08.QB Наурыз айында "блогомания" дүмпуі байқалды

Dean Cox түсірген суретАРБ, достар!
Құрылтайдан кейін есімді енді жиып жатырмын. “ Тойдың болғанынан боладысы қызық” дейді ғой, тойдан кейінгісі шыжық деп қосар едім. Үйтіп-бүйтіп қағаздардан құтылғандай болып отырмын. Соңғы екі аптада Құрылтайдың бітпей қалған жұмыстарын аяқтауға көмектескендерге де бір-бір ескерткіш орнату керек шығар :)Енді кішкене ғана бітпеген жұмысы қалды. Десе де алғашқы Блогқұрылтайды өз деңгейінде өткізген қыздар мен жігіттерге үлкен алғысымды жеткізгім келеді.
Ең үздік блог байқауында “Өрімтал” блогына дауыс берген оқырмандарға да алғысым шексіз.
Блог құрылтай “ Блогомания” синдромын алып келетінін болжау қиын емес еді.
Әрі қарай

Байқау! Байқау! Байқау!



Достар, наурыз айына жоспарланып отырған блогшылар құрылтайы таяп келеді. Егер дабай-ға қатысушы ретінде тіркеліп үлгерсеңіз, блогкэмп аясында өтетін блогшылар байқауына да қатысуға асығыңыз!!!

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ

Мақсат — қазнеттің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген блогшылар қауымын ынталандыру, блогосфераның дамуына жағдай жасау;

БАЙҚАУҒА КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?

Байқауға айына кемінде үш жазба жариялап тұратын, қазақ тілінде жазатын (немесе жазбасының 50 пайыздан астамы қазақ тілінде) кез-келген блогшы қатыса алады.

БАЙҚАУ ШАРТЫ

Байқауға қатысқысы келетін әрбір блогшы:
  • арнайы тіркеуден өтуі тиіс;
  • байқауға бір блогты тек бір ғана номинация бойынша ғана ұсына алады;
  • есесіне бір немесе одан да көп блогты қатыстырта алады;
  • сонымен бірге өзге де блогтарды ұсына алады.
Әрі қарай

БлогКэмп те БлогКэмп... жайлы бір ауыз сөз

BlogCamp: БлогКэмп те БлогКэмп... жайлы бір ауыз сөз
Блог құрылтай туралы әңгіменің, әңгіменің емес-ау, іс-тірліктің басталғанына бір аптадан кейін бір ай болады. Бір-бірін көрмесе де, бір атаның балаларындай (қуалап келсе, өзі де солай болатын шығар:)) болып кеткен блогшылар бандасы жақын болашақтың жарқындығына (өтетін жер, өткізуге керек қаржы, өткізетін адамдардың аз-көптігі, логистика, тағы басқа толып жатқан шаш ағартпаса да, бас қатыратын шара ұйымдастыру шаруалары) аса сенімді болмаса да, осы бір жауапты жұмысқа кірісіп кетті. Әзірге, жоспарланған қимыл-қозғалыстың жаманды-жақсы біршамасы атқарылған тәрізді. 
Маған дейін Блогкэмп жайлы Өрімтал өз блогында, Дабайда біршама пайдалы ақпарат жазған еді. Оған дейін Әлия, одан кейін Мақпал да біраз мәлімет жариялаған болатын. Бұрын Баркэмп жайлы ұзынқұлақтан естіп, семинар-конференциялардың деңгейінен асырмай жүрген өз басым осы шараның арқасында блогшыға қажет көптеген біліммен жарақтанып алдым.
Әрі қарай

Dabaileaks-1

Қалдықызға жасаған сыйлықтары үшін көп рахмет!

Coffedelia-да жиналдық. Алдында айтып өткенімдей, BlogCamp-ке қатысқысы келетіндерге оның форматы (әлемдегі BarCamp ne-conference форматы) қалай екенін әңгімелегім келген. Сөйтіп, барсам, біразы жиналып қапты. Кейбіреулер сағат 18.00-де деп түсініп ерте келіп, күтіп қалған екен. Ғафу етіңіздер!



Келсем, үстелде бір дорба сыйлықтар тұр. Қалдықыз бәрімізге сыйлық үлестіріп жатыр екен. Мен және Patick (тағы басқаларында да болған шығар) зырылдық ақ қоянды таңдадық. Жарыстырып көріп едік. Patick-тікі озып кетті. Таксссс. Бұл емес негізі айтпағым.
Әрі қарай

Презентацияны қалай жасаймын?

Тіркелген қолданушылардың дені осы сұрақты қойыпты. Әрі тіркелген кезде "Әзірге белгісіз немесе тақырыбым нақты емес" деп жауап қалдырған.

BlogCamp-та презентация жасау не үшін маңызды?

"Әрі тақырып таңдаудың оңай жолы қайсы?" дегенге тоқталмас бұрын, осы уақытқа дейін тіркелгендер жайлы статистикалық мәліметтерге назар аударсақ. Содан кейін презентацияларға тоқталмақпын.
Әрі қарай

BlogCamp: Блогшылар Құрылтайы 2011

BlogCamp: Блогшылар Құрылтайы 2011

Өткізетін орын нақты болмайынша хабарламай тұра тұрғанды жөн көрдік. Сонымен бүгін KIMEP-тегілермен сөйлесіп, олардың ауызша келісімін алдық. 19-20 наурыз күні Алматы қаласында (Блогшылар құрылтайын (BlogCamp) өткізетін болдық. Енді ресми қағаздарын толтырған соң, ресми жауап деп айтамыз ғой. :)

BlogCamp деген не?

BlogCamp — дүние жүзіне кең таралған жаңа медиа өкілдерінің жиыны. Ел ішінде түсінікті болуы үшін біз іс-шараны «Блогшылар құрылтайы» деп те атап отырмыз.
Әрі қарай