ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ БЕЙМӘЛІМ БЕТТЕРІ...

Мүмкін журналистиканың қайнаған ортасында жүрмегендіктен шығар, осы кезге дейін қанша журналист жазбасын оқысам да, түнгі журналист деген ұғыммен немесе тіркеспен қарсыласып көрмеппін. Түркияның ақпарат айдынына шыққанына қырық жыл өткен «Түркия» аталатын газеттегі бір мақаланы оқыған соң ғана онсыз да жүгі жеңіл емес мамандықтың түнгі тілшілік деп аталатын тәуекелі көп һәм де ауыр саласы бар екенін көзім жетті. Аталған қиын саланың жүгін көтеріп жүрген тілшілеріміздің көпшілігіміз біле бермейтін ішкі сырын, хал-ахуалын байқату үшін Құртбай Онур атты түрік журналисінің жазбасын сіздерге ұсынуға бел байладым.
Құртбай Онур еңбек жолын 1994 жылы Ыхлас ақпарат агенттігінде түнгі тілші (ночной корреспондент) болып бастады. 1995 жылы Inter Starда түнгі тілші қызметін атқарды. Бұдан кейін біраз уақыт Канал Е телеарнасында түнгі тілші болды. 1997 жылдан бері Түркия газетінде спорт, өнер, мәдениет, ақпарат бөлімдерінде қызметін жалғастыруда. 2004-2007 жылдары үш жыл қатарынан «жылдың хабары» сыйлығын иеленген. Үйленген, бір ұлы бар.
КЕШКІ ЖОРТУЫЛ
Түнде жұмыс істеу сені адам атаулыдан айырады, жалғызсыратады. Түн сені шаршаған үстіне шаршатады. Түнде дос аз, қарсылас және хабар көп.
Қараңғылық, суықтық, тұйықтық және стресс.Асфальт жолдар ызғарлы, дымқыл. Сен ыстық мейірім атаулыдан ұзақтатады.
Мамандығымнан шалғай, әріптестігі жоқ бір досым бірде «Бүтін журналистиік өміріңде қанша өлі көрдің» деп сұрады. Көз алдымнан сұрқай суреттер киноның лентасы секілді жылжып өтті.
Күйген, автокөлік қаққан, апатқа ұшыраған автокөлік ішінде қалған, жоғарыдан секірген, ұрылған, уланған… Мыңдаған… Мыңдаған…
Қазір маған бұны да әңгіме деп айтып отырсың ба дер, бірақ басқаша қалай жеткізем?
Сізден сұрайыншы, өміріңізде қанша рет шашылған мый паршаларын, қан көлін жаңылысып бастыңыз?
Қанша рет бір адамның жан-жаққа шашылған қолын, аяғын денесін жинадыңыз?
Қанша рет көзіңіздің алдында бір адам көпірдің кенарынан өзенге тура атылды? Қанша рет осындай қараңғылықта жылт етіп барып, жоғалған, жан берген адамды сол аралықта фототаспаға жаза алдыңыз?
КӨШЕЛЕР ҚАСІРЕТКЕ ТОЛЫ… ОЛ КЕШТЕРДІ АҢСАЙМЫН БА ЕКЕН?
Бүгінге дейін сұп-суық түнде қабырғалардың түбінде «анаммммммм, әкемммммм қайдасың?» деп өксіген жетімдермен сөйлестіңіз бе? Тым құрыса бір тіленшімен наныңды бөлістіңіз бе? Олармен әңгіме болсын деп бірге сорпа іштіңіз бе?
Сыртқа қуылған, суықтан тісі-тісіне тимей дірілдеп, іші от боп күйген қариялармен дерттестіңіз бе?
Күйеуі ұрып, үйінен қуған, мұздан суық паркетте еріндері дір-дір еткен жас ана мен үш-төрт жасар қызының көзіндегі үрейді байқадыңыз ба?
Кім зорлағаны, кім тонағанынан өзі де бейхабар турист әйелдің абдыраған қарасына назар аудардыңыз ба?
Бахчеліевлердегі қанның ішінде жатқан әйелді қайтып ұмытайын. Аналары көз алдарында өлтірілген екі сәбиді құшағыма алып, бастарынан сипағам, бірақ олар аңсаған шапағат менікі емес екені бесенеден белгілі…
Сол түні «тақырыпты жабу» үшін аналарының өлі денесін суретке түсіргем. Жақсылық емес-ті әрине.
Шындығыңызды айтыңызды, құбырға тасталған денесі әлі суып үлгермеген нәресте көрдіңіз қанша рет? Қанша рет бақытсыз бір шарананы құшақтадыңыз?
Тек сүйгеніне бару үшін ғана тышқан уын ішкен арудың басынан өткенін тыңдадыңыз ба еш?..
… Сүлеймание ескі бір мекен-ді асылында. Тұманды бір түнде ол жердің жұпар иісті ағаштары кесілді, жағылды. Бірер күн өткен соң автопарк болды ол жер.
Бір күн бұрын жастанған манолия ағашы бүгін жайма базар саудасы үшін әжетке жарап тұр. Сөре боп.
Көшелерде ешбір қорқыныш жоқ. Өткенімізді де, келешегімізді де бізден тартып алуға асық.
Бағджыларда Жүзжыл аталатын полиция бөлімшесінде Ержан ағабей бар-ды… Бір үйде кәрі ата пышақталып өлтірілген екен. Олар бөлімшеде, бізде көліктің ішінде екі сағат ішінде қылмысты ашып ек. Сенесің бе, құдай қосқан көршісін алтын үшін шімірікпей өлімге қия салған.
Кейбір түндері көшеде тоңып өлген қария, балалар көрерсіз...Қазір әкемін… Ұйқысыз кештерде, бауыр етімнің — баламның үстін қымтаған әке…
Тұманды түндерде «хабар аңшылығына» шыққан күндерді сағына ма екем?
Білмеймін…
Гази махалласы, Нұртепе, Кайытхане, Сарыгази, Умраниеде бірінші мамырдағы шабуылдар, дау-дамай, басып алу. Бар, павильон операциялары.
Заңсыз митингілерде һәм көтерілісшілерден, һәм полициядан жеген таяқ…
Баскесерлерден, маскүнемдерден, есірткі сатушылардан естіген бопса, балағат…
Есірткі сатуға қатысы бар Долапдере бандасының түсірген бір-ақ шаршы суретім үшін Таксим шағынауданында ауруханалық болғанша соңымнан қалмай жабылып мертіктіргендері.
Әке шешенің балаларына, балаларының ата-анасына, бауырдың бауырға, достың досқа жасағандары…
Кешкі тілшілік жас кезімде жалғанды, алдауды, опасыздықты, жан ашымастықты ащы бір дәмде үйреткен тұғын маған.
«Алайда мен соғыс тілшісімін» дегендерден сұраймын, «Сіздің көргеніңіз соғыс та, ал менікі не?»
Жазатын әлі көп нәрсе бар, алайда…
Хатшылар пішпей тұрғанда нүктесін қояйын.

