Жас қаламгерлерді оқимыз ба?

Жас қаламгерлерді танимыз ба?

Бүгінгі күні жастарымыз біртіндеп кітап оқуға бет бұрып келе жатыр. Олардан кітап жайлы талғамын сұрап көрдіңіз бе? Əрине, əрқайсысы нені қалайтынын əрқалай айтқысы келеді. Бірақ та барлығына ортақ бір нəрсе ХХ ғасыр əдебиетін оқып тауыса алмай жатыр. Ол дегеніміз жақсы нəрсе, бірақ, арамыздан шығып жатқан жас дарындардың туындыларын біреу білсе, біреу біле бермейде. Ескеретін нəрсе — болашақта жарқ етіп кітапхана төрінде тұратын туындылардың авторы солар болмақ. Жəне сол деңгейге жету үшін олардың да оқырманы көп болу керек, түрлі сыншылардың критикалық көзқарасынан шыңдалып, одан əрі тəжірбие жинау керек. Оқырманы не тыңдарманы көп кез-келген өнер иесі таңғаларлық дүниелерді жасауға тырысары анық. Солардың бірі Оңтүстіктің жас қаламгері ақын, шығармаларға да ебі бар талант Ерболат Айнабеков. Ал сіз оның мына бір керемет əңгімесіне қандай баға берер едіңіз:
Әрі қарай

Есімін ұмытып тұрмын

Қазіргі заманда әлеуметтік желі арқылы танымал болу оңай. Бастысы, ешкімге ұқсамай, креативті болу. Байқап жүрген шығарсыз бос уақытымызда интернетті ермек қылғанды жақсы көреміз. Инстаграм мен фейсбукке бір кіріп-шығуымыз 3-4 сағатқа созылып кетеді.
Блог - DinaAbdigalieva: Есімін ұмытып тұрмын
Өз басым ғаламтор арқылы әйгілі болған адамдарға қызығам. Өмірлері қызықтырып, таусылмайтын кітап парақтары секілді елестейді. Бірақ менің басымнан да қызық жағдай өтеді деп ойламаппын. Жексенбі күні құрбым екеуміз базар жаққа бет бұрдық. Ананы-мынаны қарап, керек заттарымызға зер салып жүрсек. Қасыма бір кісі келді. Өкінішке қарай, есімін ұмытып тұрмын.
— Сәлем, сен Динасын ба? Абдигалиева Дина?
— Сәлеметсіз бе. Иә, бірақ сіз кімсіз?
— Сен мені танымайтын шығарсың, бірақ мен сені танимын.
— Қайдан?:Q:Q:Q:Q
— Сіз менде фейсбукте барсыз.
Үш ұйықтасам да түсіме кіріп шықпайтын оқиғаға тап болдым. Шынымды айтсам, басында шошып кеттім. Бұл кісі мені қайдан біледі деп))) Шытырманға толы жаңалықтарды тым көп көріп қойдым ғой деймін. Ең соңында «сельфиге түсейік» дегенде, тіпті, ұялдым да қалдым. Бірден " Жо-жо-жооқ" деген жауабымды бір қайырдым да қойдым. Бейтаныс кісілермен көп сөйлесе бермеуші едік. :J Өмір болған соң, неше түрлі тосын-сыйларға толы болады екен. :j

P.S.: Әлеуметтік желіні де өз орнымен пайдалану керек!!!
Әрі қарай

Бұл инновацияларға басымды қасыдым

Блог - Medium: Бұл инновацияларға басымды қасыдым

Инновациялар жайлы мақаламды даярлау кезінде басымды да, бір әрпін өзгерткендегіні де қасытқан өнертабыстарға кезіктім.
Солар жайлы бір шоғыр, ендеше. Бонустық мақала. *Angel* *demon* 8-)

