BlogCamp: Блогшылар Құрылтайы 2011

BlogCamp: Блогшылар Құрылтайы 2011

Өткізетін орын нақты болмайынша хабарламай тұра тұрғанды жөн көрдік. Сонымен бүгін KIMEP-тегілермен сөйлесіп, олардың ауызша келісімін алдық. 19-20 наурыз күні Алматы қаласында (Блогшылар құрылтайын (BlogCamp) өткізетін болдық. Енді ресми қағаздарын толтырған соң, ресми жауап деп айтамыз ғой. :)

BlogCamp деген не?

BlogCamp — дүние жүзіне кең таралған жаңа медиа өкілдерінің жиыны. Ел ішінде түсінікті болуы үшін біз іс-шараны «Блогшылар құрылтайы» деп те атап отырмыз.

Осыған дейін бірнеше елде өткен Баркэмптерге қатысқан едік. Сондай Баркэмптің біріне қатысқан Бақытгүл бұл іс-шараны өте дәл түсіндірген:

Barcamp — негізі IТ мамандар, блогшылар, жаңа медиа технологияларымен айналысатын мамандар, журналистер, студенттер, зерттеушілер қатысады. Олар өздерінің жобаларымен бөліседі, жасаған бағдарламаларын ұсынады, серіктестер табады, кейде бизнес жобаларға ұласады, жәй танысады, достасады т.б.

Жалпы атауы «баркемп» болғанымен, кей кездері ұйымдастырушылар іс-шараны нақты бір тақырыпқа бағыттайды, мысалы, тек блогқа (blogcamp), медиаға (mediacamp), IT мамандарына (icamp) т.б.

Негізі баркемп өткізудің өзіне тән кішкене талаптары бар:
1. Ең алғаш қызығушылық танытқандардың бәрі сайтқа тіркеледі.
2. Сол жерде пікірталас жүргізіп, виртуалды бәрін ұйымдастырады.
3. Баркемп туралы мәліметті өз блогтарында жариялап, хабардың таратылуына үлес қосады, достарын, таныстарын т.б. баркемпке қатысуға шақырады, шетелден немесе басқа қаладан келгендерге баркемп кезінде тұратын үй табуға көмектеседі немесе ұсынады, бірігіп спонсорлар табады (иә табуға көмектеседі).
4. Бірінші рет баркемпке қатысып отырғандар өздері иә біреумен бірлесіп презентация жасайды.
5. Сайтқа тіркелгендер өздерінің презентация тақырыбын ұсынады, сонымен бірге қандай тақырыпта презентация тыңдағылары келгендері туралы да жазады.

Басқа елдердің тәжірибесінен көрінетіндей, баркемптің негізгі 4-5 ұйымдастырушысы болады, олар бәрін өз айналасына виртуалды жинап, іс-шараның жақсы өтуіне бар күшін салады, және Көмекшілер (Help team) болады, қалаған адамның бәрі өз еркімен көмекші боламын десе есік ашық.

Яғни ең бастысы, баркемпке қызыққан, өз ойымен шын мәнінде бөліскісі келетін адам келеді деген сөз ғой.

Бұған қалай қатысамын?

Қатысу өте оңай. Осы сайтқа көп кешіктірмей тіркеу формасын жариялаймыз. Соны толтырып жіберсеңіз болды.

Ұйымдастурышысы кім?

Жоғарыда айтып өткендей мұндай форматтағы жиынның өтуі тікелей қатысушылардың өздеріне байланысты. Қатысушылар презентация жасап, ойларымен, тәжіриебелерімен, ақшаларымен бөлісіп, іс-шараға өз үлестерін қосуы тиіс. Екі қолын қалтасына салып, қонақ болып келген ешкім болмауы тиіс. Келген адам презентация жасауы тиіс, презентация жасауға шамасы келмесе, баяндамашыға сұрақ қоюы керек, оған да шамасы келмесе, қабырғаға шеге қағып, баннер жабыстыруы керек немесе көлігі болса, келген қонақты күтіп алу, өз үйіне қонақ қылдыру, қатысушыларды тіркеу т.с.с. көмектерін қосуы тиіс.

Сонда...

Иә, негізгі іс шараның үйлестірушелері бар. Олар алтын уақыттарын осы іс-шараның барынша ойдағыдай өтуіне жұмсаймыз деп, келіскендер:

Алматылық топ: Асхат [urimtal], Ербол [azanbekov], Дінмұхамед [qisyq], Мақпал [maqpal], Мейіржан [kazprose], Салтанат [balgyrgan]

Астаналық топ: Өркен [orkenegro], Аршат [asaubota]

Қалай көмектесе аламын?

БАНЕР: дәл қазір банер жасап жатырмыз. Соған қатысты ойларың керек.

АУДАРМАШЫ: Демеушілерге жіберетін мәтінді олар түсінетін тілге (орыс, ағылшын) аудару керек болып тұр

ДЕМЕУШІ: Басқа қаладан келуішілердің жол және жататын орын шығынын және BlogCamp барысында қажет болатын канцтауарлар т. с.с. заттар және байқауларға кететін қаржы, блогшылардың жаңа жобаларын қолдау үшін демеушілер іздеуіміз керек.

ЕРІКТІЛЕР: Бұдан өзге де әрбір қатысушыға жұмыс табылады. Тек қолынан не келетінін айтса болғаны. КІМ ДАЙЫН?