Өз дәмінде қалсын...
Бөлісу:

7 пікір

admin
ал бізде журналист түнде интернетте отырып материал іздейді :)
nurbergen_makym
Және күндіз жинаған мәліметін аударады да, Арчи!))))))))))

Бізде түнгі журналистке сұраныс бар ма, өзі?! Айына бір-екі рет, сәйкесті құзырлы органдармен рейдке шығу болмаса, былайғыны естімеппін де. Сұраныс болып жатса, келісер едім, негізі, бойдақ шағымда…
admin
біздегі журналистиканы негізі шетелдегімен салыстыруға келмейді ғой. шетелдегідей газет күнде шықпайды, сондықтан жаңалық, хабар іздеп жүрген «аш» журналист көрмейсің.
nurbergen_makym
… ақпараттық порталдардағыларды айтып ем да)))))))) «Нұр Отанның» брошюра-рупорларын емес
admin
ақпарат порталдары жұрт не жазды екен деп іздеп отырады, сосын алады да өз сайттарына көшіре қояды. жұрт материалдың негізгі жарияланған жерінен емес көшірілген жерінен оқиды. сосын отырады ЕҚ басшылары құсап неге ана біздің сұхбатты Абай кизетте соншама адам оқып, соншама пікір жазылған, ал бізде неге аз деп. :)
nurbergen_makym
Өштім!))))))))))))))))))))))))))))))
aktobe88
оныңыз рас, админ ағай,