Елдер мен жерлер туралы қызықты мәліметтер

1. Мұздың тығыздығы бетонның тығыздығына тең.

2. Лас қар таза қарға қарағанда баяу ериді.

3. Ауаға қарағанда мәрмәр дыбысты он есе жақсы өткізеді.

4. Ауаға қарағанда болатта дыбыс он бес есе жылдам тарайды.

5. Таза алтын өте жұмсақ, оны қолмен майыстыруға болады.

6. Ыстық су салқын судан ауыр.

7. Кавказда қарбызды тұздайды.

8. Құрамында ең суы көп көкөніс – қияр.

9. Қара шайға қарағанда көк шайда С дәрумені 50 пайыз артық.

10. Қыста ағаш өспейді.

11. Бір түп ащы жусанда 100 000 тұқым бар

12. Жаңа үзілген алма суға батпайды.

13. Швейцарияда орден, медальдар жоқ.

14. Кувейт пен Катарда табыс салығы салынбайды.

15. Ұлыбританияда конституция жоқ.

16. Ең суық астана – Улан-Батор.

17. Сауд Арабиясында бірде-бір өзен жоқ.

18. Рим атты қала барлық континентте бар.

19. Территориясында шөлі жоқ Таяу Шығыстағы ел – Ливан.

20. Шөлі жоқ жалғыз құрлық – Европа.

21. Ең биік 25 шыңның он тоғызы Гималайда.

22. Экватордан бастау алып, теріс қарай ағатын жалғыз өзен – Ніл.

23. Жердегі ең жылы теңіз – Қызыл теңіз.

24. Вашингтонда адамнан телефон көп.

25. Малайзияда жол полициясы жоқ.
Бөлісу:

35 пікір

Aldeken
Кавказда қарбызды тұздайды.
Кәрістер қарбызға спирт құйып қысқа қарбыз арағын дайындайды… акцизсалығынссс…
Marco
Ирандықтар, біздің лимонды қантқа былғап, шайға қосқанымызға жыртылып күлгені бар. Сөйтсем, олар лимонды тұзға былғап тамаққа қосады екен)))
Simona
Ноғайлар тұзды шайға қатып ішеді.
AL-ASTER
Ол қалай? Жәй шәйға тұз салып іше ме?
Simona
Сүт те қосса керек. Дос қызым қоймайтын, сондай бір дәмді шәй демдеп берем саған деп. Әлі ішіп көрмедім.
FaraOn1
Фархат атаның фанаттары да сөйтеді
AL-ASTER
Ең суық астана — Ұлан Батыр, екінші біздің Астана ғой)
AL-ASTER
АйтпақЧ, Ұлан Батыр демекЧ, Ұлан Батыр деп қазақ зиялылары қойды ғой?)
izbasar
Иә, Тұрар Рысқұлов ағамыз. Қызыл батыр деп.
satibaldi
25. Малайзияда жол полициясы жоқ.
Неткен Тәңірі қарасқан құтты мекен болды бұл? Асан қайғының кесенесі сонда емес пе кездейсоқ?
satibaldi
20. Шөлі жоқ жалғыз құрлық – Европа.
Андалусия ше???
salta
Монаконың ұлттық оркестірінің саны, әскерінен көп екен. тағы да бір қызық, 1983 жылдан бері бала туу фактісі тіркелмеген жалғыз ел бар — Ватикан…
satibaldi
1983 жылға дейін нетіп қойған иятсыз манақтар болған ба сонда?
salta
онысын білмедім…
FaraOn1
Әлі күнге тіркелмеген ба?
satibaldi
24. Вашингтонда адамнан телефон көп.
Мынауың енді өтпей қалд, өтірік болғасын емес, жәй, түсінікті нәрсе ғой. Мысалы Алматыда есіктер тұрғын үйлерден 10 есе көп. И че? Қуаншиш нақ.
asaubota
қыста ағаш өспейді?
Gulzhanat
Хе) бұл енді, очевидный нәрсе. Бойына су жүрмесе, күннен қуат ала алмаса…
satibaldi
19. Территориясында шөлі жоқ Таяу Шығыстағы ел – Ливан.
Территориясында шөлі жоқ Таяу Шығыстағы ЖАЛҒЫЗ ел ме, әлде жәй, терриотриясында шөлі жоқ па?
salta
Францияда қуыршақ міндетті түрде адам бейнесінде болу керек, егер болмаса, мысалы инопланетянның түрімен, ондай қуыршақ сатылмайды. қатаң тыйым салынған…
satibaldi
7. Кавказда қарбызды тұздайды.
Қарбызды қаззақтар да тұздайды, талай жегенмін де. Осыны да әңгіме деп!!!
Aldeken
Кавказда қарбызды тұздайды.
Не ғо, бұрын шекер (қант, секер, песөк, құмшекер) арзан уақытта қарбыздан варенье де қайнататын ауылдағылар…
Gulzhanat
Бірнеше жыл бұрын Қытайда өткен сұлулық конкурсына қатысқан қыздар: «Самое ужасное, чем нас угостили — арбуз в майонезе», -деген еді сұхбаттарында, брррр!!!
salta
2003-2008 жылдар аралығында Канада БҰҰның шешімімен өмір сүруге ең ыңғайлы мемлекет болып жарияланыпты. одан кейінгі жылдарды білмеймін…
AL-ASTER
Сосын кен ғой, иммигранттарды құшақ жая қарсы алуға ынта білдіргені)) Былайша, бәрі БҚШқа ағыла берген соң, екінші Американы ашпақ болған болар
Robin
Адамдар сияқты құмырсқалар да жауларымен соғысады..
salta
егер Калифорния штаты жеке мемлекет болғанда, экономикасы дамыған елдер қатарында 5 тұрады екен
izbasar
61 солтүстік ендік, 61 градус шығыс бойлықта Орал қаласы орналасқан?
izbasar
Швейцарияда орден, медальдар жоқ.
Біздегідей мереке сайын марапаттаулар жоқ. Бір қызығы марапаттауға бізде ылғый бастықтар бір бірін ұсвынып бір бірін құттықтап жуып жатудан жалықпайды.