Пысы. Dabai.kz осы іс шараны ұйымдастыруда арнайы алаң ретінде пайдаланбақшымыз. Әрі blogcampkz деген қолданушы атынан ресми мәліметтер жарияланып отырады.
Бөлісу:

12 пікір

timurrr
Тамаша!
Түсінбегенім, «Ерлан Қарин деген жігіт ұйымдастырып жатыр» деген қауесет шықпап па еді осы? Ендеше демеуші неге керек? Дампқа түсіндіріп қойыңыздар…
Атыраулық топ ретінде Нұрболат Сыртыңнан айтқаныма ренжіме, келісесің деген ойдамын) екеумізге не шаруа атқару керек?
Мықты аудармашы емеспін, дегенмен тырысып қарайын. Жол ақысы, жатын жер туралы ойым мынадай — Әркім қалтасынан ақша шығармайынша, ол құрылтайдың мәні болмайтын сықылды. «Билет, жатын дер, тамағымды беріп тұр ғой, барып қайтайын. Нағыз болмаса алматыны (Астананы)көріп келермін» деген секілді тоғышарларды асырап не керек? Шын ҚазНетке үлес қосқысы келе ме? Шығын шығарсын! Дайын асқа тік қасық болуға әркімнің шамасы келеді. Бұл айтып отырғаныма келіссеңіздер де, келіспесеңіздер де болады. ИМХО ғой. Мен үшін бәрібір. Қай-қайсысына да дайынмын. Тек жұмыс бабымен ауылдан кетіп қалуым мүмкін.
urimtal
Менің ойымша, Ерлан Қариннің ұсынысына қатысты мән-жайды Өркен алдағы жазбалардың бірінде басын ашып түсіндірер.

Ең бастысы, BlogCamp ешқандай саяси шара емес, әрі ешбір саяси партияның сойылын соқпайтынын алдын ала басын ашып алғанымыз жөн.
timurrr
Дәл солай, құрдас! Сосын «Саясат, үкімет, билік» осы үш терминсіз өтсін.
aizhan
Ағай, презентация дегенді дәлірек түсіндіріп жіберіңізші, проект, жобаның презентациясы ма? алдындағы сіздің идеяңызды жетілдіріп алып шықса бола ма?
blogcampkz
Болады, Айжан! Ойыңда жүрген жобаңды қалай жүзеге асыруды білмесең, сол жайлы да жасасаң болады. Қатысқандар ойларын білдіріп, көмектесер. Мүмкін жасағың келіп отырған презентацияның бір шетін шығарып, жазба арнасаң, өзгелер де ой қосып қалар.
balzaminka
Сәлем, баршаңызға сәттілік тілей отырып сұрағым келгені, онлайн жүйесінде өткізуге болмай ма екен?
urimtal
Сәлем! Тамаша ой екен! Жылдамдығы жақсы интернет ұсынатындар табылып жатса, онлайн жүйесінен де көрсетіп отыруға болады.
yerbol89
Мысалы мен презентация істеп көрмеппін. Қалай жасау керектігі жөнінде. Менің поштамаша алдын презентация істеп көпген жандар болса, өздерінің жұмысымен бөліссе, қалай жасау керектігі жөнінде хабардар болсақ. Рахмет! yerbol89@gmail.com
urimtal
Ербол, еш қиындығы жоқ. Қаласаң, көмектесейін. Осы жайлы жаңа Blogcamp қауымдастығында жазба жарияланды.
muza
Ен алдымен казакша ресурстарды кобейту ушин интернет газети деген угымдар калыптастырса сол жерде.Ресми газеттердин емес абай.кз сиякты казакша ресурстар кобейсе екен.Жане оларды белгили бир саяси партиялар немесе саяси уйымдар емес озимиздин казаки менталитетин бойына синирген ага-апкелеримиз баскарса.Айтпесе казирги танда бири тек кана Ак десе бири де тек кана Кара дей беретин болды.Арнаулы бир блог жуэсин курса.Кашангы вордпрессте журе береди барша.Дабай.кз сынды бирак будан аукымды бир жоба болу керек.Бир Аршат каншага жетет.Жане адам саны кобейген сайын Дабай.кз-тин де серверинин акырындайтынына сенимдимин.Серверди мемлекет баскарып бирак акпаратына тиспейтин болса.

Жане де кейбир кытайдагы, европадагы казактар Латын ариптерин колданады.Казакстанда да бар латын ариптерин колданушылар.Соларды бирингай бир жуйеге тиркесе жаксы болар еди.Айтпесе кейде окуга киналып жатамыз.

Тагы да бир маселе википедия-дагы казакша акпарат санын кобейту.Гоогле транслейтке казакшаны косу ушин атсалысу керек деген маселелер козгалса екен…
muza
Тагы бир айтарым онлайн конференция туринде отсе коптеген шетелдерден алматыдан алыс калалардан косыла алатын еди.Жане конференцияга тикелей твиттер хабарлама системасын косу аркылы сурак коюды онайлатса немесе пикир билдируди.Сонда адамдар кыска да нуска накты айткысы келгендерин жазар еди.
umirbek
Кеш жарық! Демеушілерге жіберетін мәтінді бізге жібере аласыздарма? Бір шейринг жасап линк қалдыра салыңыздар:)