Ойын автоматтарын бұзуға арналған технология. 2007 жылы

Әрі қарай

Киллер

Киллер сөзін бала кезімде кинолардан естіп, әйтеуір жақсы сөз емес екенін білгенмін. Кейін оқушы кезімде бұл сөздің "өлім, өлтіру" деген сөзден шыққанын ағылшын сабағынан білдім. Бірақ мен бұл сөздің мағанасын айқындағалы отырған жоқпын, Асқар Алтайдың «Киллер сауысқаны» жөнінде айтқалы отырмын. Бұл шығарманың мазмұнында жазбаймын, өздеріңіз оқып алыңыздар.
А.Алтайдың бұл туындысы өте тамаш және ерекше. Сауысқан киллер десе киллер екен. Шығарманың атын қоюда біраз ойланыпты жазушы. Содан баласы оқып шығып, сауысқаныңыз киллер екен дегенде, сол сөз ұнап қалып, «Киллер сауысқан» атанады шығарма.
Шығарма лирикалық шегініс негізінде жазылған. Бас кейіпкердің сауысқанды киллер етем деп, өзі өмірдің зардабын көруімен аяқталады.
Қазақ әдебиетіне фантастикалық элементтерді енгізіп жүрген жазушы А.Алтайдың «Киллер сауысқаны» оқушысына көөп нәрсені ұғындырады. Әсіресе ұлттық құндылық, қазақы наным, қазақы намыс. Кітаптар әлемі: Киллер
Әрі қарай

Жаңа оқырман

Блог - ManarbekElubaev: Жаңа оқырман

Сәлем достар! Блог - ManarbekElubaev: Жаңа оқырман

Бұл кім деп тұрған шығарсыздар… Есімім Елубаев Манарбек. Осы сайтқа жаңадан қосылғам.

Блог - ManarbekElubaev: Жаңа оқырман

Бұл сайтты мен Google ден тапқам. Бір кіргеннен сайт ұнап қалды. Атына заты сай. Қызық десе қызық ақ… Бұл сайтқа енді көптеген мәліметтерді салып отырамын.

ЕЛубАй МаНАрбЕк
Әрі қарай

Қызық!

Қызық! «Өмір өтіп бара жатыр» деп жиі налимыз, бірақ жүрегіміздің түбіне терең үңілсек, сол өмірдің шынымен өтіп бара жатқанына өкініш таппаймыз.
Қызық! Қолымыздағы 100 теңге садақа үшін беруге көптік етеді, ал «100 теңгеге базарға барып сауда жаса» десе күлкіміз келеді.
Әрі қарай

Бурабай бардым не көрдім

ескерту: пост Бурабайдан шықпайтын қасқырларға емес, өзім секілді жаңа барғандарға арналған.


Өткен сенбі, жексенбі коллегалармен Бурабайға бардық. Негізгі сылтауы — мекемеміздің 10-жылдығы және журналисттер күнін кешігіп болса да тойлау болғанмен, негізгі себебі — мына жүгірісі мол пендеяуи өмірден сәл болса да босап, ұялы телефонды өшіріп тастап демалып қайту болды.
Әрі қарай

МҰНЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР


ДЖУЛИЯ КУИН «ЯРЧЕ СОЛНЦА» махаббат жайындағы қызықты романдардың бірі. қысқаша мазмұнын айтып өтсем. Қыздарға егер сымбатты «кавалер» аяғына құлап, үйленуді ұсынса қатты ұнайтыны сөзсіз. Ал егер де сол кавалер тура мағынада қыздың аяғына жақындағы бір ағаштан құласа не болмақ?! Таныстықтарының өзі осындай оқиғамен басталатын Чарлза Уиком, яғни граф Биллингтон мен Элеонора Линдонның алдарында не күтіп тұр екен. Бірін бірі танымайтын бұл адамдардың ортақ қайғысы табылып, сол арқылы өмірлік жар болып кетеді. Бірі әкеден қалған мұраға ие болу үшін, енді бірі өгей шешенің қармағына ілінбеу үшін үйленулеріне тура келеді. Бірақ, есеппен құрылған некелері әрі қарай махаббатқа ұласатынына сенесіз бе?! Қалайша некелескен жат адамдар бір біріне ғашық болады?!!! Оларды алда не күтіп тұр, деген сынды сұрақтарға осы романнан ӨТЕ ҚЫЗЫҚТЫ жауап аласыздар. оны мына сілтемемен жүктесеңіздер болады. www.ladylib.net/anonsi/istor/kuin_dzhuliya_yarche_solnca.php
Әрі қарай

Мүмкін және Мүмкін емес нәрселер

Сәлем достар. Бұл жазба маған өте қызықты болып тұр. Мүмкін емес нәрсе әлемде көп. Мен солардың бірін жаза кетейін. Ал сіздер де жаза кетіңіздер. Міне:

