Презентацияны қалай жасаймын?
Тіркелген қолданушылардың дені осы сұрақты қойыпты. Әрі тіркелген кезде "Әзірге белгісіз немесе тақырыбым нақты емес" деп жауап қалдырған.
BlogCamp-та презентация жасау не үшін маңызды?
"Әрі тақырып таңдаудың оңай жолы қайсы?" дегенге тоқталмас бұрын, осы уақытқа дейін тіркелгендер жайлы статистикалық мәліметтерге назар аударсақ. Содан кейін презентацияларға тоқталмақпын.
Дәл осы сағатқа дейін 35 интернет қолданушы «BlogCamp: Блог құрылтай — 2011» шарасына қатысуға ниет білдіріп, тіркелді.
Байқағанымыздай дені Алматы қаласынан, әрі тек жартысына жетер жетпесі ғана баяндама (презентация) жасауға ниеттеніп отыр. Бұл дегеніңіз, дәл қазіргі уақытта BlogCamp өтетін болса, әрбір екінші қатысушы баяндама жасайды деген сөз.
Презентация жасау міндетті ме?
Міндетті емес. Бірақ презентация жасап, ойыңмен, тәжірибеңмен, идеяңмен бөліссең, BlogCamp-тың пайдалы өтуіне үлкен үлес қосар едің. Интернет және қазақ тілі мәселесе көтеріле қалғанда "Өйту керек, бүйту керек" дегенді жиі естиміз. Бұл кездесуіміз жай ғана сондай бір шуылдақ жиналыс болмас үшін өз ойымен, идеясымен, жаңалығымен бөліскісі келетіндер презентация жасаса дейміз.
BlogComp-та мәселе көтеруге бола ма?
Болады. Әрине! Бірақ "Қазақ тілі неге дамымай жатыр?" «Интернет қазақ қоғамы үшін неге жұмыс істемейді?» т.с.с. жалпы сұрақтардан гөрі нақтылы мәселе қозғалса, әрі оның шешімін ұсынатын нақты адамдар болып, соларды тыңдасақ дейміз.
Қазір бірнеше қатысушы «Интернеттегі авторлық құқық» тақырыбының өзектілігін айтып отыр. Егер сол азаматтар бірігіп, презентация жасаймыз десе, сөзсіз оларды тыңдайтындар, тиісінше соларға ұсыныс айтатындар да табылады. Ең маңыздысы осы тақырыпты көтеретін адамдар әрі қарайғы жауапкершілікті өз мойындарына алуы керек екенін ұмытпаса дейміз. Сол себептен алғашқы BlogCamp-те көкейтесті мәселелерді көтергеннен бұрын, қызықты жобалары, пайдалы мәліметтері барлар білгенімен бөліссе, келгендер бір-бірімен емін-еркін араласып, танысса дейміз.
Бұл шара әдепкі конференция, жиналыс, семинар т.с.с. жиналыстардың ресмилік атмосферасынан ада болуына барынша күш салғымыз келеді. Сондықтан Қазақ интернетінде қордаланып жатқан мәселелердің түйінін тарқатқаннан гөрі, өзіміз тапқан оңтайлы жауаптарымызбен бөлісейік. Бірақ бұл мәселе талқыланбасын деген сөз емес. Егер бірнеше адамдар арасында Қазнет және қазақ тіліне қатыстыты әлдебір тақырып қызығушылық тудырып жатса, онда оны бөлек сессия ретінде қарастырып, талқылауға жағдай жасайық. Тыңдап, араласқысы келгендер қосылады.
Презентация қалай жасалады?
Презентацияға 15 минут уақыт беріледі. Әр залда уақытты есептеп отыратын арнайы қатысушылар болмақ. Одан кейін 5 минут пікіралмасып, келесі презентация жасаушыға орнын босатады.
Презентацияны слайд шоумен таныстырған ыңғайлы. Ерлан Оспанның «Жиналыстар анатомиясы» блогында слайды түсінікті «сөйлетуге» қатысты құнды кеңестер жазылған. Танысып шығуға кеңес береміз.
Презентацияма тақырып таңдай алмай отырмын...
Дәл осы сұрақты қайта-қайта қоя берген құрдасыма: «Егер осы презентация өміріңдегі соңғысы болса, өзіңнің осы уақытқа дейінгі Интернет саласында жинақтаған қандай құнды тәжірибеңмен бөлісер едің?» деп шошытқаным бар. Қалжыңдап айтқаным болса да, аз уақыт өтпей, аталған досым жап-жақсы тақырыбын ұсынды. Ең бастысы өзіңе ұнайтын, әрі өзгелер үшін пайдалы болатын тақырып болса жақсы. Бұл жиынды өзіңнің интернеттегі жоба(лары)ңды дамыту үшін тиімді пайдаланссаң «BlogCamp: Блог құрылтай -2011» сәтті өтті деген сөз!
Қосымша сұрақтарың болса, осы жазбаның астына пікір ретінде қалдырсаң болады.

3 пікір