Сенбі. Кофеделия. MiniBlogCamp


Әәә, Қисық деген сен бе!?

Балғырған

Бұл сенбі алдындағы сенбіге қарағанда мен үшін сәттірек болды – кездесуге құлшына бардым. Не болғанын, не дегенімізді, қалай дегенімізді Өрімталдан кейін қайта айтып жатпай-ақ қояйын, тек өзіме қатысты тұстарына тоқталып, суреттерді берермін. Шағын БлогКамп біршама істің басын қайыруға, пицца жеп, шай ішуге, жеке өз басыма бұрын көрмеген адамдарымды көріп, көрісіп, көзайым болып, танысып, қауышып, қол сілкілесіп, бас изесуге көмектесті.

Қалдықыз, сыйлықтарыңа рахмет, сен берген магнит-тышқан тоңазтқыштың есігінде керулі тұр, ал мен шарфын шешіп алмақ болып тырысқан (мойынорағыштарды жақсы көремін) аққала-қоян жоғарғы полкадан көз тастауда.

Қағаз-қалам, футболка, баннер, тіркелгендер тізімі менің мойнымда. Сосын әкімшілік құжаттардың бір жағына шығамын. Әзірге осы. Нағыз ырс-ырс сол шараға бір ай қалғанда басталады ғой. Әзірге “тишина перед бурей”.

Суреттерді салып отыруға көп уақыт кететін болған соң, Фэйсбуктегі альбомыма салдым.
Бөлісу:

15 пікір

asaubota
дұрыс-дұрыс. сөйтіп саған арман болған Балғырғанмен кездестім де :)
Bekjan
Асхат Балғырғанмен кезедспеген бе сонда бұрын? Қой кездескен… Осыдан екі жыл бұрын Авард.кз болған кезде… :)
asaubota
мақала авторы Асхат емес сияқты ғой :)
Bekjan
Туу, жазудың авторы Қисық мырза екен ғой… Аршат, пікір түзететін фунция қосшы..Өтініш… :)
asaubota
пікір түзетілетін бір сайт көрсетші маған. менің білуімше пікір түзетілмейді, жаңасы жазылады.
Bekjan
Жүрейік сөйтіп жазу санын көбейтіп… Жұлдыз тағу мақсат емес қой… :) сосын осындай офтоптар көбейіп кетеді… :)
asaubota
пікірді өзгерткеннен кейін оған жазылған жауаптардың да мәні өзгереді ғой. сондықтан еш өзгеріссіз қалғаны дұрыс, түзету керек болса жаңасы жазылғаны дұрыс.
qisyq
Ой, айтпашы:) Мен үшін бір сәтті сенбі болды:)
urimtal
суреттердің кейбірін осында жарияласаң да болар еді. Бәрі бірдей fb-ға тікелмеген болар.

Тізімді қашан жариялайсыңдар?
qisyq
Міне, қазір соңғы тіркелгендерді қосып Аршатқа жіберейін деп жатырмын.
asaubota
фотоларды қарап шықтым, жақсы отырыс болған екен. мен ойлайтынмын блоггерлер жиналған жерде қазақша сөйлемейді, ішімдік ішеді деп. тым жақсы отырсыңдар ғой мында, тіпті қыздар жігіттер араласпай бөлек отырыпсыңдар. :)
yerbol89
Мен қанша тырыссам да суреттерді көре алмадым. Ареке суреттерді flip-ке немесе pics.kz салып MiniBlogCamp күнделіктерінен деп сурет жариялап тұратын блог ашылса екен. Суретті қанша қызығып қарайын десем де, онымнан түк шықпады. (((
asaubota
facebook-та тұр ғой суреттер
monti
неге ел суретке құмар осы? :-(
urimtal
енді Ерболдың көре алмай жүрген бір «блогершалары» бар шығар :)