Қарттар үйінде "Отбасы күні" тойлана ма?

Қарттар үйінде де «Отбасы күні» тойланады екен. Жоғарғы соттың өкілдері қарттарға арнап керемет сыйлықтар сыйлады. Мекеменің өзін түрлі техникамен жабдықтады. Сый-сияпат тарту етіліп болған соң қариялар үшін мерекелік концерт өтті.

Қарттар үйі десе, балалары тастап кеткен, аяқ-қолы сау, тек дәрменсіз ғана ата-әжелер елестейтіні рас. Бірақ, Астана қаласының қарттар үйіндегі қариялар сол жерде өмір сүріп жатқанына өкінбейтін сияқты. Тек көздерінде аздаған мұң бар.
Бәрі билеп, ән салып, көңіл көтеріп жатқанда бұл мекемеде де өмірдің жақсы өтіп жатқанын көрдік…

Әрі қарай

"Ғажапсың, дүние, ғажапсың! Әттең, бірақ, аз-ақсың!"

-Бұл кім?
-Баяғы сортақ шал ғой…
-Сортағыңыз не? Қойыңыз…
-Жәәй, көз тимесін деп айтқаным ғой, ал былайша әлі де сері шалмын…

«Жүрейік жүрек ауыртпай...» драмасынан

Спектакльден кейінгі әсерімді жазбас бұрын, көп ойландым. Әр түрлі сезім мен сан түрлі ойлар… Бәрі де маңызды, бәрін де қамтығым келеді. Алайда жүректегіні түгелімен айтып-жеткізу ешкімнің де қолынан келе қоймаған шығар…
Әрі қарай