Ит мысықты туу мүмкін емес.
Голландия 1-рет болса да әлем Чемпионы атануы мүмкін.
Қазақстан Әлем Чемпионына баруы мүмкін бірақ 1-ші орынды алуы мүмкін емес.
Футболдан Криштиану Роналдудан озып кететін футболшы болуы мүмкін емес.
Армиядан қашып кету мүмкін емес.
Месси мен Роналду бірге «Алтын допты» алуы МҮМКІН ЕМЕС…
Аш ит адамның өзін жеп қоюы мүмкін.
Иттің көзі тоюы мүмкін емес.
Акула китті жеңуі немесе жеп қоюы мүмкін емес.
Балықты қармақсыз аулау мүмкін емес.
Әйгілі Париж мұнарасы Эйфельге қолмен өрмелеп шығу мүмкін емес.
Адам машинадан озып кетуі мүмкін емес.
Адамға күш өздігінен пайда болуы мүмкін.
Ит пен түлкі бір жерде жатуы мүмкін емес.
Қазақстан әйгілі ойын Америка Футболын ойнауы да мүмкін.
Киноны 1-күнде түсіріп 1-күнде жарыққа шығару мүмкін емес.
Самир Насри Арсеналға қайтып келуі мүмкін емес.
Ақылмен алтын табылуы мүмкін, ал Алтынмен ақыл табылуы мүмкін емес.
Тасбақа жыланнан озып кетуі мүмкін емес.
Сусыз өмір сүру мүмкін емес.
Агентте Мой Мирді бұзу ешқашан мүмкін емес. Тек қана ХАКЕРЛЕР бұза алады.
Репті тоқтамай айту мүмкін емес.
Көзді ашып түшкіру мүмкін емес.
Музыка адамның миын улауы мүмкін.
Шекараны бұзып өту мүмкін емес.
Біреуге жала жабу оңай, бірақ оны дәлелдеу өте қиын болуы мүмкін.

Месси Пелеге жету мүмкін емес. Ал Роналду Диего Армандо Марадонаға жетуі әбден мүмкін.
және т.б. болуы мүмкін. Әрі қарай өздеріңіз де Мүмкін және Мүмкін емес нәрселер жаза кетсеңіздер.

Әрі қарай

Баста да талай қызық бар...

«Адамның басы — Алланың добы» десек, дүниеде ең ерекше жаратылған доп — осы болса керек-ті. Білгенге Алла бар сезім мүшелерін, адам денесін басқару «пультін», ағзаға қажетті «жанар-жағармайды» қабылдайтын қақпаны да осы бастың үлесіне беріп қойған. Бірі кемістік етсе, бүкіл дене ақсайды. Десе де, бастың қадіріне барып жүрміз бе? Көз, құлақ, мұрын, тіл, тіс — қай-қайсысының да қызметін молынан пайдаланғанымызбен, күтіміне келгенде, кержалқаулаумыз. Қадірін қойып, оның құпияларын да біле бермейміз-ау осы. Ендеше, бүгінгі әңгімені өзіміз өмір бойы өңгеріп жүретін басымыздың біз біле бермейтін қырлары жайында жалғайық...
Әрі қарай

Елдер мен жерлер туралы қызықты мәліметтер

1. Мұздың тығыздығы бетонның тығыздығына тең.

2. Лас қар таза қарға қарағанда баяу ериді.

3. Ауаға қарағанда мәрмәр дыбысты он есе жақсы өткізеді.

4. Ауаға қарағанда болатта дыбыс он бес есе жылдам тарайды.

5. Таза алтын өте жұмсақ, оны қолмен майыстыруға болады.

6. Ыстық су салқын судан ауыр.

7. Кавказда қарбызды тұздайды.

8. Құрамында ең суы көп көкөніс – қияр.

9. Қара шайға қарағанда көк шайда С дәрумені 50 пайыз артық.

10. Қыста ағаш өспейді.

11. Бір түп ащы жусанда 100 000 тұқым бар

12. Жаңа үзілген алма суға батпайды.

13. Швейцарияда орден, медальдар жоқ.

14. Кувейт пен Катарда табыс салығы салынбайды.

15. Ұлыбританияда конституция жоқ.

16. Ең суық астана – Улан-Батор.

17. Сауд Арабиясында бірде-бір өзен жоқ.

18. Рим атты қала барлық континентте бар.

19. Территориясында шөлі жоқ Таяу Шығыстағы ел – Ливан.

20. Шөлі жоқ жалғыз құрлық – Европа.

21. Ең биік 25 шыңның он тоғызы Гималайда.

22. Экватордан бастау алып, теріс қарай ағатын жалғыз өзен – Ніл.

23. Жердегі ең жылы теңіз – Қызыл теңіз.

24. Вашингтонда адамнан телефон көп.

25. Малайзияда жол полициясы жоқ.
Әрі қарай