шынында да әсерлі секілді, қойылымның аты қандай әдемі еді… бір жолы түскенде көрмесем міндетті түрде, егер менсіз біліп қалсаңыз осында жаып қойыңызшы… театрды өте жақсыыыы көремін…
a63a1
-Бұл кім?
-Баяғы сортақ Абзалмынғой…
-Сортағыңыз не? Қойыңыз…
-Жәәй, көз тимесін деп айтқаным ғой, ал былайша әлі де сері Абзалмын…
araika
Жүрейік жүрек ауыртпай...
Драмалардың тақырыптары сәтті қойылады, сондай тартып тұрады көрерменін
Zhanylai
Өте әсерлі қойылым.Осы неге ене мен келін келісе алмайтынына таң қалам
AKY
Таң қалма, басыңп келіп қалуы мүмкін
balzaminka
осындай жүрек ауыртатын қойылымдарды көргім келмейді…
TERISKEY
маған тұк те ұнаған жоқ қойылым.